Тақырып бойынша 31 материал табылды

Роботтың сызық бойымен қозғалысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Роботтың сызық бойымен қозғалысы Топтық жұмыс Жеке жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Роботтехника

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 5

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Роботтың сызық бойымен қозғалысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.3.3 – робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану

Сабақтың мақсаты:

Түс датчик жұмыс істеу принципін түсіну

Роботтың сызық бойымен қозғалатын жарысының талаптарын білу

Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программа құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Роботтың сызық бойымен қозғалысы


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу.

Автоспорт спорт жарыстарының түріне жатады. Бұл жарықса жеңіл автокөліктер және жүк көліктері қатысады.

Робот алғаш пайда болған уақытынан бастап, олардың арасында түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Солардың бірі және кең тарағаны- сызықтық бойымен қозғалыс жарысы.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.



Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сызық бойымен қозғалатын роботты құрастырып, программа жазу үшін жарыстың талаптарын білуіміз керек.

Роботтың сызық бойымен қозғалатын жарысының талаптары:

  • Жарысқа қатысушы робот берілген траектория бойынша басынан аяғына дейін жүріп өтуге қабілетті дербес робот болуы керек.

  • Сызықтарды жүріп өтуге жұмсалатын уақыт 2 минуттан аспауға тиіс.

  • Жарыс кезінде робот алаңдағы қара сызықтың бойымен қозғала отырып, кедергілерден өту арқылы аз уақытта ең көп ұпай жинауы тиіс.

Роботқа қойылатын талаптар:

  • Роботтың көлемі 25 см х 25 см, салмағы 1кг –нан аспауы тиіс.

  • Жарыс басталғанда робот толық дербес болуы керек.

EV3 роботы қара сызықтың бойымен тұрақты қозғалуы үшін программада шексіз цикл қолданылады. Робот қара сызықтан шығып кетпеуі үшін түс датчигін орнатамыз. Жарысқа қатысатын роботты бір немесе екі түс датчигімен жабдықтауға болады.

Бір түсі датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу алгоритмі.

Роботтың алдыңғы бөлігінің дәл ортасына түс датчигі орнатылады. Түс датчигі бар робот төмендегідей қозғалыс жасайды:

  • Робот қозғалыс кезінде қара сызықты басқанын түс датчигі арқылы анықтап, бірінші моторымен ақ бетке бұрылады.

  • Робот қара сызықтан шығып кетіп, түс датчигі қара сызықты көрмей қалса, онда ол екінші моторымен қара сызыққа қайта бұрылыс жасап кіреді.Робот қара сызық бойымен иір сызық жасап қозғалады.

Көрсетілім. Осы алгоритм бойынша программа төмендегідей құрастырылады.


Жеке жұмыс. 1-тапсырма.

Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программа құрастыру.




Топтық жұмыс. 2-тапсырма.

-Автокөліктер мен роботтар арасында өтетін жарыстардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айта аласың?


Мұғалімді тыңдайды











































Дескриптор:

- Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программа құрастырады.


Дескриптор:

-Автокөліктер мен роботтар арасында өтетін жарыстардың ұқсастықтарын айтады;

-Автокөліктер мен роботтар арасында өтетін жарыстардың айырмашылықтарын айтады.














































6 балл














4 балл


Интербелсенді тақта



компьютер

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

барлығын түсіндім

Бір нәрсе түсінемін, бірақ

бәрін емес

Түсінбедім, қайталап қарау қажет


Өзін-өзі бағалау.



Үй тапсырмасы

§ 4.1-4.2,





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.01.2025
192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12