400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани адамгершілігі дамыған, бәсекеге қабілетті, өмірге бейімделген тұлға қалыптастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмысының тақырыбы:


Рухани адамгершілігі дамыған, бәсекеге қабілетті, өмірге бейімделген тұлға қалыптастыру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» деген.

тәрбиенің міндеттері:

-Адамдармен қарым-қатнаста адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру;

-Қарым-қатынас мәдениетін күнделікті тұрмысты ұйымдастыру және

Адамгершілік мінез-құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру ;

-Жалпыға ортақ мораль нормаларын сақтауға ұмтылысын қалыптастыру;

-Адамгершілікке жат мінез құлыққа рухани жағынан белсенді түрде қарсы

тұру қабілетін қалыптастыру;

-Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруге негізделген адамгершілік

тәрбие мәдениетін қалыптастыру;


Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі.
Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүруде, соның ішінде келешек ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру да өзекті мәселе болып тұр.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылдың 19 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында елімізді одан әрі жаңарту мен демократияландыру үшін қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге аса көңіл бөлу қажеттігін баса айтқан.

Біз бала тәрбиесіне оң ықпал жасай отырып, оның табиғатын оятамыз. Баламен жүргізілетін әрбір істі қарапайым, әрі шешімі бар іс деп қарауымыз керек. Балалық шағының қызықты болуын ескергеніміз жөн. Бұл бала бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың бірден-бір жолы.

Мен өз тәрбие жұмыстарымда «Шаттық шеңбері», «Тыңдайық - ойланайық», «Ойнайық», «Сергіту сәті», «әңгімелесейік» деген тәсілдерді қолдана отырып, бала бойына адамгершілік тәрбиесін егуге тырысамын.

«Шаттық шеңбері» рәсімін өткізу арқылы балалардың барлығын қатыстыра отырып, сабақты қандай көңіл-күйде орындайтындарын бақылау, ой жүйелілігіне баланың ойын тұрақтандыру, ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстырып алу.Мұғалім балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады.
«Тыңдайық - ойланайық» атты ұйымдастыру түрі бұл - өмірдегі жағдаяттар, шығармадағы кейіпкерлер мен өмірдегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты салыстыру. Атадан қалған асыл сөздерді түсіндіре отырып балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
12 жылдық білім тұжырымдамасында «мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» - делінген.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген адамгершілік мәселелерін талдап, жүйелесек: біріншіден, өз шығармаларында олардың адам бойындағы ең асыл қасиеттерді дәріптеуі бүгінгі ұрпақтың дүниетанымын кеңейте түсуге көмектеседі; екіншіден, қоғамның даму тарихын адамгершілік тұрғыдан қабылдай білуге, талдау жасауға, терең түсіне білуге үйретеді; үшіншіден, олардың еңбектері жастардың адамгершілік мінез-құлықтарының қалыптасуына бағдар береді; төртіншіден, ғұламалардың рухани қазынасы қазіргі жастардың адамды сүйе білу, адамды тану талғамын қалыптастыруға септігін тигізіп, адами жетілуіне, үйлесімді дамуына негіз болады.

Рухани-адамгершілік құндылықтар дегеніміз – адамның ішкі жан дүниесінің даму жағдайын көрсететін, адамдық деңгейін ашатын, сипаттайтын, оның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, әлеуметтену дәрежесін, қоғамдық мәнін айқындайтын жеке тұлғаның ішкі ең мәнді құрылымдық элементі-деп білеміз.

Өйткені, рухани-адамгершілік құндылық адам санасында орын алып, сана арқылы игеріліп, іс-әрекетке жетелейді. Сондықтан біз үшін құндылықтың өзегі – Адам, тәрбиесі – Адам болуға ұмтылыс жасау.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, әлемнің бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру үшін жаңа Қазақстан құрудың дербес жолын таңдап алды. Еліміз әлемдік қауымдастыққа зор құрметпен, беделмен кіруі үшін ұрпақ тәрбиесін әрқашанда назардан тыс қалдырмауымыз керек. Себебі, бүгінгі балалар еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті, жаңа уақыттың өктем талаптарына үн қоса алатын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ол үшін жалпы орта білім беретін мектептің педагогикалық құрылымының негізгі құндылығы болып саналатын оқушыны жеке тұлға ретінде қарау және оның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін дамыту – жалпы білім беретін оқу орындарының басты мақсаты. Оқушыларды рухани адамгершілік сапа қасиеттерге тәрбиелеу қаншалықты қиын болса, соншалықты маңызды да. Рухани-адамгершілік тәрбие оқушының тәртібін және рухани дағдысын қалыптастырады. Яғни ол – адамның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін көрсететін, адамгершілік деңгейін анықтайтын, сипаттайтын, оның тұрақтылығы мен үздіксіздігін, дамуын, әлеуметтану дәрежесін, қоғамдық мәнін айқындайтын жеке тұлғаның ең маңызды ішкі жан дүниесінің элементі.

Бүгінгі таңдағы сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр.

Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап, пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.

Рухани-адамгершілік құндылығы дамыған тұлға қалыптастыру бағыттарының мазмұның сипаттайтын болсақ, ол негізгі бес бағытты қамтиды, танымдық, ұлттық, әлемдік, дүниетанымдық, салауатты өмір салты бағыттары болып жіктеледі. Аталған бағыттар бойынша рухани-адамгершілік құндылықтары дамыған бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін өте қажет.

Қорытындылай келгенде, адамгершілік өзінің көпқырлылығымен мәңгілік ұғым. Адамгершілік тәрбиені қоғамның өркениеттілік демократиялық даму бағытына сай етіп, әлемдік тәжірибеге сүйене мектеп оқушыларының тәрбиесінде қолдану барлық мұғалімдердің парызы деп білеміз.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына жолдауы. –Алматы, 1997 ж.

2.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров А. –Педагогика, «Дарын», 2004 ж.

3.Толстой Л.И. Чем люди живы. Сбор. Соч. –Москва, 1982 ж.

4.Сыдықов М.Е. Жеткіншектердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық диагностикасы.// Білім, 2007ж., 25-28б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі