400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рөлдік ойынды өзін-өзі тану сабағында саралау әдісі ретінде қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
мақалада өзін-өзі тану сабағында рөлдік ойынды саралап оқыту әдісі ретінде қолдану тәжірибесімен бөлісу мақсатында өткізілген шеберлік сағаты туралы баяндалған. Бұл мақала өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне сабақтарында қолданып жүрген рөлдік ойындардың оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мен қатар, рөлдер арқылы даралап, оқушы бойындағы қасиеттерін ашуға көмектесу, қолдау, өзін тануға, дамуына ықпал ету және адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу арқылы дұрыс әрекет, жағымды қарым-қатынас жасау, сыни ойлау, өзгенің ойын құрметтеу және т.б. дағдылары мен қабілеттерін дамытуда тиімді тәсіл екенін көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рөлдік ойынды өзін-өзі тану сабағында

саралау әдісі ретінде қолдану


Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңызы артуда. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл - ой деңгейімен белсенді әрекет арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Жеке тұлғаның ақыл – ойын, танымдық үрдістерін жетілдірудің, әлеуметтендіру мен жан – жақты тәрбиелеудің көрсеткіші ретінде бағаланатын оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекетін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.

Рөлдік ойын- оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға арналған Рөлдік ойындарды саралау әдісі ретінде сабақтың әр кезеңінде қолдану бүгінгі таңда оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, мәселені шеше білу, пікірталас жүргізе білу қандай деңгейде болса да қарым-қатынас жасай   білу,   қажет жерде өз  көзқарасын  өзгерту  топ алдына шығып  өз тұжырымын айта білу,  ойын қорғай  білу  қабілеттерін  дамытады. Менде өз тәжірибемде рөлдік ойындарды жиі қолданамын, себебі, оқушы ойын барысында ашылуға, білім алуға, біліктілігін дамытуға ешбір тежеусіз дайын. Тапсырмаларды ортақ орындағандырымен әрқайсысының өзі орындайтын рөлдері болады. Мысалы, зерттеуші, ұйымдастырушы, суретші, спикер, жазушы, ақын, ғалым, отбасылық рөлдер, адвокат, сот төрешісі және т.б. бұл рөлдер оқушыға өзін топта сенімді ұстауға, жауапкершілігін арттыруға, образға ену арқылы бойындағы қасиеттері мен қабілеттерін тануға, зерттеуге, болжауға, талдауға, шешім шығаруға ынталандырады.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасында көзделетін басты мақсат - әрбір баланы өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-құлық ерекшеліктерін ұғына білуге, өз әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай мүмкіндікті мұғалім сабақтағы әрбір кезеңді жоспарлау барысында ескере отырып,  оқушының қабілеті, бейімділігі әр түрлі болғандықтан оқытудың саралау әдісін қолдану тиімдірек болады деп есептеймін. Осындай өзімнің тәжірибеммен бөлісу мақсатында мектепте ұйымдастырылған «Ұстаздар идеясы» фестивалінде «Отбасы» тақырыбы бойынша рөлдік ойынды саралау әдісі ретінде қалай қолданғаным туралы шеберлік сағатын өткіздім. Жалпы саралап оқыту әдісі туралы әрбір мұғалім біледі, себебі күнделікті тәжірибесінде қолданады. Менің көздеген мақсатым, рөлдік ойын арқылы сабақтың әртүрлі кезеңдерінде саралау әдістерін көрсету болды. Әріптестерімді өз қалаулары бойынша 5 адамнан «Ғалымдар», «Жазушылар», «Актерлар» тобына бөлінулерін өтіндім. «Микс» жаттығуын орындау барысында «Ғалымдар» тобы «Отбасылық рөлдер» тақырыбын жан - жақты қарастырып, адам өмірінде басты құндылық екені туралы ойларын, бүгінгі таңда отбасыларында «әжелердің» рөлінің бала тәрбиесінде маңыздылығын оқушылардың түсінуіне ықпалы зор екендігін ментальді карта жасау арқылы айтып өтті. «Жазушылар» тобы «Қонаққа келіңіздер!» ойын жаттығуы негізінде «Бір отбасы өмір сүріпті...» ертегісін құрастыру және сахналау барысында отбасылық дәстүрлердің бала тәрбиесінде өз тарихына, отбасына жауапкершілікпен қарау, отбасы мүшелерінің бір-біріне жақындығын бағалау, құрметтеу, қолдау көрсетудің маңыздылығын тусінуге ықпал ететіндігін көрсетті. «Актерлар» тобы «Қыздар мен ұлдар» рөлдік ойыны негізінде ата-аналарының мінез-құлықтарының себептерін жақсы түсіне білуіне жағдай жасау мақсатында «Бүгінгі күнің қалай өтті?» - сауалына жауап берулерін көрсету арқылы отбасы үйлесімділігін, бір-біріне деген сүйіспеншілікті, әрқайсысының бір-бірінің өмірінде алатын орнының ерекшелігін оқушы рөлдік ойын арқылы түсінуіне, білімін жетілдіруіне отбасы туралы тереңірек ойланып, сыйласымды қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуына септігін тигізетіні туралы ой бөлісті. Саралап оқытуда рөлдік ойынның тағы бір ерекшелігін сабақта кері байланыс ретінде қолданудың табысты екендігін «Адвокат», «Прокурор», «Сот төрешісі» ойынын ұйымдастыру арқылы көрсету болды..

Қорытындылай келе, әрбір қатысушы өзі таңдаған рөлді ойнай отырып, шеберлік сағатында қолданылған тәсілдер бойынша пікірлері, ұсыныстары, бағаларымен ой бөлісу барысында саралап оқытуда рөлдік ойындар оқушылардың жан-жақты, сыни көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға ретінде дамуына, өз ойын еркін жетізуде сөйлеу шеберлігін, ұсыныс айта білу дағдылары мен бағалау дағдыларын дамытуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдыларын жақсартуда, оқушының қызығушылығы мен ерекшелігін ескере отырып, сабақты жоспарлауда қолданылатын тиімді тәсіл екеніне тағы бір көз жеткіздім.



Найманова Кульяш Кененовна

Өзін-өзі тану мұғалімі,

Семей қаласындағы НЗМ



























































Қолданылған әдебиеттер:

  1. http://kzref.org/bafdarlamasi-sillabus-pen-ojinni-pedagogikali--psihologiyali-n.html?page=3

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі