Материалдар / «Рух асқақтығы-адамдық белгісі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Рух асқақтығы-адамдық белгісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2021
7251
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Рух асқақтығы-адамдық белгісі»

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.

Өскелең ұрпақтың бойына асқақ рух дарытатын құндылықтар қай кезеңде де елдің еңсесін төмендетпеген. Әлемдік қауымдастыққа танылып жатқан қазақ деген дарқан халықтың өткеніне көз жүгіртсек, талайлы тарихында небір нәубеттерді бастан өткергені белгілі. Елдің басына күн туып, ердің азаматтығы сынға түскенде, қорған болған ерлерін халқы ешқашан жадынан шығармаған.

Соның бірі әрі бірегейі Махамбет Өтемісұлы – алдағыны болжайтын абыз, қол бастайтын батыр, аталы сөз айтатын шешен, қолма-қол жыр шығаратын ақын болған. Халық аңсаған еркіндікті ту еткендіктен, азаттық жолында қаруымен елін қорғап, жырларымен жауын ықтырған Махамбет – өмірімен де, өлеңімен де көнермейтін ескерткіш қалдырған тұлға.

Өрнегімен ғана емес, өр рухымен ерекше Махамбет жырлары – қазақтың өлең қоймасының төрінен орын алған қазына. Халықтың рухын жанып, қалың қазақтың жүрегіне күш, көңіліне дем берген қаһарман ақынның отты өлеңдері әлі талай ұрпақты рухтандыратыны сөзсіз. Ол – халқымыздың рухани қазынасын өмірімен де, өнерімен де толықтырған бірегей тұлға.

Тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбек, қайсар рух, өршіл ұлтжандылық Махамбет секілді қазақтың қас батырларының ізін басып, елі үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатқан қазіргі азаматтарға да дарығандай. Ғасырлар легінде қара басының емес, халықтың қамы үшін жанын аямаған тұлғалар тарих көшімен бірге өшіп кетпей, ұрпаққа үлгі болып, кейінгіге жол сілтеп, халықпен бірге өмір сүре береді. Сондай бірегей тұлғалар, 100 жыл бұрын қазақ халқының азаттығы үшін күрескен Алаш арыстары «мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық» деген аталы сөз қалдырған екен.  

Еліміздің сан ғасырлар бойғы үміті, ізгі арманы – Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып, арман шындыққа айналды. Қазақстан ширек ғасырда бүкіл әлем қадірлейтін, саяси, әлеуметтік және экономикалық таңдауын жасаған елге айналды, жаңа ел қалыптасып, жаңа қоғам құрылды.

«Мәңгілік Ел» тұжырымдамасындағы ұлттық мүдделер тұрғысынан алғанда, Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығында мемлекеттілігін нығайту мен дамыту жолында айтулы нәтижелерге қол жеткізді.

Ендігі мақсат – экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, өндірісті елі, білімді және еңбекқор халқы бар, тегеурінді мемлекет қана тәуелсіз бола алатынын ұрпақ санасына құйып, басты байлығымыз тәуелсіздікті баянды ету. 

Адами абзал қасиеттерді ерекше бағалайтын халықтың ұлы ақыны Абай: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» десе, Мұстафа Шоқай «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қанатты қағидаларымен мықты ұстанымы бар мінезді, асқақ рухты ұрпақ ел келешегінің кепілі бола алатынын меңзейді. Бұған кәрі тарих пен сол тарихты жасаған тұлғалар куә.

Еліміздің басты құндылығы Тәуелсіздікті ешбір игілікпен салыстыруға болмайды, ал оны тұғырлы ету – осы елдегі әрбір азаматтың парызы. Біздің қайсар бабаларымыз бен олардың мыңдаған ізбасарлары ғасырлар бойы еліміз бен жеріміздің азаттығы үшін жан аямай күрескен.

Ұлттың келешегін алдыңғы орынға қойып, тереңнен ой толғайтын қазақтың біртума перзенті Бауыржан Момышұлы: «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас», – деп әр адамға ой салатын қанатты сөз қалдырған.

Бауыржан Момышұлы – мәңгілік даңқ тұғырына қонған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы қас батыры, біртуар перзенті. Батырдың ар-намысы мен өр мінезін Ұлы Отан соғысы кезінде жасаған көзсіз ерлігі мен бейбіт өмірде артына қалдырған туындылары паш етеді.

«Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,

Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен.

Халқымның қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен», – деген өлең жолдарынан Бауыржан Момышұлының азаматтық болмысы танылады.

Осы орайда абайтанушы және бауыржантанушы ғалым Мырзахмет Мекемтасұлының «Қазақты тану үшін, алдымен, Абай мен Бауыржан ілімдерінен сусындау керек...» – деген тұжырымын айтқан орынды.

Азаматтық парызын дала философиясымен үндестірген, адамдық міндетін халықтық тәрбиемен ұштастырған батыр-жазушы Бауыржан Момышұлы туындыларының тарихи маңызы мен тәрбиелік мәні ешқашан төмендемейді. Оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау – аға буынның міндеті. Ұрпақтың келешегі мен елдің болашағы үшін өте құнды Бауыржан тағылымдарын реті келгенде ғана сыдыртып айтып шығу ұлт қажеттілігінің орнын толтыра алмайды, оларды індете оқытып, күнделікті өмірден қалтарыс қалдырмау керек. Аралдағы Куба елі Бауыржанның туындыларын ұрпағын тәрбиелеуге пайдаланып, өмірін өнеге ететіні – салмақты тұжырым жасауға тұрарлық тағылым.

ДӘСТҮР, РУХ, ҚҰНДЫЛЫҚ деген қастерлі ұғымдардың мазмұны мен мәнін терең ұғынып, санаға сіңіріп, бойға дарытатын көрнекілік іздеген адам Бауыржан туындылары мен еш уақытта көнермейтін асыл мұраларымызды ұрпақ тәрбиесіне пайдаланса, ұтылмайтыны анық.

Бауыржан Момышұлының аты аталғанда, екі бейне көз алдымызға қатар келеді. Бірі – батырдың, екіншісі – жазушының бейнесі. Қаһарман жазушының болмысын сөз еткенде, ең алдымен, оның батырлық қасиеті айқын танылатыны анық. Батырлығы – Отанын сүйген, елі үшін жаны күйген, ұлт тағдыры үшін еш қиындықтан тайсалмайтын қаһармандығы. Батырлығы пен ұлтжандылығы ғажап үйлесіп, Бауыржанның тұғырлы тұлғасын асқақтата түсетіні белгілі.

Қазақ деген қайсар халықтың Махамбет, Мұстафа Шоқай, Бауыржан секілді ұрпақтары – ерлік пен ұлтжандылықтың сабақтастығын үзбеген бірегей тұлғалар. Өз өмірін бәйгеге тігіп, ерлік пен азаматтықтың үлгісін танытқан, антқа адалдығы мен ар биіктігін көрсеткен мұндай қас батырлардың ел есінен кетпейтіні тайға таңба басқандай ақиқат. Ерлік пен елжандылықты әспеттеу, ерен ерлігімен ел құрметіне бөленген ерлерді дәріптеу – өліге ізет, тіріге үлгі.

Қоғамдағы оқыс оқиғалар ерлік пен өрліктің соғыста ғана жасалмайтынын, адам өміріне қауіп төнгенде қатермен бетпе-бет келіп, одан арашалайтын ерлердің арамызда жүргенін паш етуде.

Сөзіміз жадағай болмау үшін төмендегі оқиғаларды қайта жаңғыртып, еске алғанды жөн көрдім. Тараз қаласында 2011 жылдың 11 қарашасында елді үрейлендірген жиһадшы М.Қариев «Мазда-626» көлігінің иесі Закировты қарақшылықпен қорқытып көлігін тартып алады да, қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасайды. Күзетші В.Федорченконы өлтіріп, Н.Е.Оразбасовты ауыр жарақаттаған соң, жартылай автоматты және «Сайга» қаруын алып, бой тасалайды.

М.Қариев өзін аңдып жүрген екі полиция сержанты П.К.Аямқұлов пен Н.А.Бәйсейітовті өлтіріп, олардың табельдік қаруын иемденген соң тұрғылықты жеріне барып, РПГ-26 гранотометін алып келеді де, Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің ғимаратын атып, адам өлімі болмағанмен, ғимаратты біршама қиратады.

Ал, полиция патрулінің екі қызметкерін жарақаттап қашқан М.Қариевті жол полициясы қызметкерлері жаралап, оны қолға түсіруге ұмтылған кезде Қариев гранатаны шығарып іске қоспақшы болады. Мұны көрген жол полициясының взвод командирі, капитан Ғазиз Байтасов қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруына жол бермей, қылмыскерді өз денесімен жауып, ерлікпен қаза болса, полиция сержанты С.С.Алашов қатты жарақаттанады. Жанкешті ерлігі ұрпаққа үлгі болған Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовқа  кейін Қазақстанның Халық қаһарманы атағы беріледі.

Адам ерлікті арнайы дайындалып, өзінің қалауымен жасамайды, осындай сын сағаттар туғанда өзгелердің тағдыры үшін көзсіз ерлікке барады. Мұндай ерліктер ерік-жігері мықты, рухы асқақ азаматтардың ғана қолынан келетінін Ғазиз батыр ісімен көрсетіп кетті.

Ал ағымдағы жылдың 5 маусымында аңшылық әрі суық қарумен қаруланған террористік топ мүшелері ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының №6655 әскери бөлімшесінің қару-жарақ қоймасын басып алу үшін шабуыл жасағаны белгілі. Әскери қызметшілер Д.Сапар мен А.Шайсұлтанды қанша қинаса да қару сақтайтын орынды айтқыза алмаған лаңкестер Д.Сапарды өлтіріп, бронежилеттің арқасында аман қалған А.Шайсұлтанды атып кеткен.

Оқиға болып жатқан жерге келіп, қарулы қарсылық көрсеткен ішкі қарауылдың әскери қызметкерлері Д.Чернышев жараланып, Н.Балажанов шегініп жаны қалса, жараланып басқыншылардың қолына түскен С.Сүндетов қанша қинаса да қару-жарақ сақталатын қойманы айтпаған. Оның өжеттігіне жынданған лаңкестер өлтіру мақсатымен бірнеше жерден пышақтаған, алайда көрер жарығы мен дәм-тұзы таусылмаған азамат аман қалды.

«Пантера» дүкенінің жанында лаңкестердің біреуін қарусыздандырып, оны полицияға өткізген 54 жастағы ақтөбелік қарапайым азамат Қуаныш Қарасартовтың да әрекеті ерлікпен пара-пар.

Рухы асқақ, ұстанымы ұлттық, жаны жақсылықты қалайтын азаматтар Қазақстан деген елдің туын жықпай, қазақты жаһандауға жұтылудан сақтайтыны хақ.

Азаматқа ең қажет қасиеттер антқа адалдық пен өрлікті жоғалтпай, халықтың амандығын сақтап, сан түрлі қауіптен азаматтарды құтқарып қалған бейбіт күннің қаһармандары – бабалардың заңды жалғасы. Атадан балаға сабақтасып келе жатқан ерліктің түп тамыры асқақ рухтан туындайтынын ескеріп, өскелең ұрпақты бабалар салған сара жолдан ауытқымайтын елжанды етіп тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!