Материалдар / Рухани жаңғыр" аясында: "Болашақ біздің қолда!" атты КТК жайдарман ойыны.

Рухани жаңғыр" аясында: "Болашақ біздің қолда!" атты КТК жайдарман ойыны.

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп ішілік жайдарман ойыны: баллардың ойын, өмірге деген көзқарасын және киелі сахна әлеміне құрметпен қарауға, ойында образды шынайы ойнауына көп көмегін тигізеді. Яғни, оқушыны басқа қырынан дамытуға, сөз шеберлігін, өзін-өзі бағалай білуге, өнерін дүйім жұртқа көрсету арқылы бағалануы.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Ақмола облысы,

Егіндікөл ауданы,

Тоғанас ауылы, «Жаңақоныс негізгі мектебі»

Тәрбие ісі меңгерушісі: Утебаева Жанаргүл Серікқызы



Мектеп ішілік «КТК» жайдарман ойындары

Тақырыбы: «Рухани жаңғыру» аясында «Болашақ біздің қолда!»  

Қатысушылар: 8-9 сынып оқушылары, «Бірлік» және «ТТТ- тоғанастың тиянақты тарландары» командалары.



Жүргзуші:

Армысыздар ауылдастар,

Бармысыздар қонақтар.

Ұлы тұлғалы ұстаздар,

Оқу қуған оқушылар.

Жаңақоныс негізгі мектебінде өткізгелі отырған, жайдарман ойынына қош келдіңіздер!

Қалжыннан несіне сескендің,

Қазағым әзілмен көшкен жұрт.

Күлкіге шөліңді қандырар,

Жайдарман клубына қош келдің! -

«Өнерлі өрге жүзер» «Өнерлі болу,олда байлық» -демекші бүгінгі ойынымыздың тақырыбы «Рухани жаңғыру» аясында «Болашақ біздің қолда!»  тақырыбында өтіледі.

Өнер көрсететін өнерпаздар сіздерге өнердің түрлері, және өнер арқылы ел алдына қалай шығу керектігін әдемі әзілмен,үйлескен ұйқаспен,күлкілі көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізеді деген сенімдемін.

Әзіл қалжын жадыратар көңілді,

Нұрландырып жібереді өмірді.

Келіңіздер көріңіздер шаттана,

Ұсынамын кең құшақты төрімді-

дей отырып, сіздердің көңілдеріңізді көтеріп,әдемі әзіл айтып, тамаша күлкі сыйлайтын жайдарманшыларды қошеметпен ортаға шақырайық!

«Бірлік» тобынын жайдарманшыларын ортаға шақырайық!

«ТТТ» Тоғанастың тиянақты тарландары» жайдарманшыларын қарсы алыңыздар!

Бәрекелді! Бәрекелді!

Топтар ортаға келді.

Жиналған барлығың,

Әзілмен күлдірт елді.- деп сіздерге ақ тілек тілейік. Құрметті қауым бүгінгі ойында сіздердің алдарыңызда өнер көрсететін жайдарманшылармен таныс болдық. Енді -

Әзілдің әжесін,

Қалжынның қожасын.

Көрністің көркісін,

Әртістің әр ісін.- бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Әділ-қазылар алқасының төрайымы: Ищанова Әсел Мажитқызы

2.Әділ-қазылар алқасының мүшесі: Алпыс Арғын Қойлыбайұлы.

3.Әділ-қазылар алқасының мүшесі: Мухамеджанова Гүлзира Рамазанқызы

Қазылар алқасының бағалау өлшемі болып табылады:

  • тапқырлықпен әзіл - оспақ;

  • шығармашылық деңгейі және орындаушылық шеберлік;

сахналық мәдениет;

  • әдептілік пен құлықтылық;

  • уақыт регламентін сақтау;

  • импровизация;



Бүгінгі ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:

1.СӘЛЕМДЕСУ; / жиналған көпшіліктің көңілдерін көтере отырып ,әзіл-қалжынмен сәлемдесу / 7 мин/

2.СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ яғни 5 жаңалық ; Ауыл,мектеп,білім ,денсаулық т.б.салалар бойынша жаңалықтар 5 мин/

3. «Әзілін жарасса» пародия

4. Үй тапсырмасы /тақырыбы: Болшақ біздің қолда!/

Барлық жайдарманшыларға ортақ тақырып «Болашақ біздің қолда!»

Жайдарманшылармен таныс болдық, олай болса қошеметпен дайындыққа сахна сыртына шығарып салайық! СӘТТІЛІК тілеймін!

Жүрекпенен сәлем салайық,

Қабыл ал кең жүректі халайық.

Ортаңызға келіп қалдық көрермен,

Күлдірейік көңілдерді табайық.--дей отырып, алғашқы СӘЛЕМДЕСУ бөлімінде: Бірлік және ТТТ командалары

Рахмет өнерпаздар,енді осы СӘЛЕМДЕСУ бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен: / ұпай сандары көрсетіледі/

Күлші тағы күлімде,күле берші,

Күлкіңмен жүрекке гүл егерсің.

Сыңғырлаған бұлақсың күміс үнді,

Көмейімнен төгілген жыр өлеңсің.-деп,келесі бөліміміз СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Сахнада өзінің жаңалығымен,Бірлік командасы:

Рахмет ТТТ, Тоғанастың тиянақты тарландары!Ал әділ-қазылар алқасы оқушылар жеткізген жаңалықтарды бағалаңыздар! Алғаш болып жаңалық оқыған: / ұпай сандары көрсетіледі/

Келесі бөліміміз: породия / берілген мутфильм немесе кино бойынша әзіл құрастыру /уақыты 5 мин/

Рахмет өнерпаздар,енді әділқазылар алқасы осы ҚАЙЫМ АЙТЫС бөліміне берер бағаларыңыз! / ұпай сандары көрсетіледі/

Әзіл-қалжын жасай берсін тағы да,

Өнер көрсет, күтетіндей сағына.

Көрерменді қуанышқа бөлейік,

Әзіл бөліміне кезек берейік.-демекші, келесі бөліміз Үй тапсырмасы !Ортақ тақырып «Болашақ біздің қолда!» Ортада өздерінің өткір әзілдерімен:

Рахмет! әзілқой өнерпаздар! Осы бөлімнің бағасын білсек,бірінші болып өнер көрсеткен: / ұпай сандары көрсетіледі/

Рахмет, Әділ-қазылар қорытынды балдарын шығарғанша,ортада: «Ән шашуды» қабыл алыңыздар!

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында:

Құрметті қауым ««Рухани жаңғыру» аясында «Болашақ біздің қолда!»  тақырыбына өткізілген Жайдарман ойыны

өз мәресіне жетті,жайдарманшыларға көп-көп рахмет!Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Марапаттау
Жеңіп шыққан «Бірлік» командалары дипломдармен және кубоктармен марапатталады. Қазылар алқасы пікірінше «Үздік ойыншы» деп танылған Сабыр Ақерке және «Көрермен көзайымы» Бокишев Айсұлтан мақтау қағаздарымен марапатталды.







02 Ақпан 2019
793
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі