жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Рухани адамгершілік тәрбие - өмір талабы"
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие негізі
Бұл бағыттың мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
- Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
- ҚР Конституциясына, заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;
- елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;
- өз елінің экономикалық және әлеуметтік мәдени даму саласындағы және әлемдік аренадағы жетістіктеріне;
- басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;
- өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
-құқықтық біліміне;
- заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;
- құқықтың әлеуметтік құндылықтарына құрметпен қарауы,
Мақтаныш сезімінің болуы және жауапкершілік танытуы.
Іске асырумеханизмдері
Сабақтар,оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. Ерлік, намыс және абырой тағылымдары. Дебат және пікірталас клубтары. Патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалар мен жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысымен, қоғамдық қорлармен бірлескен қызмет; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер, саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтері», «Мен және заң» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
· Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті.
· Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениетті тәрбие
гуманизмге, қазақ халқының тілін, тарихы мен әдет-ғұрпын құрметтеуге және сүюге, оның озық дәстүрлерін сақтауға, дамытуға, Қазақстандағы басқа да халықтардың мәдениетін зерделеуге, қабылдауға және меңгеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және саяси мәдениетті, дамыған ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, әлеуметтік және діни толеранттылықты қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында құқыққа қайшы көріністерге қарсы тұру даярлығын қалыптастыру зор маңызға ие болуда.
· Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді.
«Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес « патриоттық-азаматтық» жастардың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм (грек. patris – Отан) - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі», - деп анықтама берілген. Қазақстан халық жазушысы М.Мағауиннің еліміздің егемендік алғаннан бергі кезеңде ел тұтастығы, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында бірнеше шығармалары жарыққа шыққан болатын. Оның негізгі арқауы бүгінгі ұлт, Отан, жастарды туған жерін сүюге бағытталған еңбектерімен белгілі. Мысалы «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясын, «Ұлттың күретамыры», «Ұлтсыздану ұраны», т.б. кітаптарын айтуға болады. Жазушы қазақстандық отансүйгіштік туралы толғамды ой-пікірлерінің бірінде: «Қазақ дейтін халық үлкен халық, ұлы халық. Осы халықтың туын көтеріп, халық үшін қандай да күреске әзір болу керек. Адамның адамдығы – ел-жұрттың адалдықта, кісіліктің көрсеткіші – ұлтын сүю, халқын сыйлау», - деп отансүйгіштік тәрбие берудің маңызын сипаттай түседі. Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады. Бүгінгі күндегі патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі – бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты. Қазірде Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде патриотизмге тәрбиелеу қажет. Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын қазіргі озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаматтық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жаңарған патриотизмі қайта кепіл бола алады. Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдерінің негізінде азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.Патриоттық сезімнің қайнар көзіде объектісі де Отан. өз мазмұны бар, бұл сезімнің туындап қалыптасуының өз шарттары бар дей келе ол, «қазақстандық патриотизм» тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйішпеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние, психологиялық-әлеуметтік құбылыс. Ғалым отансүйгіштіктің өлшемі әр адамның өз Отанының қорғанысын, экономикасын, мәдениетін, ғылымын, рухани қабілетін арттыруға қосқан үлесі деп таниды. Ғалымның бұл пікіріне біздің патриотизм тек қару алып жауға карсы шығу ғана емес, күнделікті өмір салтында «Отаным», «халқым», «елім», «ұлтым» дегенді ұмытпау, өз мүддесін көздеп, не істесе де өзінің қазақ ұлтының өкілі, соның құрамдас бір бөлшегі екенін естен шығармау деген ой-пікірімізді нығайта түсті. Отанын қайда жүрсе де мақтан тұтса, оған жүрек қалауымен қызмет етсе, «патриоттық сезім - ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі қару-жарағы күшті болғанымен, ұлттың рухы төмен болса, әскердің қай түрі болса да әлсіздік көрсетеді» - дейді Ә.Қалмырзаев.Бұдан патриоттық сана мен сезімнің мазмұны «Отан» деген ұлы үғым болып оның қалыптасуының басты шарттары Отанға деген сүйіспеншілік сезім ояту, Отанын көркейтуге үлкен үлес қосу және отансүйгіштікке өзін-өзі тәрбиелеуге бейімдеу екендігі айқындала түседі. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі Отан болып, оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар, жалпы ұлттық құндылықтармен толықтырылады. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де, ерлік істердің қайнар көзіне айналу - патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болуы тиіс.
Бұл бағыттың мақсаты:
Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен келісілген, тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, адамгершілік қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
- рухани-адамгершілік құндылықтарға, көпшілік мақұлдаған мораль
нормаларына;
- өзінің қасиетіне, арына және парызына;
- ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;
- адамгершілік тұрғыда өзін-өзі жетілдіруіне, рухани және нәтижелі
қызметте шығармашылық әлеуетін іске асыруына;
- адамгершілікке жат қылықтар, руханисыздық, бедерсіздік
(нигилистік) көріністеріне;
- өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет-ғұрпына;
- діни құндылықтарға жоғары адамгершілік байланыс орнатуы.
Іске асырумеханизмдері
Оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейтуде оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру; қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту; «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды жетілдіру; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды дайындау және іске асыру, волонтерлықты дамыту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты және т.б.арқылы жүзеге асырылады.
АДАМГЕРШІЛІК
— РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Адамгершілікке
тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана
үлгісі (Ыбырай Алтынсарин) Жаңа кезеңдегі
білім берудің өзекті мәселесі жас
ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие
беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани
бай адамды қалыптастыру оның туған
кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш
түзу өсу үшін оған көшет кезінде
көмектесуге болады, ал үлкен ағаш
болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған. Сондықтан баланың бойына
жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті
тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар
шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік
тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан
ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың
балаларға белсенді ықпалын, екінші
жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін
қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен
қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан
белгілі бір мазмұнды іске асыра,
адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін
пайдалана отырып, педагог істелген
жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің
жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық
нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар
адамдардың іс-қылықтарынан,
мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық
өзара қарым-қатынастарды басқарады.
Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам
игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек,
сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің
өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің,
мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың
бөлінбес элементтері, олардың негізінде
қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық
құндылықтары жатады. Баланың өмірге
белсенді көзқарасының бағыты үлкендер
арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім
беру жұмысының мазмұны мен формалары
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы
нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке
тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің
қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру
процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы
түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы
формалары педагогтың балалармен мазмұнды
қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде,
қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу
кезінде, балаларға арналған шығармаларымен,
суретшілер туындыларымен танысу
негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа
бағытталған педагогтық жұмыс еңбек
сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен
патриотизм бастамасына тәрбиелеуге,
көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және
жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға,
үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға
тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда
ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу,
бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану,
ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру
ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда
болады. Мұның бәрі де баланың жеке
басының қоғамдық бағытын анықтайды,
оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте
қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы-
оның моральдық дамуы үшін қамқорлық
жасау- бүгінгі күннің және алдағы
күндердің талабы, оған педагогтың
күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы»
мектепке дейінгі балалардың жан-жақты
дамуын, олардың мектепке дайындығын
қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге
асыруда басты ролді атқарады. Оның
тәртібі, іс-қимылы, балалар және
үлкендермен қарым-қатынасы балалар
үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы
әсерлі енеді, баланың жеке басы
қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым
белсендірек болса, баланың сезімдерін
жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік
күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың
рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы
мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың
тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге
асады. Әрбір бала қандай да болмасын
бір міндетті орындау үшін, өзіндік
ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен,
ойында ұнамды әдеттер, өзара
қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер
қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік,
үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ
ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың
сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық
сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б.
қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста
балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің
негізгі міндеттері мына жайлармен
түйінделеді: ізгілік бастамасымен
тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы
саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым
ережелерін орындау/ кеңпейілдік,
қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен
қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу,
балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын
қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір
тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің
негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда
болуына, құрбыларына, төңіректегі
үлкендерге қалай болса солай қарауға
мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым
әдеттерді тәрбиелей отырып педагог
балдырғаннның бар істі шын пейілмен
әрі саналы атқаруына қол жеткізеді,
яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі
жан дүниесін, оның ережеге деген
көзқарасын айқындайды. Атақты педагог
Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он
екі жасқа дейінгі аралықта әр адам
өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің
бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің
негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана
сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі
биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы
мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да
игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ
тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік
мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп,
қиялға қанат бітіретін, жасбаланың
рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің
мол қоры бар рухани азық«, деп атап
көрсеткен. Руханилық жеке тұлғаның
негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың
негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады,
ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік
сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке,
ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік
тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі
ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы
қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын
қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік
санасының дәрежесі оның мінез-құлқы
мен іс әрекетін анықтайды. Сананың
қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан
бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының
қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара
қатынасынан басталады. Баланы жақсы
адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке
тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас
болудың әсері күшті екенін халқымыз
ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас
болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен
жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман
дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген
мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер,
жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік
тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау
адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық
құндылықтар бала бойына іс-әрекет
барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар,
ертегілер, қойылымдар арқылы
беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани
байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне
бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам
болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің
нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен
сапалары, қарым-қатынастарында
қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық
сананың ең басты белгілерінің бірі
болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы,
іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен
сипатталады. Олар адамды құрметтеу,
оған сену, әдептілік, кішіпейілдік,
қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік,
инабаттылық, қарапайымдылық т. б.
Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп
қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік
және психологиялық қасиеттерінің
жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы-
мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас
ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді
сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты
міндеті. Адамгершілік әр адамға тән
асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар
бұлағы- халқында, отбасында, олардың
өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам
адамгершілікті күнделікті тұрмыс —
тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан
бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В.
Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен
бақыт бере білсек, ол бала солай бола
алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты
терең білім беріп, оның жүрегіне
адамгершіліктің асыл қасиеттерін
үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат
жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының
қалыптасуына, айналасымен санасуына
ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда
болмасын адамзат алдында тұратын ұлы
мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің
ісін, өмірін жалғастыратын салауатты,
саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі
— келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек
қоғам иелерін жан-жақты жетілген,
ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі
озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам
алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі
адамгершілік тәрбие — балалардың
адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын
қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда,
адалдық пен шыншылдық, адамгершілік,
кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі
қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді
сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің
жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.
Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының
ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз
халық педагогикасын ғасырлар бойы
қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-
ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар,
өркениетті өмірмен байланыстыра отырып,
білім берудің барлық кезеңдерінде
пайдаланғаны дұрыс.
Ата-ананың болашақ
тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан
ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не
көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей,
ата-ананың күн сайын атқарып жүрген
жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың
үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе
соны істегісі келетінін бәріміз де
білеміз. Баланың үйден көргені, етене
жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік
тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа
ұмтылып, жағымды істермен айналысатын
адамның айналасындағыларға көрсетер
мен берер тәлімі мол болмақ.. Жас өспірім
тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді
үлкендерден, тәрбиешілерден насихат
жолымен емес, тек шынайы көру, сезім
қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның
бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың
қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады,
сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік
бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай
тәлім-тәрбие берілуі керек.
Ұлттық тәрбие
Бұл бағыттың мақсаты:
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
- этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;
- мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;
- өз халқының мәдени мұрасына;
- қазақ халқының және өзге де халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;
- Қазақстанның этномәдениетіне;
- Қазақстандағы басқа этностардың мәдениетіне және этносаралық
бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім мен жауапкершілік танытуы.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер. Этнопедагогика кабинеттерін ашу және жабдықтау; «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы және Гимні, қазақ халқының мемлекеттік тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша байқаулар, олимпиадалар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б.арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық тәрбие – бiздiң ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзетiн асыл қазынамыз. Ұлттық тәрбие қазiр елiмiзде орын алып отырған көптеген мәселелердi: ана тiлiн, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрiн бiлмейтiн жастар, тастанды жетiм балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерiндегi әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бiрте-бiрте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негiзгi жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ денi сау, бiлiмдi, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кiшiпейiл болып өседi. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында қойып отырған мақсат-мiндеттер елiмiздегi тәрбие беру жүйесiн ұлттық құндылықтар негiзiнде жасау қажеттiлiгiн тағы да дәлелдеп отыр. Жалпы «ұлттық» деген сөздiң астарында елге-жерге, тiлiмiзге, дiнiмiзге деген құрмет жатыр. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген Мағжан Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегiнде былай дейдi: «Ұлт тәрбиесi баяғыдан берi сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшiн қызмет ететiн болғандықтан, әрбiр тәрбиешi баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi». Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игiлiктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Бүгiнгi жастарға ұлттық тәрбие беру керек деген қағиданы ұстанған Ж.Әдiлов басшылық ететiн Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да ұлттық тәрбиеге, ұлттық тәрбие арқылы патриотизмге тәрбиелеудiң жүйелi жұмыстарына айрықша мән берiлуде. Университетiмiздiң құрылғанына 80 жыл толу қарсаңында ұйымдастырылып отырған шаралардың барлығы дерлiк жастардың кәсiби бiлiктi маман ғана емес, жан-жақты азамат болып қалыптасуына негiзделiп отыр. Жаңа оқу жылын университетiмiз «Менiң Отаным – Қазақстан» атты өнер экспозициясымен безендiрiлген туындылар галереясымен ашты. «Мәдениет – адамзаттың бейнесi», демекшi, Отанына, елiне, туған жерiне деген сүйiспеншiлiгiмен қатар эстетикалық дүниетанымды арттыратын өнер туындыларының жастар тәрбиесiндегi орны ерекше. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған озық тәжiрибесi мен iзгi қасиеттерiн бойына сiңiру, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру. Осы ретте халық тәрбиесiнде қыз бала тәрбиесiнiң де өнегелi үлгiлерi мол. Отбасында онымен негiзiнде әйел-аналар айналысып, мiнез-құлқының сымбатына сай болуына басты назар аударған. Қыз баланың бойына инабаттылық, сыпайыгершiлiк, iзеттiлiк қасиеттерiн дарыта отырып, оның жан дүниесiнiң жете қалыптасуына мән берген. Халқымыз қыз психологиясының ерекшелiгiн жақсы түсiне бiлген. Әрбiр отбасы, әке-шеше, аға-жеңге бойжеткен баласын ылғи да жiбектей мiнезi мен уыздай тәттi қылығымен, әдептi-iзеттiлiгiмен, иманды-инабаттылығымен, күмiс күлкiсiмен көргiсi келген. Осындай ұлттық тәлiм-тәрбие алған қыз бала болашақта ардақты ана, сүйкiмдi жар болары сөзсiз. Осыған орай, университетiмiзде ашылған студенттiк «Әй-керiм» қыздар клубында өтетiн iс-шаралар барысында студент-жастарға күнделiктi тұрмысқа байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейiнгi аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлi, сәлемдесу әдебi, сыйластық, қонақ күту, ас iшу әдебi, инабаттылық дәстүрлерi, сөйлеу және киiм кию әдебi, ұлттық тәрбиедегi еңбек тәрбиесiнiң орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгiлерi мен олардың тәрбиелiк мәнi сияқты ұлттық құндылықтарымыз насихатталуда. Ұлттық қалпымызды сақтап қалуда қазiргi жастарды әртүрлi дiни терiс ағымдардан қорғаштаудың маңызы зор. Тәрбие жұмысына ғылыми, әдiстемелiк, ақпараттық және сараптамалық қолдау көрсету мақсатында университетте «Тәрбие философиясы, дiнтану және экстремизмге қарсы әрекет ету мәселелерi» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген