400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

«Рухани адамгершілік тәрбие- білім негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы





Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: «Мұнайлы ауданы № 9 жалпы білім беру орта мектеп КММ»

Күні:

Мұғалім: Жаркымбаева Т..

Сынып:4

Оқушылар саны: 22

Тақырыбы: № 4 сабақ. Менің сыныбым –менің ұжымым.

Құндылығы:Ақиқат.

Қасиеттері:шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, қарапайымдылық.



Сабақтың мақсаты: Балаларға басқалардан жақсылықты іздеу арқылы «Ақиқат» құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

Басқалардан жақсылық іздеу туралы түсінік беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың бойында қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды шындықты айтуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

материалдар,

дерексөздер,үнтаспа.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақты жағымды күйге келтіру.

5 «Т» -ережесін еске түсіру:

1.Тәртіп.

2.Талап.

3.Тазалық.

4.Татулық.

5.Тыныштық.

Тыныштық сәті. Ойша «Су асты патшалығына саяхат»



Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

№3 «Менің жадым» жатқа айту.

№4 М.Гумеровтың «Күмән» мәтінің оқып келу тапсырылған.

1.Әңгімедегі оқиғадан сынып окушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?

2.Олардың бойынан қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар?

3.Өз сыныптарында осыған ұқсас оқиғалар болды ма?


Ескертулер

Дәйексөз

«Асыл қасиет –адалдық, асыл міндет – адалдық».

Максим Горкий (1868-1936)

М.Горкий (бүркеншік аты-Алексей Максимович Пешков) атақты орыс жазушысы, әдебиетте социалистік реализмнің негізін қалаушы.

1.Жеке оқыту.

2. Топпен оқыту.

1)Адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?

2) Адал адам қандай болу керек?

3) Адалдық, ақиқат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

4) Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?



Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйы).

«Мейірімді бала»

Ы.Алтынсарин

Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келді.

-Тақсыр патшам, -деді қыз, -менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемнің қолы, -деп өзінің қолын көтерді.

-Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.

Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді.

Сұрақтар:

1. Ы.Алтынсарин туралы не айтар едіңдер?

2. Осы шығармада Қытай елінің қандай заңы туралы айтылады?

3.Шығармада бір төре не үшін жазаға кесіледі?

4.Төренің қызы неге кінәні өз мойнына алмақшы болды?

5.Өздерің ата-аналарыңа мейірімділік танытқан кездерің болды ма?



Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.Топқа бөлу.

1-тапсырма: Әр оқушы, жанында отырған досының бойындағы жақсы қасиеттерді жүрекшелерге жазады.Жазып болған соң, оқып беріп жүрекшені досына сайлайды.

2-тапсырма:Постер қорғау

1 топ: «Досымды қолдаймын ...» түсінік бер.

2 топ: «Достығың ажырамау үшін не істеу керек?» өз ойын жазу.

3-топ: «Біздің сынып» тақырыбына өлен жазу.



Топпен ән айту.



«Дос туралы жыр» 

Сөзі: Т.Молдағалиевтікі

Әні: С.Бәйтерековтікі

Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағыныштан жүдейтін, Кім бар екен бала күнгі досыңнан.

Қайырмасы:

Жан досым,

Үстем болсын мерейің.

Әрқашан жеңісіңді көрейін.

Сырымызда бітпесін,

Жырымызда бітпесін. (2 рет)



Қос бұтағы секілденіп ағаштың,

Қатар тұрып гүлімізді сан аштық.

Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық,

Адассақ та бірге жүріп адастық.


Үй тапсырмасы.

1. №4 сабақ .«Біздің сынып» өлеңін жатқа айту (27-бет).

2. Келесі сабақ.№5 сабақтағы «Әже әңгімесі» мәтінін түсініп оқып келу (29-бет).


Соңғы тыныштық сәті

(Баяу музыка қойылады).

-Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Ақиқат,Ақиқат,Ақиқат бар жерде.

Ақиқат,Ақиқат,Ақиқат бүкіл әлемде.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі