400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани байлық-игілік көзі 1-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектебі: №1 ОЖББМ Күні:15.10.2018

Тақырып: № 7 «Рухани байлық – игілік көзі» (1 сағат)

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: адамгершілік, шыншылдық ,өз-өзіне адал болу

Мұғалімі: Губайдуллина А.Х

Сынып -10а Оқушы саны:21


Сабақ мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Білімділілік: Шыншылдықтың ақиқатқа бастайтын жол екенін ұғындыру.

Дамытушылық:Оқушылардың қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:Өз-өзіне адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» ны қайталау.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

(Оқушыларды тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісуге шақыру)

  • Қандай күйде болдыңыздар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма №7-сабақ, Н.Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» атты өлеңін оқып келіп , талдау жұмыстарын жүргізу.

Сұрақтар:

-Неліктен автор «Исі түркі жұртының тұмарындай Көктасым», деп толғанады?

-Тасқа түскен жазулардың руханилық күші неде деп ойлайсыздар?

-Рухани байлық дегенді қалай түсінесіздер?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

Әрқашанда таза болсын ар –ұжданың,жүрегің,

Өзгелерде саған адал,әділ боларын білемін.

Зорлық қылсаң өзгелерге - өзің жәбір көресің,

Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің.

Мұхаммед Бабыр

  • Адами құндылықтардан айырылып қалмау үшін не істеуіміз керек?

  • Әрекетіміз дұрыс болмаған жағдайда ішкі ойыңызда қандай өзгеріс болады?

  • Өздерің күнделікті өмірде ар-ұжданды басшылыққа аласыңдар ма?Қалай?



  1. Әңгімелеу (сұхбат) Мұғалімнің сыйы

Жүрегі бүлінбесе болғаны

Бір билеушінің көптеген күңдері болатын. Араларында өте әдемі сұлулар болғанына қарамастан бір қара күңге көбірек назар аударатын. Басқалардың мұны қызғанатынын сезген патша оларға бір-бірден үсті гаухарлармен жабылған әшекейлі ыдыстан береді. Өте бағалы ыдыстарды таңданып ұстап тұрған күңдеріне патша:
- Әрқайсысың қолдарыңдағы ыдысты жерге ұрып сындырыңдар, – дейді.
Сұлу күңдер сыйлықтарын кеуделеріне басып: – Қожайынымыздың бұндай бағалы сыйлығын қалай сындырамыз?, – десе, қара күң ғана патшаның бұйрығын екі етпестен орындайды. Ыдыс сынып быт-шыты шығады. Патша:
- Басқа күңдер осыншама бағалы ыдысты сындыруға қимағанда, сен неге сындырдың?, – деп сұрайды. Сонда қара күң:
- Маған қожайынымның көңілі маңыздырақ, ыдыстың қандай құны бар дейсің. Қожайынымның жүрегі бүлінбесе болғаны, – деп жауап береді

«Қожайынымның жүрегі бүлінбесе болғаны,» -дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адамның рухани әлемін нұрландыратын қандай адами қасиеттер ?

  • Өз жан дүниеңнің (ой,ниет,сөз іс )байып,жақсаруы үшін не істейсің? Айтып бер.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сыныпты 3-топқа бөлу

1топ Оқулықтағы Ә Асылбековтің өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, «Туған тілім-рухани асыл қазынам» тақырыбына өлең құрастырту.

2-топ«Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!»тақырыбында эссе жазу.

3-топ Өмірде жиі кездесетін кикілжіңдерден мысал келтіріп,одан абыроймен шығу жолдарын сахналап көрсетіңіз.


6. Топпен ән айту.

«Қазақ елі» Әні:С.Бәйтереков сөзі:Ш.Сариев

Қазағым сенсің қазақ – ұлы елім,

Дүсілдеп сен деп соққан жүрегім.

Мақтанам, қазағым, мақтанышым,

Тәуелсіздік таңы атқан үшін.


Қазағым, сенсің тауым асқарым,

Самғасам сенсің ұшар аспаным.

Жұлдызы, айы аман, күні аман,

Туған жерім – сенсің ұлы анам.

Қайырмасы:

Қазақ жері – бұл Қазақстан

Жаса мәңгі гүл Қазақстан.

Келешекке туған елім менің,

Қолым беріп тұр менің Қазақстан.


7. Үй тапсырмасы.

№8-сабақ, Ш.Құдайбердіұлының «Үш сауал» атты ертегісін оқып, талдау жұмыстарын жүргізу.


8. Соңғы тыныштық сәтi.

(Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.)

-Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді, бүгін өткен сабағымыздан нені түсіндік, өзімізге нені алдық, не үйрендік, сол жөнінде бір сәт ойланып, ой елегінен өткізейік және жүрек түкпіріне сақтайық.

-Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!!








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
816
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі