жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Рубик текшесі (кубик Рубика)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы
Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық
моделдеу
Секциясы: Қолданбалы математика
Тақырыбы: Рубик текшесі
Авторы: Кожияхметова Айдана
9 «А» сынып оқушысы
Приречное ЖОББМ
Жетекшісі: Алпыспаева Гульмира Смагуловна
Математика пәнінің мұғалімі
Приречное ЖОББМ
2015 жыл
Мазмұны
Кіріспе ……………………………………………………………….. 3
Теориялық бөлім ……………………………………………….. 2
2.1. Эрно Рубика өмірбаяны ……………………………………. 4
2.2. Рубик текшесінің тарихы ………………………................... 5
2.3. Рубик текшесінің механизмі ………………………………..6
2.4. Рубика текшесін жинау тәсілі ……………………………7
2.5. Спидкубинг – жарысы …………………………………..13
Практикалық бөлім ……………………………………………………15
3.1. Анкета алу ………………………………………………….15
3.2. Рубика текшесін құрау ……………………………...16
3.3. Сынып ішілік жарыс өткізу ………………………………….17
Қорытынды …………………………………………………………...18
Қызықты мәліметтер ……………...………………………………..19
Қолданылған әдебиет ……………………………………………...20
Кіріспе
Мен 11 жасқа толғанда үлкен апайым туған күніме кубика Рубика сыйлады
да «егер осыны жинап үйренсен жақсы болар еді, менің туған күніме сол сыйлық болар еді» деді. Мен ол кезде ол қалай жиналатыны түрмақ қалай аталатынын да білмедім. Ойыншықты ары бұрап бері бұрап бірталай әурелендім. Осы жайлы бірінші энциклопедияны қарап «Рубик текшесі» деп аталатынын таптым.Содан кейін интернеттен ол туралы көп білуге тырыстым. Әрине қазақша тілде мәлімет аз, орысша оқып оны аударып көп әурелендім, бірақ Рубик текшесін жинауды үйрендім.
Жұмыстын мақсаты:
зерттеу жүргізуді және ақпаратты табуды үйрену
алған білімдерін практика жүзінде қолдана білу
Жұмыстың міндеттері:
Рубика текшесінің тарихын білу;
Рубикана текшесін құрастырған адам жайлы;
логикалық басқатырғыш ойын құралының құрылымы;
сыныптастарымның арасында анкета жүргізу ;
кубик жинау бойынша сыныптастарыма оқыту өткізу;
қорытынды жасау.
Теориялық бөлім
2.1 Эрно Рубика өмірбаяны
Басқатырқыш ойыншықтарының арқасында Эрно бүкіл әлемге танымал болған адамдардың бірі. 1974 жылы ол ойлап шығарған нәрсе – «Рубик текшесі» оның бүкіл өмірін өзгертті. Әлі күнге дейін осы басқатырғыш балалар арасында да, ересектер арасында көп пайдаланады және танымал болып табылады. Эрно Рубиктің басқатырғыш әзірлемелер қатарыдна "Жыланшық Рубика" (Змейка Рубика) да бар.
Эрно Рубик 1944 жылы 13 шілдеде Венгрияның Будапеш қаласында дүниеге келген. Әкесі Эстергом қаласында заводта авиоинженер болған. Ал анасы керісінші – поэтесса болған.
Эрноның бала кезінен ақ ғылымға деген дарына байқала бастады және оқуға деген талпынысы зор болды. Көп ұзамай Эрно Рубика жоғары білімі алуға мүмкіндік туып - 1967 жылы венгр техникалық университетінің инженерлік факультетін бітірді. Содан кейін ол өз ісін ауыстырып мүсінші оқуын оқи бастады. Бүл салада да ол үлкен жетістіктерге жетіп, сәулетші мамандығын алып жұмыс әстей бастады.
Сәулетші маманы болып көп жыл еңбек еткенен кейін Эрно Рубик баспатда өз кұшін сынамақ болып - бір журналдың редакторы болып орналасып, онда түрлі қызықты басқатырғыштар, жұмбақтар, ребустар жариялады.
1983 жылы ғалым және өнертапқыш логикалық басқатырғыш ойын құралының әзірлеп және дайындайтын өзінің жеке студиясын ашты,
90-шы жылдардың басында Рубик мектепте ұлттық білім беру саласын белсенді дамытуға кірісті. Эрно әріптесі Янош Гинстлермен венгрия техникалық академиясын құрды, ол әлі күнге дейін жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Эрно Рубик (Rubik Ernő) әр түрлі бейне ойындарды әзірлеуге қатысады, сәулет тақырыбы бойынша түрлі мақала жазады. Әр түрлі уақытта профессор "Кошутовская сыйлық", " Денис Габора атындағы Сыйлық " құрмет наградаларымен марапатталған, және басқа да премиялар көп алған.
Эрно
Кубиктің
қазіргі
бейнесі
Ең
алғашқы қалпына келтірілген Рубик
текшесі
2.2 Рубик текшесінің тарихы
30 жастағы Эрно Рубик 1974 жылы өзінің бірнеше жылдан соң Шығыс блогының ресми алғашқы миллионері болатынын білген жоқ. Өз студенттеріне оқудың әдістемелік құралын жасай отырып, бүкіл әлемге әйгілі болатынынан да хабардар емес еді. Рубиктің текшесі үлгерімі нашар студенттерге математикадағы топтар теориясын түсіндіруі керек болатын. Ол кезде Эрно Рубик Будапешттегі қолданбалы өнер мен қолөнер академиясының өндірістік дизайн және архитектура факультетінде сабақ беретін.
Рубиктің текшесі бір сәтте жасала қойған жоқ: жобасы бірнеше жылдар бойы өңделе қалыптасты. Алғашында ойыншық 156 түрлі-түсті қыры бар бір-біріне байланысқан 27 шаршыдан тұрды да, кейіннен қырлары елу алтыға қысқарып, 26 кішкентай кубикті ішінен байланыстырып тұратын механизммен толықты.
Текшені алғашында Рубиктің достары мен студенттері сынап көрді. Айтпақшы, оны қалай жинау керектігін Эрноның өзі де білген жоқ, кейін Рубик текшені жинап шығуға бір ай уақытын жұмсады. 1975 жылы автор өз өнертабысын патенттеуге қатысты жоспарын жүзеге асырады да, өнімнің алғашқы топтамасы 1977 жылдың соңында шықты. Бірінші текшелерді Жаңа жылға орай шағын ғана өнеркәсіпте шығарды да, оларды «Ғажайып текшелер» деп атады. Оның бірнеше данасы КСРО-ға да әкелінді.
Мүмкін текшенің тарихы басталмай жатып та бітер ме еді, бірақ Тибор Лакзидің араласуы керемет құралдың ары қарай да сұранысқа ие болуына айтарлықтай көмегін тигізді. Ол Германияда тұратын, бірақ арғы атасы венгриялық болғандықтан Будапештке жиі барып тұратын. Сондай бір сапарында дәмханада отырған Тибор даяшының қолынан өте қызықты ойыншықты көріп қалады. Лакзи математикаға қызығатын, әрі технология саласының кәсіпкері еді, сондықтан текшені келешегі бар жоба деп алыстан таныған болу керек, ақыры Рубикті іздеп табады. Кейіннен текше жобасын ары қарай дамыту үшін Seven Towns Ltd компаниясының негізін қалаған Том Кремер де қосылады.
Басы біріккен үшеудің жұмысы әлдеқайда сәтті жүріп жатты, осылайша 1980 жылдан бастап «Рубиктің текшесі» деп аталған ойыншықты әлем тани бастады. Рубик текшесін шығару лицензиясын Ideal Toy Corporation сатып алды да, алғаш рет миллион данасын жасауға тапсырыс алды. Сол жылы компания мұндай шығарылымды 100 рет қайталады, оның үстіне кейбір компаниялардың ұрланып істегендері тағы бар.
Еуропада заңды түрде Рубик текшесі 1980 жылдың мамырында пайда болды, ал КСРО сатылымына 1981 жылы түсті. Кейбір дереккөздерге сәйкес, ойыншықтарды шығару құқын Кеңес Одағы 3 млн долларға сатып алды. Бөлшек саудада бір адамның қолына екі текшеден артық бермейтін, сондықтан адамдар бірнешеуін алу үшін кезекке қайтара тұратын.
Сол жылдары текшені жинауға өркениетті елдердің әрбір оныншы азаматы қызығатын. Бұл ойынды ойнау үшін жасыңыз, біліміңіз бен әлеуметтік статусыңыз, жынысыңыз, я қандай ұлттан екеніңіз маңызды емес. Рубиктің текшесі балалар туған күндері мен Жаңа жылға асыға күтетін сыйлыққа айналды.
КСРО БАҚ-тарында уақытты өлтіретін «кубизмді» сынаған мақалалар шыға бастады, алайда оларды көп адам оқып, не тыңдай қойған жоқ. Кейіннен сол кезде атағы мен абыройы асып тұрған «Наука и жизнь» басылымы ғарыштағы жетістіктер туралы мақаланың қасына «Рубиктің текшесін қалай құрастыруға болады?» деген мақала жариялады. Текшені жинай алмағандар еңсесі түспей, қалай болса да өз ашуларын шығарып алу үшін «құрастырылмайтын» кубиктерді құртуға арналған пластмассадан жасалған арнаулы балталар да сатылатын.
1982 жылы Будапештте өз елінде топ жарып шыққан 19 қатысушы келген Рубик текшесін құрастыру бойынша алғашқы әлем чемпионаты өтті. Жарыста Лос-Анджелесте оқиын 16 жастағы студент Минх Тхай текшені 22,95 секундта жинап жеңімпаз атанды. Қазіргі кезде қарапайым текшені жинау рекорды текшені 7,08 секундта құрастырып шыққан голландиялық Эрик Аккерсдийкке тиесілі. Айтпақшы, Эрик – текше жинау бойынша 2х2х2 бастап 5х5х5 өлшемді түрлерінің әлем бойынша чемпионы.
Бұл текше танымалдылығының алтын дәуірі еді. Кейіннен өндірушілер cұраныстың азайғанын байқады. Себебі, бір уақыттарда текше тым көп шығып кетіп, әркімнің қолында бір текше болды. Сондықтан оны өндіру тоқтатылды да, дүкендер қалған текшелерді бәрін сатқан соң, 1983 жылдан бастап оған қол жеткізу қайтадан қиындай түсті.
1985 жылы Том Кремердің Seven Towns ағылшын фирмасы кубик шығару құқын сатып алды да, 1991 жылдан бастап оны қайта шығара бастады. 1996 жылы АҚШ-та 300 мың данасы сатылып, Рубик кубик таралуының екінші кезеңі басталды.
Рубик текшесі үздік өнертабыс ретінде венгр ұлттық сыйлығын алған, одан бөлек, АҚШ, Германия, Франция мен Ұлыбританияда бірнеше рет үздік ойыншық атағына ие болды. 1981 жылдан бері түрлі-түсті текше Нью-Йорктағы заманауи өнер музейінің MOMA экспозициясында тұр. Ал 1988 жылы Рубик жас өнертапқыштарды қолдайтын Халықаралық қор құрды.
2.3 Механизм
Рубик текшесінің алты жағында тоғыз кішкентай текшелер өзара байланыстырылып орналасқан. Әр кішкентай текше алты түстің біріне боялған. Ойын мақсаты — Рубик текшесінің әр жағын бір түсті қалпына келтіру. Сол үшін Рубик текшесінің жылжытылатын бөлшектерін бұрып, әр түрлі түзбелерді жасау керек.
Ортада орналасқан және қырларында орналасқан текшелерінің ішкі жағынан ойық қиып алынған, сонда пайда болған қуыс бірлескен үш цилиндрге ұқсайды
Бұдан бөлек қырларында орналасқан және бұрыштарында орналасқан текшелерінде шығыңқы ерекше нысан бар. Бұл шығыңқы жерлері цилиндрдің қуысына тығыз кіріп фрагменті құрайды.
Осындай кұрылым арқасында кубиктің қырлары еркін айналады. Кұрылымның ортасында «көрінбейтін текшенің» орнында үш өлшемді крестовина орналасқан, сол крестовинаның арқасында орталық текшелер еркін айналады. Барлық қалған текшелер шығынқы жерлерімен жоғарыда айтылған қуысқа кіріп бір-бірімен байланысады
2.4 Кубик Рубика жинау тәсілі
Егер біз жоғарғы жағын сағат тілімен "бір қадам" (90°) айналдырсақ, онда В әріпімен белгілейміз. Егер біз жоғарғы жағын сағат тіліне қарсы "бір қадам" (90°) айналдырсақ, онда В* әріпімен белгілейміз. Егер біз жоғарғы жағын "екі қадам" (180°) айналдырсақ, онда В2 әріпімен белгілейміз. Сол сияқты егер біз он жақ жағын алсақ П, сол жағы Л, астынғы жағын Н, алдынғы жағы Ф, артқы жағы Т белгілейміз
В – жоғарғы жағы
Н – астынғы жағы
Ф - алдынғы жағы
Т - артқы жағы
Л - сол жағы
П – он жағы
Бірінші кезең.
Жоғарғы қабатта крест жинау.
Екінші кезең.
Жоғарғы қабаттың бұрыштарын орнына қою.
Нәтижесінде жоғарғы қабат жиналды
Үшінші кезең.
Екінші қабат
Екі
қабат жиналды
Төртінші кезең.
Үшінші қабатта крест жинау.
орнында
қалады
Бесінші кезең.
Үшінші қабаттыңбұйір шаршыларын бұру
Нәтижесінде үшінші қабатта крест жиналды
Алтыншы кезең.
Үшінші қабаттың бұрыштарын орнына қою
орнында
қалады
Жетінші кезең.
Үшінші қабаттың бүрыштарындағы шаршыларды орнында бұру
Шаршы
бұрылғанша
1
немесе 2 рет
Шаршы
бұрылғанша
1
немесе 2 рет
Нәтижесінде кубик жиналды
2.5 Спидкубинг – жарысы
Текшені жылдам жинастыруын - спидкубинг деп атайды, ал оны тез жинастыратын адамдарды — спидкубер дейді. Ең жылдам жинау әдісі Джессика Фридрих әдісі болып табылады.
1990 жылы Windows компаниясы Рубик кубигінің виртуалды нұсқасын жасап шығарды. Дәл қазіргі уақытта компьютер ойынханалары осы ойын түрінен жарыстар ұйымдастырады. Жылына екі мәрте, әлеуметтік желіден бөлек, «Дүниежүзілік Кубик Ассоциациясы» Рубик кубигін жылдамдық бойынша құрастыру жарыстарын ұйымдастырады.
Бірінші әлем чемпионаты 1982 жылы Будапешт қаласында болды. Онда 19 елден келген ұлттық құрама чемпиондары қатысты.
Қазіргі таңда Рубик текшесін аз уақыттың ішінде жинап шығу, бір қолмен жинау, аяқпен құрастыру, көзді байлап жинау, пирамида үлгісін жасау, мегамикс деген секілді номнациялар бойынша жарысады.
Бұл кубикті құрастыру бойынша әлемдік рекорд - 5,25 секунд. Бұл көрсеткішті Коллин Барнс 2015 жылы орнатты, ол Мэтсом Волкомның рекордын бір сатыға түсірді. Кезінде Мэтсом текшені 5,55 секундпен рекорд орнатқан. Ал осының алдында 5,66 секундпен Феликс Земдегс рекордын алған екен. Кейбір бейресми мәліметтер бойынша осы Феликс Земдегс текшені 4,21 секунда жинаған екен. Негізінде осы Феликс Земдегс текшені жинаудан 50 рет Әлемдік рекорд орнатқан.
2011 жылы Италиялық Джованни Контарди текшені бір қолмен 9,43 секундта жинады. Венгриялық Маршелл Эндрю жабық көзімен 26,36 секундта текшені жинаған. Томаоки Окаяма ең аз 20 жүріс қолданғаны үшін жүлделі орын алды. Ал Индонезилық Фахри Райхан текшені аяғымен 27,93 секундта жинаған.
3. Практикалық бөлім
3.1. Анкета алу
Мен өз сыныбымда келесі сұрақтарға анкета алдым:
Сіз басқатырғыштарды ойыншықтарын ұнатасызба?
А) ия Б) жоқ
Қандай басқатырғышт ойыншықтарын білесіз?
------------------------------------------------------------
Үйіңізде басқатырғыш ойыншықтары бар ма?
А) ия Б) жоқ
Сіз басқатырғыш ойыншықтары, жұмбақтары адамда дамытады деп есептейсіз бе?
А) ия Б) жоқ
Сіз кубик Рубикты ойлап тапқан адам жайлы білесіз бе?
А) ия Б) жоқ
Кубик Рубикті жинай аласыз ба:
А) толығымен жинай аламын
Б) бір, екі жағын жинай аламын?
В) жинайалаалмаймынКубик Рубик неден құралғанын білесіз бе?
А) ия Б) жоқ
Сіз қалай ойлайсызкубика Рубиктің неше түрі бар?
------------------------------------------------------------
Кубик Рубикті жинап үйренгіңіз келе ме?
А) ия Б) жоқ
9 сұрақтың диагностикасы:
3.2. Рубик текшесін құрау
Анкета өткізгенен кейін сыныптастарыммен жаппай кубик жинауды ұйренеміз деп шештік. Басында бірлесе отырып үйренеміз сонан сон әркім өзіне ынғайлы тәсіл тауып жинайтын болады деп шештік . 2 ай мерзім қойдық
3.3. Сынып ішілік жарыс өткізу …
Қойылған мерзім біткенде шамасы 2-4 желтоқсан аралығында жарыс үйымдастыратын болдық.
4. Қорытынды:
Ғылыми зерттеу жұмысым текшенің шығу тарихын ғана емес, сол текшені жинаудың пайдасын түсіндіру. Жинаған кездегі мидың екі жартышары да қозғалады, ойға салады. Ал осы қозғалыс адамның ден-саулығын жақсартады. Ұрпағымыздың денінің саулығы болашағының мықты боларына әсер етері сөзсіз. Еліміздің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін мықты да білімді азаматтар мектеп қабырғасынан тәрбиеленуге тиісті. Келешекте осы текше туралы тақырыпты әлі де зерттей беріп, үнемі дамып, толықтыру мақсатым.
Рубик текшесі есте сақтау қабілетін дамытады. Кеңістікте орналасқан түрлі-түсті кубтарды реттеу, орнына қою, белгілі бір алгоритмдерді қолдану арқылы сәйкес келтіріледі. Бұл ойыншықтың түрлі-түсті болуы да оны барша адамдарға тартымды әсер тигізеді. Текше алты түрлі түстен тұрады. Сол әр түстің шашыраңқы, яғни түстердің араласып кеткенін, белгілі бір жүйемен жинау арқылы жүзеге асырылуы логиканы байытады.
Интеллектуалды ойыншықтардың дүние жүзінде ең көп тараған түрі болып табылады. Жас ерекшеліктеріне қарамастан кез-келген жастағы адамдар көп қызығушылық танытады.
XXI ғасырда 4х4х4, 5х5х5, 6х6х6, 7х7х7, 8х8х8, 9х9х9, 10х10х10, тағы сол сияқты текшелер өндірілді. Олардың жиналуы күрделірек және белгілі бір уақытты қажет етеді.
Қорыта айтқанда, балалардың жеке қабілетін ашады, шығармашылық дербестігін дамытады, қызығушылығын арттырады, белсенділікті, ізденімпаздықты қалыптастырады, басқа адамның жұмысын бағалауға үйретеді, балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді, ізденімпаз тұлға қалыптастырады. Өйткені, зерттеу жұмысы барысында танысқан амалдар өз бойыма жігерлі әсер тигізді. Болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі болжамдары сәтті деп қарап, өз жұмысым сол жүйеге орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті.
Эрно Кубик өз басқатырғыш ойыншығын 1974 жылы Будапеш қаласында ойлап тапқан, ойншық тек 1980 жылы Венгриядан экспортқа шыққын.
Эрно Кубик өз ойыншығын 30 күнде жинаған!;
Бастапқыда Рубик текшесі «Магиялық текше» деп аталған;
Рубик текшесін жинаудан бірінші әлем чимпионаты 1982 жылы Венгрияда өткен, оның бірінші жүлдегері Мин Тай (Minh Thai) Лос-Анджелес студенті болған, оның рекорды 22,95 секунд.
Рубик текшесін жинау жарыстарында келесі наминациялар бар: бір қолмен жинау, аяқпен жинау, жабық көзбен жинау және су астында бір деммен жинау.
1980 жылдары текшенің ең әйгілі кезінде жеріміздің әр бесінші адам онымен ойнаған!
Рубик текшесінің 88 580 102 706 155 225 088 000 комбинациясы бар;
Бүкіл әлемде 350 млн Рубик текшесі сатылған;
Рубик текшесін жинау үшін ен аз дегенде 20 рет қозғау керек.
6. Қолданылған әдебиет
http://www.peoples.ru/art/sculpture/erno_rubik/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген