400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшісіне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол
Сабақтың мақсаты:
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын
ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы
ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру

Сабақ барысы:

1- жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2- жүргізуші:"Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол" атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

2-жүргізуші: Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халықтың тәуелсіздік алғалы бері жүріп өткен жолдарын еске түсірейік.
1- жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
2- жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1-жүргізуші: 1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
2- жүргізуші: 1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
1-жүргізуші: 1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.
2-жүргізуші: 1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына
«Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

1-жүргізуші: Ал, 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады.
2-жүргізуші: Осы жолдау аясында Елбасымздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді.
1-жүргізуші: Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қалың жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленіп, халықтың кең қолдауын табуда.
2-жүргізуші: Олай болса, бүғінгі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы төңірегіндегі әңгімені жалғастыруды сынып жетекшіміз Гүлсара апайымыз жалғастырса деймін.

Мұғалім сөзі: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Осы орайда, мен әңгімені «Дөңгелек үстел» төңірегінде өрбітсем деп отырмын.
Құрметті оқушылар «Дөңгелек үстел» басына қош келдіңіздер!
Бүгінгі әңгімемізді Елбасымыздың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы төңірегінде болғалы отыр. Бұл мақала – «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жол­дауының заңды жалғасы іспетті. Олай болса, аталған мақала жайында өз ойларыңды ортаға салып отырсақ жөн болар еді
-Елбасымыз өз еңбегінде қандай мәселелерді қозғады?
Жауап: Елбасы еңбегінде елді рухани жаңғырту мәселелерін қозғайды. Ол екі бөлімнен тұрады.
1-бөлім: XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы.
2-бөлім: Таяу жылдардағы міндеттер
Мұғалім сөзі: Елбасы еңбегінде елді рухани жаңғырту барысындағы XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы айтылған ойларына ерекше тоқталғым келіп тұр.
Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. Сонымен Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында біздерге сенім арта отырып, «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтарды, яғни жаңғырудың алты бағытын көрсетіп берді.
-Елбасымыз «Сананы жаңғыртудың» негізгі қандай бағыттарын белгілеп берді?
Жауап:
1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.

Мұғалім сөзі: Елбасы рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретінде бәсекеге қабілеттілікті ұсынады. Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына ұлт Көшбасшысы ерекше назар аударып отыр­ғаны бекер емес. Олай болса, осы «Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы бойынша өз пікірлеріңді ортаға салсаңыздар деймін (Оқушылардың пікірлері тыңдалады).

Оқушы: Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады.

Оқушы: Бәсекелік қабілет дегеніміз –сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбекте болуы мүмкін.
Оқушы: Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие алу керек. Тәрбиесіз бі­лім – сусыз диірмен. Сондықтан тәрбие мен білімді қатар жүргізуіміз қажет. 

Оқушы: Бәсеке аяқтан шалып озу емес, өзіңнің ұтымды тұстарыңды көрсету арқылы алға жылжу деп түсінемін.

Оқушы: Елбасы ең алдымен бәсекелікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөледі.Жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап, бет алып барады. Ендігі жерде кім жанталасып жақсы жұмыс істейді, кім өз мамандығын жетік меңгеріп, жаңалыққа қалай тез қол жеткізеді – соның жолы болады. Табысқа сол кенеледі деп ойлаймын.
Мұғалім сөзі: Керемет ой-пікірлерді ортаға салдыңдар деп ойлаймын. Дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, әр түрлі озық жоба­ларды игеруде. Бұл да– Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабілет­тіліктің» бір шарты.  Ал, енді әрбір тұлға бәсекеге қабілетті болуы үшін білімнің де орны өте ерекше екені сөзсіз. Олай болса, Елбасымыздың ұсынған бағыттарының бірі - «Білімнің салтанат құруы» деп аталған болатын. Иә Елбасымыз қазіргі таңда білім саласына ерекше көңіл бөлуде.

Еліміздің табысты келешегі– білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды.
Олай болса, осы білімге сендердің көзқарастарыңыз қалай?
Оқушы: Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің әрқайсысымыздың басты мақсатымыз.. Табысты болудың ең басты қағидасы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді деп ойлаймын.
Оқушы: Елбасымыз білімге ерекше көңіл бөлуде. Осыған орай елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер мен зият­керлік мектептер ашылды. Бізде осындай жақсы оқу орындарында оқығымыз келеді. Білімімізді одан әрі шыңдағымыз келеді.
Оқушы: Болашақ білімді жастарымыздың қолында. Еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек деп білемін. Ол үшін терең білім алып, алған білімімізді өмірде қолдана алатындай дәреже сапалы білім алуды мақсат етуіміз керек.
Мұғалім сөзі: Иә, білім- рухани жаңғырудың басты алғышарттарының бірі. Өйткені, ой жүйесі терең, дүниетанымы кең, білімді адам ғана бәсекеге төтеп береді деп ойлаймын. Ал, осы білімділікке ұмтылуда, Отанға, елге деген сүйіспеншілігімізді, Ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымызды сақтау баршамыздың міндетіміз деп білемін. Олай болса, «Ұлттық бірегейлігімізді сақтау» деп аталатын бағытында Елбасымыз бізден не күтеді деп ойлайсыңдар?.
Оқушы: Ұлттық бірегейлікті сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылық­та­ры­мыздан бастау алады десек, сол құнды­лықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз. 
Оқушы: Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Оқушы: Әрине, ұлттық құндылықтардың бәрі жас ұрпаққа отбасынан, балабақшадан, мектептен берілері анық. Сондықтан ата-ана да, ұстаздар да ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қойғаны абзал деп ойлаймын.
Оқушы: Мемлекет басшысы жаңа еңбегінде ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесіне де нақты тоқталады. ұлттық дәстүріміздің «озығы мен тозығы да бар» демекші бұл ретте мейлінше көнерген кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу мәселесіне де нақты көңіл бөледі.
Оқушы: Елбасы ойы бойынша қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену деп түсінемін.
Мұғалім сөзі: Иә, «Мен қазақпын» деген әрбір Қазақстан азаматы өз елінің ұлттық болмысын, ұлттық құндылықтарын біліп оны сақтауға міндетті деп білемін. Біз дамыған елдердің қатарына ену мақсатында Елбасымыздың саясатын қолдап жаңғыру жолындамыз. Әрине жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Ал, осы тұрғыда Елбасымыздың көрсетіп берген келесі бағыты «Прагматизм» деп аталады. «Прагматизм» ұғымы біздің санамызға енген жаңа бір ұғым тәрізді. Елбасымыз бұл бағытта бізге қандай жол көрсетті екен?
Оқушы: Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты мақаласында құрдымға кеткен апат аймақтары туралы айтқан. Иә, өткен ғасырға көз жүгіртетін болсақ миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Көптеген жерлеріміз экологиялық апат ай­мағына айналды. Мысалы Арал теңізін айтсақ болады. Арал теңізі аңқасы кепкен қу шөлге айналды деген. 
Мұғалім сөзі: Ал, Жер-Анамыздың осындай күйге түсуіне қандай себеп болды деп ойлайсыздар?
Оқушы: Жер-Анамыздың, табиғатымыздың аяусыз күйге түсуі- оған аса немқұрайлы қарауымыздан деп ойлаймын.
Оқушы: Елімізді, жерімізді, табиғатымызды сақтап аялауымыз керек. Жер үстіндегі және жер асты байлықтарымызды ысырапсыз қолдана білуіміз керек.
Оқушы:Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
Оқушы: Қазіргі таңда күнделікті тіршіліктегі орын алып жатқан ысырапшылдық пен астамшылықты көптеп кездестіреміз. Кез келген затты болсын, асты болсын өз орнымен үнемді қолдана білуіміз керек.
Оқушы: Мен прагматизм деген бағытта Елбасымыздың сөзінен ұққаным «жоқтан бар жасау» деген түсінікке тоқталдым. Кез келген заттың қадір-қасиетін біліп, оны текке лақтырып тастамай одан қолданыстағы бұйымдарды да жасауға болады екенін түсіндім.
Мұғалім сөзі: Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз кейде күйбең тіршілікте көп нәрсенің парқын білмей астамшылық жасап жатамыз. Міне Елбасымыз өз мақаласында осыған ерекше тоқталып отырған жайы бар. Елбасымыз бізден көп үміт күтеді. Қазақ халқының бейбіт өмір сүруіне мүмкіндік беретін «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» атты бағытта ерекше тоқталып өткен деп ойлаймын.
Оқушы: ХХ ғасыр революциялық сілкі­ніс­терге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт­­­тар­ға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгерт­ті. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то­лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.
Оқушы: Бұл ғасырда қазақ халқының басына не келіп, не өтпеді десеңізші. Небір қиын қыстау заманда қиыншылықтарды халық өзінің біртұтастығымен, ауызбіршілігімен жеңе білді деп ойлаймын.
Оқушы: Бұл Революциялық дәуір болатын. Бұл дәуірде қазақ халқының тілі мен мәдениеті жойылып кете жаздады. Халық саны тіпті азайып кетті.
Оқушы: Ұлт болып ұйып отырған халықты қыруға бастайтын революциялық дәуір келмеске кетті деп айту әзірге ерте. Бірақ қандай жағдайда да сақ болуымыз керек. Біз даму үстіндеміз. Сондықтан да бұдан кейінгі кезеңдерде дамудың революциялық емес, эволюциялық даму жолын таңдап дамуымыз керек. Яғни, кезген қиыншылықты бейбіт жолмен шешуге тиістіміз деп ойлаймын.
Мұғалім сөзі: Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді. Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп отырған мына дүбірлі дүниеде, Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған ескі қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Осы орайда Елбасымыздың көрсеткен келесі бір бағытының бірі: «Сананың ашықтығы»,- деп аталатын бағыт бойынша өз ойларыңды ортаға салсаңыздар деймін.
Оқушы: Әлем қарқынды өзгеруде. Біз де осы көштен қалмай алға қарай жылжуымыз керек. Көрші мемлекеттермен еркін иық тіресіп тұратын халге жетуіміз керек деп білемін. Сол себепті тіл үйрену қажетті байланыс құралдардың бірі деп білемін.
Оқушы: Әрине өзіңнің ана тіліңмен бірге ағылшын тілін үйрену жа­һандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің бас­ты шарты.
Оқушы: Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Қорытынды:: Міне «Дөңгелек үстел» басына жиналған оқушылар қауымы сендер Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталған Елбасымыздың мақаласы төңірегінде өз ойларыңды ортаға салдыңдар. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отырғаны баршамызға айқын. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш.








Жүргізуші: Рахмет! Құрметті «Дөңгелек үстел» басында өз ой-пікірлерін ортаға салған оқушылар. Елбасымыздың сенімін ақтар, озық ойлы, көкірегі ояу, дүниетанымы кең өз елінің нағыз патриоты болар азамат болатындарыңа мен сенім білдіремін.
Жүргізуші: Әрине, мен өз достарымды білемін. Келешекте Еліміздің үмітің ақтар, яғни ел билігінің тізгінін ұстар азаматтар, ұстаздар мен дәрігерлер сонмен бірге әнші де, бишіде, суретші де бар біздің ортамызда. Мен олармен мақтана аламын.
Жүргізуші:Біздің ортамызда бәсекеге қабілетті тұлғалар өте көп. Соның бірі бүгінгі таңда алдарыңызда өзінің суреттер көрмесін ұсынып отырған Төлеутай Ұлпан мен Беспаева Жанарды қошеметтеп қоялық.
Жүргізуші: Олай болса, ортада 6 «Ә» сынып оқушыларының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кешімізге арналған өнерлерін тамашалаңыздар.
1.Ән: «Қазақ жастары». Орындайтын Тоқмырзаев Мұхамеджанды ортаға шақырайық.
2. Өлең шумақтарын мәнерлер оқу.

Елбасына арнау

Тəуелсіздік таңы атқалы 26 жыл толыпты, Мəңгілік ел мақсатың,
Өсіп-өніп Қазақстан 50 елдей болыпты. Керектісі ұлттық код.
Қазағымның басына, Прагматизм, бəсеке
Құдайберген бақ құсы кеп қоныпты. Білім басты назарың

Елбасымыз Əбішұлы Нұрсұлтан, Атап айтқан дүниең,
Арқау болып жеріне, Болса егер қазағым
Жолдау жолдап, Мыңдаған жыл əлемде,
Тұрады əркез еліне. Мəңгілік ел боласың.

Қазағым, барым деп шіркін, Ер аға сеніп еліне,
Қазақстан қане дүр сілкін. Жастарға артты үмітін.
Биылғы жылғы бағытың, Замандас қане ұғынып,
Болашақ бағдар: рухани жаңғыруың. Біріккін болашақ күніне .Нұр аға деді сөзінде:
-Ұлттық мемлекет болайық,
Бабалар жолын жалғайық.
Сана-сезім оянып 1000 жылда
Жаңалық бір қылайық

Туған жер-қуанышым
Ұлымын мен қазақтай паң халықтың, Көзің жетіп,ішің жылып қалады,
Бабамдай боп Еуропаға барыппын. Қолда барда еркіндігім бағалы.
Дүйім елді қорғап өткен тұлғаның, Жат адамдар түтініңді түтетпес
Жолын жалғар ізбасар боп қалыппын. Біздің отты қазақ қана жағады.

Жеткен биік жетістігім көп менің, Өн бойымда көк түріктің қаны бар,
Елге жақпын,мен әрдайым біргемін. Ата сөзін тұмар қылып тағынар.
20 жасқа келген қалам-жүрегім, Елдік туын таптатпайтын табанға
Ол-Астана,бой түзеген іргелім. Керек әр кез намыстылар,арлылар.

Ашық аспан тілейінші еліме, Рухымыздың жаңғыруы саған да,
Астанама,қазағымның төріне. Керек екен күллі жұрттың бәріне.
Жүргізуші:
Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би,- деп мың бұалған биші қыздарымызды «Қыздар вальсі» биімен ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,- деп ортаға әнші жігіттеріміз Заңғар мен Мұхамеджанды шақырайық.
Жүргізуші: Қазақ халқында мақал-мәтелдің орны ерекше. Мақал-мәтелдің тәрбиелік маңызы зор. (Бір топ оқушы мақал-мәтелдер айтады)
Жүргізуші:
Домбыраның үнінде,
Тағдырыңның үні бар.
Шерлі күйдің тілінде,
Шеменді жан да ұғынар,- дей отырып, Кенже Тұлғаталпынды «Менің анам-алтын» әнімен ортаға шақырайық.

Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тәрбие сабағымыз аяқталды.
Жүргізуші:
Мұғалімнен өнеге – білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Тәрбиенің қайнар көзі мен бірге білім нәрімен сусындатқан ұстаздар сіздерге мыңда бір алғысымызды білдіреміз.


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі