400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани-адамгершілік білім беру мен оқытуды интеграциялаудың мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің егемендігі нығайып, өркендеп, ертеңіне сенімен қадам басып жүрген шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын С.Назарбаева «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзге ерекше.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани-адамгершілік білім беру мен оқытуды интеграциялаудың мәні.


Қостанай қаласы

«Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға

арналған мектеп-интернатының

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Мурзахметова Марина Келдыбаевна



Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, әр балаға берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі – кез келген оқушыға білімді меңгерту ғана емес, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жол көрсету. Жасөспірім бойындағы шынайы рухани-адамгершілік құндылықтарды оны қоршаған ортада, отбасында, мектепте, жұртшылық қауыммен қарым-қатынасты жетілдіруге өмірге келген «Өзін-өзі тану» пәні өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Рухани-адамгершілік тәрбие –дұрыс дағдылар мен әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығы. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны негіздендіруді болып табылады.

Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шындап, жетілдіруге ұмтылады. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда, оқыту үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, интеграциялауды қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді.

«Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы – ол, ең алдыменен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол – біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандылықтың біртұтастығын көре білу.

Тәжірибе көрсеткендей бір ғана өзін-өзі тану сабағы «Жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарлама идеяларын табысты жүзеге асыруға жеткіліксіз деп, бағдарламаны дамыту басқа барлық оқу пәндері аясының мазмұнында интеграциялауды, сабақтан тыс іс-әрекет пен қосымша білім берудің құндылықтық әлеуетін күшейтуді, әлеуметтік серіктестікті кеңейтуді көздеп отыр. Осы орайда, рухани-адамгершілік ахуал бүкіл тұтас педагогикалық үдерісті қамтуы керек.

Бұл заманда білім берудегі мәселелерді мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтар білім берудің негізгі түйіні болғанда ғана, ортақ тұтастық бола келе, шешуге болады.

Казіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция, гуманитарлық, жаратылыстану-математика циклдеріндегі пәндердің, яғни салалас пәндердің өзара ықпалдасуы олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық, лингво-семантикалық және жалпы педагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді. Кіріктірілген пәндердің өзара байланысын негізділген пән мазмұнына, оқыту интеграциялау нысаны мен әдістеріне сәйкестік. Интеграция міндетті түрде жүзеге асырылуы керек, бұл жерде рухани-адамгершілік пен интеллектуалды дамудың бірігуі, оның жаңа белгілерге, жоғары сападағы жаңа сипатқа ие болуы назар аударатын мәселе. Интеграция терең деңгейдегі мазмұнда, мағынада және жалпыадамзаттық құңдылықтар негізінде жүзеге асуы тиіс. Ең маңыздысы мемлекетке, адамзатқа қоғамға қызмет етудің ең биік рухымен, парыз, абырой, әділдік идеяларымен нығайтып отыратын ахуал құру. Білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескеру қажет. Жасөспірімдерінің компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұндық негізі жалпыадамзаттық құңдылықтардан, ал барлық әдістемелік тәсілдері, атап айтатын болсақ: жағымды көңіл күй, шағын әңгіме, ән айту, шығармашылық жұмыс, ойын терең рухани-адамгершілік мағынада жүргізуіміз қажет.

Ең бастысы, әр мұғалім интеграцияны түсініп, өз дүниетанымдық көзқарасына байланыстырып, өзі ізденіп, рухани-адамгершілік тұрғыда дамуға, әлемнің алуандылығын көре отырғанда ғана, өзінің пәнің рухани-адамгершілік білімімен интеграциялап отыра алған жағдайда да ғана, өзінің қызметін жандандыра, рухтандыра ала алады. Интеграцияның барлық әдістемесінің негізі – ол мұғалімнің дүниетанымдық ұстанымы. Қоғамның келешегі білім беру жүйесінде тәуелді, жаңа заман бүгінгі балаларға материалдық құндылықтарға, әлеуметтік мәртебеге басым бағыттайды, ал адам шынайы бақыт туралы ойланып, нақты адамгершілік құндылықтардың бағасын көтеруге, өз-өзіне сенімді болуға жетелейтін «Өзін-өзі тану» пәнінің үлесі зор.

Еліміздің егемендігі нығайып, өркендеп, ертеңіне сенімен қадам басып жүрген шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын С.Назарбаева «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзге ерекше. Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды. Адам өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс.











Қолданылған әдебиеттер:

1. Хайрушева Н.Ә. Қазіргі заман талабына сай мұғалім қызметінің өзгеруі журнал. «Педагогика мәселелері» № 1, 2011 жыл

2. Педагогика мәселелері №4, 2014 жыл, № 1 2017 жыл

3. http://go.mail.ru/; http://bilim-all.kz/j

4. Өзін-өзі тану журнал № 3, 2015жыл; №6 2016

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі