400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Рухани және отбасы құндылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отбасы сүйіспеншілікті сезіне білуге үйретеді, жақсылыққа жетелейді, үлкендерді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелейді, Отанға деген ыстық сезім- жақындарына, туған туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Адам баласының ой- санасы өсіп, ақыл ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы- жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы





М-С. Бабажанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

















Тренинг сабақ



Тақырыбы: «Рухани және отбасы құндылығы»

















Қатысушылар: «Жас психологтар»

Жетекші: психолог М.Момынова.





















Тренинг: «Рухани және отбасы құндылығы»



Мақсаты: Жасөспірімдерге рухани отбасылық құндылықтар туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеті :

  • Отбасы құндылықтарын, отбасы ерекшеліктерін жаңарту, «отбасы» құндылықтарын құрметтеу;

  • Отбасылық құндылықтардың қалыптастыру, тыңдай білуге және кері байланыс жасай білуге тәрбиелеу;

  • Отбасылық құндылықтардың қалыптасуына ықпал ететін жеке қасиеттерін дамыту;

Ұйымдастыру түрі: тренинг.

Құрал-жабдықтар: плакат, түрлі бейнедегі суреттер, қатысушылар санына сәйкес түрлі- түсті қаламдар, ақ парақтар.

Тренингтің барысы:

Ұйымдастыру сәті. Сәлематсыздар ма құрметті оқушылар. Тренинг сабағымыздың тақырыбы «Рухани және отбасы құндылығы» туралы болмақ. Мақсатымыз Рухани және отбасылық құндылықтарын дәріптей отырып. Жасөспірімдерге рухани отбасылық құндылықтар туралы түсінік қалыптастыру.



Психолог: Адамға өмірде ең қымбат -отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір- бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отбасы сүйіспеншілікті сезіне білуге үйретеді, жақсылыққа жетелейді, үлкендерді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелейді, Отанға деген ыстық сезім- жақындарына, туған туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Адам баласының ой- санасы өсіп, ақыл ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы- жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе, ол әдепті, ақылды азамат болып шығады. «Анасына қарап, қызын ал», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді дана халқымыз. Әр баланың көкірегінде адалдық пен мейірімділік , жауапкершілік пен кешірімділік отбасында орын алады.

Сондай-ақ, отбасының өзіндік құндылықтары бар. Көптеген адамдар некеге сүйіспеншілік негізделуі керек деп санайды. Махаббат - бұл басқа адамға бейімділіктің бір түрі, оны сөзбен түсіндіру қиын. Адамдардың бұл бірлігі тарихтағы барлық философиялық түсініктер мен гуманистік діндер арасындағы ең маңызды құндылық болып саналады.

Адамдар кез-келген жағдайда бір-біріне қамқорлық көрсетіп, қолдау көрсете бастағанда жақын болады. Адам өз өмірінде жиі кездесетін және оның үмітін төмендететін түрлі проблемаларға кезігеді. Мұндай күйзелістерді бастан кешіру өте қиын. Сондықтан, жақын адамдарымен толтырылған үй - адамға әрдайым қолдау көрсетілетін және түсінетін пананың түрі.

Бауыржан Момышұлының «Ата- ана қадірін білмеген, ел қадірін біле алмас, ел қадірін білмеген ата- ана қадірін біле алмас » дәйексөзінің мағынасын қалай түсінесіздер? ( қатысушылармен ой бөлісу)





Тренингке қатысушыларға тапсырма:

Өміріңде жаныңа жақын адамыңмен бірге өткізген мақтануға тұратын бір сәтің болды ма? Мысал келтір ... (оқушылардың жауаптары тыңдалады)



«Отбасы құндылығы» постерін қорғау.



Тренингке қатысушыларды үш топқа бөлу:



І топ: «Қамқор әке»

ІІ топ: «Мейірімді ана»

ІІІ топ: «Ақылды бала» тақырыптарында өз ойларын постерге салып, қорғау.



Рефлексия

- Тренинг сабақ сіздер үшін қаншалықты пайдалы болды?

- Отбасы құндылығын қалай түсінесіздер?

- Отбасылық өмірдің басты құпиясы неде?

Жауаптар тыңдалады.

Қорытынды: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы­­ның кепілі. Әр бала атаның қаны­­мен, ананың сүтімен келетін туабітті қа­сиеттер сияқты ұлттық рухани құн­дылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ. 

Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі керек : Отбасы алдындағы жауапкершілікті сезіну керек.






Тренинг сабағымызды аяқтаймыз. Рақмет.

Сау болыңыздар!

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.11.2023
216
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі