400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Роботтехника (сайыс сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабаққа қатысты сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: информатика

Сабақ:

Мектеп: 7 орта мектеп


Күні: 26.01.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Жубандыкова Ұ.Н.


Сынып: 5

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы:

Роботтехника (сайыс сабақ)


Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

5.3.4.3 робототехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктеріне мысалдар келтіру;


Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:



Робот техникасы негіздерін түсінеді, роботтардың түрлерін және пайдалану салаларын зерттейді. Робот техникасының тарихын және болашағын біледі.



Оқушылардың басым бөлігі:



Механиканың дамуы және адамзаттың техникалық жетістіктері қандай екенін біледі.



Кейбір оқушылар:



Робот техникасы негіздерін, техникасының түрлерін оның ішіндегі LEGO MINDSTORMS EV3Education топтамасымен танысады.


Тілдік мақсат

Оқушылар:


Негізгі сөздер мен тіркестер:


Робот, датчик, зияткерлік, механика, оптика, термодинамика, магниттік құбылыстар, радиобайланыс.


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Талқылауға арналған тармақтар:


  1. Роботтың негізгі үлгісін құрастырудың бізге берер пайдасы туралы не айта аламыз?



Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Роботтың болашақтағы алар орны қандай болады деп ойлайсыңдар, шынында бізге робот керек па?


Жазылым бойынша ұсыныстар:


Жазу үшін ойға салу: Тұрмыста роботтардың қолданылуы, роботтың жұмыс принциптері


Робот техникасы негіздерін, техникасының түрлерін оның ішіндегі LEGO MINDSTORMS EV3Education топтамасы туралы дәптерге түртіп алу.


Алдыңғы оқу

Робот техникасының тарихы және болашағы.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы Кіріспе бөлім:

7 мин


І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

«Шаттық» шеңберін құрғызу. Оқушылар бір-біріне ыстық тілек айтады




Ортасы

Негізгі бөлім:

10 мин

«Миға шабуыл»



Жеке жұмыс

Мұғалім әрекеті

Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі.

Осы сайыс арқылы сіздер логикалық ой-өрістеріңізді дамытып, шапшыңдыққа, жеке және топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа ұмтылатын боларсыздар деп үміттенемін.

1-кезең. «Таныстыру»

Бұл кезеңде топ басшысы өз тобының мүшелерімен, тобының атымен таныстырады

2-кезең. «Кім жылдам?»

Бұл кезеңде Сіздер роботтехника бөлімінде өтілген тақырыптар бойынша 7 сұрақа жауап бересіздер. Мұнда сұрақтарға дұрыс жауап беріп қана қоймай , жылдамдық таныту қажет.

1. Робот дегеніміз не?

Робот (чех тілінен аударғанда robota – еріксіз еңбек, rob – құл) – тірі организм ретінде құрылған автоматты құрылғы. Ол байланысатын және әрекет ете алатын, ойлай білетін, қабылдай алатын машина.

2. Роботтың негізгі түрлері қандай?

Өндірістік робот, Медициналық робот, Тұрмыстық робот, Әскери робот, Робот-мұғалім

3. Өндірістік роботқа анықтама беріңіз

Өнеркәсіпте адамдарға ұқсамайтын, бір орында тұрып жұмыс істейтін стационар роботтар жиі қолданылады. Оларға робот-станоктар, өндірістік желілер және манипуляторлар жатады

4. Медициналық роботқа анықтама беріңіз

Хирургиялық ота жасау, тамырға дәрі жіберу, массаж және т.б. жұмыстарға қолданылады. Ең танымал хирургиялық робот – Да Винчи. Оның көмегімен бірнеше хирург-операторлар жоғары дәлдіктегі оталарды жасайды.

5. Робот - мұғалімге анықтама беріңіз

Мұғалімнің көптеген қызметін атқарады. Мысалы, дауыстап оқиды, бірнеше тілде сөйлейді, тапсырмалар бере алады. Мұндай роботтар әзірше адамның эмоциясын ажыратып, ол сияқты ойлай алмайды. Оқушыларды ынталандыру, сыныпты басқару сияқты қызметтерді орындай алмайды.

6. Тұрмыстық роботқа анықтама беріңіз

Ауыр жұмысты жеңілдетіп, көмекші қызметін атқарады. Бұл роботтар хатшы болады, бөлмелерді тазалайды, жануарлардың қызметін атқарады. Мысалы, кейбір бұйрықтарды орындай алатын робот-ит, робот-шаңсорғыш, т.б. бар

7. Әскери роботқа анықтама беріңіз

Әдетте қашықтықтан басқарылады және ерекше қауіпті жағдайларда адамды алмасыра алады. Бұл роботтарға робот-минатазалаушы, робот-танк, робот-санитар және т.б. түрлері мысал бола алады.


4-кезең. «Ғажайып алаң»

Тақтадағы ұяшықтарда

информатика пәнінен, робот техникасынан және қызықты сұрақтар берілген.

Информатика 10

Компьютердің негізгі құрылғыларын ата

Жауабы:

Информатика 20

Ақпаратты екілік кодтау түрлерін ата

Жауабы: Мәтіндік, сандық,графикалық

Информатика 30

Графикалық редактор нешеге бөлінеді және атап өтіңіз?

Жауабы: Графикалық редактор 3-ке бөлінеді. Расторлық, векторлық, фракталдық

Робот техникасы 10

Роботтехниканың бірінші буыны туралы ақпарат беріңіз

Жауабы: Бірінші буынға программамен басқарылатын роботтар жатады. Алғашқы программалық роботтар 1960 жылдары өнеркәсіпте қолданылды. Бұл роботтар адамның араласуынсыз тәуелсіз жұмыс істей алмайды.

Робот техникасы 20

Роботтехниканың үшінші буыны туралы анықтама беріңіз.

Жауабы: Үшінші буынға «ақылды» немесе «зияткер» деп аталатын роботтар жатады. Роботтардың бұл буыны басқару жүйесінің күрделілігімен және жасанды интелектімен ерекшеленеді.

Робот техникасы 30

Роботтехниканың екінші буыны туралы анықтама беріңіз

Жауабы:екінші буынға сезімтал роботтар жатады. Бұл роботтардың алдыңғы буыннан айырмашылығы олар сыртқы сенсорлық датчиктердің едәуір үлкен жиынтығымен қамтылған.

Қызықты сұрақтар 10

Роботтың әлем мойындаған туған күні

Жауабы: 1966 жыл

Қызықты сұрақтар 20

Робот қозғалысын бастар алдында гироскопиялық датчиктің ағымдағы көрсеткішін 0-ге қою керек. Неге?

Жауабы: Әйтпесе робот қозғалғанда гироскопиялық датчик бұрылу бұрышы мен бұрылу жылдамдығын қате өлшейді.

Қызықты сұрақтар 30

С.А.Лавочкин атындағы мәшине-құрылыс зауытында алғаш рет жасалған, Ай бетінде сәтті жүріп өткен тарихтағы алғашқы аппарат

Жауабы: «Луноход-1», 1970 жылы.





Интербелсенді тақта, презентатция, смайликтер

















Әр дұрыс жауап берген оқушының тобына 2 ұпайдан беріліп отырады

Аяқталуы

Қорытынды бөлім


Кері байланыс «Поезд»



Кері байланыс

2 мин


Үйге тапсырма

1 мин

Роботтың суретін салу


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс


А –деңгейіндегі оқушыларға жетелеу сұрақтарын қолдану.

С-деңгейдегі оқушыларға Роботты құрастыру үшін қызығушылығын арттыратын тапсырмалар беру

Бағалау.

Топбасшыларынан критерий арқылы бағалау қорытындысын сұраймын.

1.Белсенділік танытқаны үшін

2.Маңызды пікір айтқаны үшін

3.Сұраққа жауап бергені үшін

4.Регламентті сақтағаны үшін

5. Робот құрастыруда белсенділік танытқаны үшін.

Топ басшылары өз топ мүшелерінің жинаған балдарын әдістер бойынша арнайы жасалған бағалау парақшасы арқылы есептеп, бағалайды. Қорытынды бағаны жариялайды.

Математика

Ағылшын тілі

Физика


Рефлексия (2 мин.)

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ мақсаты SMART-қа сай құрылды.

Оқушылар роботтың негізгі үлгісін құрастыруға белсене атсалысып тиімді шараларды қолдана алады.

Берілген уақыт ішінде үлгердім, сабақтың мақсатына сай нәтижеге жеттім.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
1325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі