400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани -адамгершілік құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін –өзі тану. Рухани- адамгершілік құндылықтармен жеке тұлғаның әдеп ұстанымын қалыптастыру, қоғамдық және жеке қарым-қатынас үдерісінде адамгершілікке бағытталған тәртіп ережесін қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАРКЕНТ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ 9001:2016

Shape1

Сабақ жоспары


Пәні: Өзін –өзі тану

Оқытушы: Шешенханова А.М

Топ: 210

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Рухани -адамгершілік құндылықтар

Сабақтың мақсаты: Рухани - адамгершілік құндылықтармен жеке тұлғаның әдеп ұстанымын қалыптастыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: қоғамдық және жеке қарым-қатынас үдерісінде адамгершілікке бағытталған тәртіп ережесін қолдану.

Бағалау критерийі:

1. Жеке және қоғамдық қарым -қатынас үдерісінде құдылықтарды қолдану дағдыларын қалыптастырады;

2. Құндылықтар ережесінің негізінде өмірлік міндеттерді шешеді.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Құндылықтар: Жалпыадамзаттық құндылықтар

Оқу құралдар: АКТ, презентация, дәйексөздер қоймасы, суреттер


Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Білім алушының әрекеті

Ресурстар

I.Сабақты ұйымдастыру

1. Білімалушылармен сәлемдесу;

2. Білімалушыларды түгелдеу;

3. Түстер арқылы топқа бөліу;

4. «Тыныштық сәті» орындау мәтін арқылы.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.


  • Тыныштық сәтінен қандай әсерлер алдыңыздар?


Жақсы көңіл күйде сабағымызды бастаймыз.



Түстерді таңдау арқылы топқа бөлінеді












Тыныштық сәтін орындайды





















Тыныштық сәтінен алған әсерлерін,

өз ойларын еркін айта алады







https://youtu.be/YM1vKjGxi6M






https://youtu.be/TsuI7H0glDE



































II. Жаңа материалды меңгерту

Рухани –адамгершілік – адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік басқалардың мүдесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды.

С.А. Назарбаева

Дәйексөз:

  • Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.

Ғ. Мүсірепов

  • Қарапайымдылық – жасыл алқап

Адамгершілік онда өскен гүл сияқты

Иүгінеки Ахмед

  • Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады

Аристотель

Табиғи құндылықтар- ойдың жылдамдылығы, естің сенімділігі, сезімнің шынайлығы жатады

Жүре пайда болатын құндылықтар- адалдық, батырлық, тұрақтылық, мақсатқа талпынушылдық.

Абсалюттік жалпыадамзаттық құндылықтар- уақытпен өзгермейтін, белгілі бір адамдар шеңберіне ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар

Шығармашылық жұмыс. «Сұрақ ілмегі»

Жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап мағынасын түсіндіру.

Абсалюттік жалпыадамзаттық құндылықтар: Ақиқат құндылығы- шыдықты айту, тек қана жақсы сөйлеу және қажеттіні айту, жақсыны көру, қарапайым, білімге құштарлық.

Сүйіспеншілік құндылығы - Отбасынағ барлығына с.йіспеншілікпен қарау, өзімшілдік болмау.

Дұрыс әрекет- ақиқат негізінде сүйіспеншілікпен әрекет ету. Шындықты айту, қарым қатынасты бұзбау, жанжалдаспау, денсаулық және тазалықты сақтау.

Жан тыныштығы - Сыпайы, ашу шақырмау, тыныштықта болу, көңіл аудару.

Қиянат жасамау - әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу жанурларға, өсімдіктерге қамқорлық көрсету, ешкімді ренжітпеу

Ішкі үйлесімдіктерге қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс.



- Ақиқат дегенді қалай түсінеміз?

- Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?

- Қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіздер?

- Дұрыс әрекет дегеніміз не?





Оқиғалар айту.

«Сынық құмыра» ертегісін бейнежазба көре отыра, ертегінің соңын өз ойларымен жалғастырып аяқтау.


Жағымды ой-пікір. Жағдаяттар шешу

1.Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады.

Не істейсің?

2. Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?

3.Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?

4.Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

5. Бүгін анаң сенің жақсы көретін тамағыңды жасап берді. Сен отыра қалып іні – қарындастарыңмен қосыла жедіңда , далада тосып тұрға досыңа жүгіріп кеттің. Сен нені ұмыттың?

6. Мұғалім бір оқушының сабақта жиі «қатыспай», бірдеңені ойланып, бір нәрселерді қиялдап отыратынын байқайды. Не істеу керек?

7. Сабақ үстінде оқушы кенеттен сұрады: «Дана Мадиевна, Сіздің жалақыңыз қанша?» -деп сұрады. Сіздің жауабыңыз? Сұраққа сұрақпен жауап беру: « Бұл сені не үшін қызықтырады?» Абыроймен жауап беру: «Көп те емес, аз да емес, бірақ өзіме жетеді».

8. Жаңа тақырып түсіндіру барысында мұғалім Ахмет деген оқушының сабақты тыңдамай, зейін қоймай және өзгелерге кедергі жасап отырғанын байқады. Ол ескертулерді елемеді. Сіздің әрекетіңізқандай ?

Оны тақтаға шакыру. Өз бетінше орындауға тапсырма беру






Дәйексөздің мағынасын ашады.






















Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы талдап анықтама береді
























Бейнежазбадан көрген үзіндіні негізге ала отырып өз ойларымен ертегіні аяқтайды









Берілген жағдаяттарды топпен талқылап шешеді






презентация

Дәйексөздер
























































суреттер













https://youtu.be/NOexLa_x7fo











































ІІІ. Сабақтың қорытынды сәті





«Сананы тазарту» Сабақтан алған рухани- адамгершілік құндылықтар туралы санамызға қалыптастыру

Бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді естеріңе түсіріңіздер. Сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, жақсы ойлар айттыңдар . Көп ой бөлістік.Үнемі жүрегімізді , ішкіжан дүниемізді таза ұстайық деп бүгінгі сабағымыздың қорытынды сәтін «Сананы тазарту» әдісін қолданып жағымды, жақсы жақтарды ойымызға түйейік.

«Сананы тазарту» әдісін қолдана отырып жағымды, жақсы жақтарын ойл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
893
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі