400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Рухани денсаулық – өмірдің мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

«Сам орта мектебі» КММ

Бухарбаева Калжан Торткулбаевна

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ-ӨМІРДІҢ МӘНІ

17 қазан

2018 жыл


Бейнеу ауданының әкімдігінің «Сам атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесі

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бухарбаева Калжан Торткулбаевна

7- «А»-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Қазақ тілі

3-бөлім

Денсаулық – зор байлық

3-сабақ: Рухани денсаулық – өмірдің мәні.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Т/А4.Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.

7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жаза алады.

Кейбір оқушылар: интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.

Бағалау критерийлері

- Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табу, негізгі ойды анықтай отырып мәтін тақырыбын ашу;

- Мәтін бойынша жалпы және нақты сұрақтар құрастыру және оған жауап беру;

- Мәтіндегі тірек сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру;

- Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, пікірін білдіру;

- Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеу және жинақы мәтін жазу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыра алады,негізгі ойды анықтай алады,мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, пікірін білдіре алады, жинақы мәтін жаза алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: рухани денсаулық, мағыналы өмір, бір ауыз сөз, қасірет, дерт, әлемге әйгі еткізу, таңшолпан, бақыт құсы,жан тетігін табу, мың әуреге салу,эмоционалды сөздер,

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Мағыналы өмір, отбасыңның рухани денсаулығы, өлең идеясы, авторлық көзқарас, бір ауыз сөз, жанды байытатын және жанды жүдететін ойлар туралы

Талқылауға арналған тармақтар:

«Бір ауыз сөздің адам денсаулығына әсері» қандай екеніне сіздің пікіріңіз?

«Рухани денсаулық – өмірдің мәні» туралы білудің маңыздылығы неде?

Ишара: ым, бас изеу, құптау.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» тұғыры -Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Білім алушыларды құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік қасиеттеріне баулу.

Пәнаралық байланыс

«Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Биология» пәндері.

Алдыңғы оқу

Рухани денсаулық туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Ресурстар

Басталуы

4 минут














Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір –біріне жылы сөзбен теңеу сөз айтады (Сен – әдемісің, ақылдысың, т.б.)

Қызызушылықты ояту:


Үй тапсырмасы сұрау - «Сұрақты қағып алу» әдісі

1. Денсаулық деген не?

2. Денсаулыққа қоршаған ортаның әсері бар ма?

3. Денсаулыққа қандай факторлар әсер етеді?

4. «Тіршіліктің төрт тірегі» дегеніміз не?

Топтарға бөлу мәтін мазмұнына сай «Тіршіліктің төрт тірегі – Күн, Ауа, Су, Жер» - сөздері жазылған кеспе қағаздар тарату арқылы жүреді.

«Миға шабуыл» әдісі.

«Ойтүрткі» сұрақты талдау – өзара пікірлесу, сабақ тақырыбын болжайды.

1.Мағыналы өмір дегеніміз не?

2.Отбасыңның рухани денсаулығы дегенді қалай түсінесің?»


Б.А.Әріпова, Г.Қосымова, Р.Рахметова

7-сынып

«Қазақ тілі» оқулығы (жоба)

Алматы, «Атамұра» баспасы

2017 ж.

(49-50 беттер)

А4 қағазы, ватмандар,

түрлі-түсті маркерлер.

таныстыры-лымдар

Ортасы:


Үнтаспадан өлең мәтінін тыңдау

«Бір ауыз сөз» өлеңі


Бір ауыз сөз – қасіретке қияды,

Бір ауыз сөз – айықпас дертжияды.

Бір ауыз сөз – ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз – жаманатқа қияды.


Бір ауыз сөз – таңшолпанын әперер,

Бір ауыз сөз – анаңдай боп мәпелер.

Бір ауыз сөз – ұл туды деп қуантса,

Бір ауыз сөз – әке өлімін әкелер.


Бір ауыз сөз – мұхиттарды жалғайды,

Бір ауыз сөз – ұран болып самғайды.

Бір ауыз сөз – әлемге әйгі еткізсе,

Бір ауыз сөз – арсыз жандай алдайды.


Бір ауыз сөз – жан тетігін табады,

Бір ауыз сөз – мың әуреге салады.

Қимас жандар көз жұмарда мәңгілік

Бір-ақ ауыз сөз айтысып, сөз айтысып қалады (К.Салықов)

1-тапсырма. СЖ.

Мәтін бойынша негізгі ойды анықтау, тірек сөздерді іріктеу («Түртіп алу» әдісі), сөйлем құрастыру.


№

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1


2


Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Мәтіннен тірек сөздерді табады

Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады;

Мәтіннен тірек сөздерді таба алады.



ҚБ. «Күлдіргіш бейнелер» арқылы бағалау







К.Салықов «Аққу жеткен» жинағы «Қайнар» баспасы Алматы

1995 ж

(18-бет)













































2-тапсырма. ТЖ. «Пікірлер парағы» әдісі.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, талдау жасау.

1. Өлең идеясындағы авторлық көзқарас қандай жолдарда көрінеді?

2. Бірауыз сөздің адам денсаулығына тигізер әсері қандай? Неліктен деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде.

3. Өлеңдегі жанды байытатын немесе жанды жүдететін ойды қандай сөз қолданыстары беріп тұр?

4.Қазіргі күнде өз өмір сүріп жатқан ортаңда бір ауыз сөздің әсері сен үшін қалай әсер етеді? Пікіріңді бөліс.

№

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1


2

3

Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

Жауаптарды салыстырады.

Сұрақтарға пікір білдіреді.




Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап бере алады. Жауаптарды дәлелдермен салыстыра алады.

Сұрақтарға нақты пікір білдіре алады.

ҚБ. «Күлдіргіш бейнелер» арқылы бағалау


3-тапсырма. ЖЖ.

Қазақ халқының «Жаны саудың – тәні сау» деген сөздің өлеңдегі идеяға қатысы бар ма? «Дербес пікір жазу» тәсілін қолданып, пікіріңді жаз (уақыт мөлшері -7-8 минут)

№

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1

2

3


4

Өзіндік пікірін жазады.

Дәлел келтіреді.

Өз пікіріне қарсы пікір айтады.

Қорытынды пікір айтады.

Өзіндік пікірін дәлелдермен бере алады;

Өз пікіріне қарсы пікірді дәлелдермен бере алады.

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, қорытынды пікірін білдіре алады.

ҚБ. «Күлдіргіш бейнелер» арқылы бағалау

4-тапсырма.Ж.

Тыңдалым мәтініндегі ақпаратты пайдаланып, жинақы мәтін жазу.


№

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1



2

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады


жинақы мәтін жазады..

Мәтін бойынша жалпы және нақты сұрақтар құрастыра алады және оған жауап бере алады;

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, пікірін білдіре алады.

ҚБ. «Күлдіргіш бейнелер» арқылы бағалау.









Аяқталуы



Бағалау: Бағалау парақшасы

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Бағалау парақшасы.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс .Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерді АКТ – мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Оқушымен жылы сөйлесе отырып, түсінбеген сұрақтарына қосымша идея алу үшін бағыттаймын. Қабілетті оқушыға тапсырманы күрделендіремін.



Жеңіл сұрақтарды орташа оқитын оқушыларға беремін.

Жақсы оқитын оқушыларға деңгейіне қарай отырып берілетін сұрақты күрделендіріп барамын.

Қалыптастырушы бағалауда ««Күлегеш бейнелер» арқылы жүргізуді пайдаланамын.

Жиынтық бағалауда «Бағалау парағынан» пайдаланамын.

«Қазақ әдебиеті, «Қазақстан тарихы», «Биология» пәндерімен байланыстырамын.

АКТ-ны пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескеремін.

«Мәңгілік ел» тұғыры құндылығына баулуды мақсат етемін.


Рефлексия.

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақтағы көзделген оқу мақсатына жете аламын.

Оқушылар бүгінгі сабақта тарихқа шолу жасай отырып, ұлттық мәдениетіміздің қайнар бұлағы «Рухани денсаулық – өмірдің мәні» туралы түсініктер ала отырып, оны тілдік дағдылар негізінде санасына сіңірді. Мен жоспарлаған саралау жоспарлары тиімді болды.

Мен тапсырманы берілген уақыт ішінде үлгердім.Сабақ жоспарына өзгерту енгізу қажет емес.

Қорытынды бағамдау.

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға байланысты)

1. Мәтін бойынша тірек сөздер негізінде ойды анықтауы;

2. «Пікірлер парағы» әдісі.

Қандай екі немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

«Пікірлер алаңы» әдісін қолданғанда;

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөніндегі келесі сабағыма қажет мүмкін қандай ақпарат білдім.

Қабілетті білім алушыға қосымша тапсырмаларды тиімді үйлестіріп беру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
1031
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі