Күні 04.09.2018ж
Сыныбы. 9 «А,Ә»
Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығымен ел болашағы!
Сабақтың арқауы: Мен – мәдени
ұлттық игіліктер патриотымын
Сабақтың мақсаты: Рухани
жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық
құндылықтарды
жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар
рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін
біледі.
Міндеті: Отанымыз туралы білімдерін
кеңейту, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу,өз ойын ортаға
салу.
Күтілетін нәтиже:
-Білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік , «Мәңгілік Ел» ұғымдарын меңгертуге көмектесу;
- Сабақта оқушылар өздерінің
шығармашылық қабілеттерін кеңірек
ашады;
-Жастардың бойында жоғары патриоттық сананы
қалыптастыру;
- Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.
-Өз Отанының тағдырына өздері болашақта жауапты екенін саналарына сіңіріреді;
-Білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;
Көрнекілігі: Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген слайдтар, Қазақстан Республикасының картасы, интербелсенді тақта , суреттер, слайд, бейне таспалар, оқулықтар, буклеттер, шар, плакаттар т.б
Пән аралық байланыс Әдебиет,
тарих, георафия, музыка т,б
Барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі
Кіріспе сөз 1Мұғалім: Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! Құттықтай отырып зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан , бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз.
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығымен ел болашағы!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Әнұран орындалады
Психологиялық ақуал;
«Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз!» әдісі арқылы сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
2 мұғалім Мектебіне шәкірттер ағылады,
Сана, білім сусаған табылады.
Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,
Ұстазына жеткенше сағынады.
Жүректері тұратын лүпіл қағып,
Мұғалімдер оларды күтуде анық.
Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,
Осы шақты аңсайды бүкіл
халық.
«Ұстаз» мәнерлеп оқу
ЖанысШарапат
Негізгі бөлім
2Мұғалім
Қазір әлем жылдам даму үстінде. Десек те, заман өзгерген сайын, біздің ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгіге қалуы керек. Бұл бізді басқа елдерден ерекшелеп тұратын басты құндылықтарымыз. Яғни, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Бұл, әрине, еліміздің жастарына қатысты мәселе. Себебі, жастар – ұлттық құндылықтарымызды жалғастырып, ғасырдан-ғасырды жалғастыратын буын.
Қазіргі күні ұлттық құндылықтарын сақтаған, сонымен бірге, бәсекеге қабілетті, білімді жастары бар мемлекет қана табысқа жете алады. Сондықтан да, еліміздің әрбір азаматы жаңа заманда көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылуы керек. Білімнің салтанат құруы баршаға ортақ үрдіс болуы тиіс. Сонда ғана, жүрісі жылдам дәуірде әлем елдерімен иық теңестіруге, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға мүмкіндік туындайды. Бүгінде тек жеке адам ғана емес, бүтін бір ұлт бәсекеге қабілетті болса, табысқа жетуге мүмкіндік алады. Сол үшін де, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» және «Мәдени және конфессияаралық келісім» жобаларын арттырудың маңыздылығы артып отыр.
3 Мұғалім: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сәуірде «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, бағалай отырып, жаңғырта дамытуға үндейтін, іргелі бағдарламалық бағыттағы құжат.
Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады. Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы бейнеролик арқылы Серік Аяулым мәлімет беріп өтеді.
3 Мұғалім: Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.
Маңызды саяси оқиға – Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Соңғы Жолдаудың ерекшелігі сонда, ол бізге жаңа әлем – Төртінші өндірістік төңкеріс әлеміне бейімделуіміз үшін қандай шараларды жүзеге асыруымыз қажеттігін айқындап берді. Жаңа 2018 жылдың табалдырығында тұрған еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне ендік, Бүкіләлемдік Қысқы универсиада болды, EXPO – 2017 халықаралық көрмесін де сәтті өткіздік. Өткен жылдың басында Елбасының бастамасымен Конституциялық реформа жүргізілді. Қазақстан экономиканы жаңа деңгейге көтеретін Үшінші жаңғыруға қадам басты. Мәні терең, кең ауқымды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатқа сәйкес жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен бірге, ассамблея да елдегі маңызды оқиғаларға белсене араласуда. Мемлекетіміз осыған дейінгі жетістіктермен шектеліп қалмақ емес. Еліміз алдағы уақытта да дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуді тоқтатпайды. Әлемдік кеңістікте жалғыз өмір сүрмейміз, сондықтан дүниежүзінде қалыптасқан саясатпен санасу қажет. Президенттің Жолдауында елдің одан әрі дамуы үшін әбден ой талқысынан өтіп, уақыт тезімен түзелген нақты қадамдар ұсынылған. Жолдауда Мемлекет басшысы жүзеге асыруымыз үшін нақты 10 тапсырма берді:
Олар: 1.Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы «» тиіс.
2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
7. Адами капитал – жаңғыру негізі.
8. Тиімді мемлекеттік басқару.
9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Этномәдени бірлестіктер ғылым, мәдениет, білім, экономика, құрылыс, денсаулық сақтау, елдің қоғамдық-саяси өмірі секілді түрлі салаларда жетістіктерге жетті. Бүгінде олар Қазақстанның дамуы мен көркейе түсуіне өз үлесін қосуда. Жолдауда айтылған тапсырмалар Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен басқа да құрылымдары жүзеге асыратын жұмыстардан айқын көрініс табатын болады
1 Мұғалім «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді». Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
8 Ә сынып коллаж қорғайды
Ән «Көк тудың желбірегені»
1 Мұғалім: Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.
«Қазақстанның болашағы – менің болашағым!» тақырыбында коллаж жасайды (постермен жұмыс)
«Ассоцация» тәсілі. Патриот – бұл .......
«Жобалау пікірталасы» Мен - патриотпын! Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Патриот болу нені білдіреді? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба? (Оқушылардың пікірлері)
3Мұғалім: Сұрақ-жауап ойыны.
ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар , шаңырақ, жұлдызша. күн
Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
Елдің негізгі Заңы (Конституция).
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
Конституция күні? – (30 тамыз)
Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
Қорытынды:
Оқушылардың өлең шумақтары
1Мұғалім: Оқушылар әрқашанда сендер бірге болуларын керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.
Ән «Жасасын өмір»
2 Мұғалім:Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Руани жаңғыру

шағым қалдыра аласыз