400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМДЕРГЕ КЕРЕК
Материалдың қысқаша нұсқасы


"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша өткізілген іс-шаралар

Бұл жаңғыру –тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты !

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде.

Ұрпағымыз болсын десек сауатты.


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Краснокиевка орта мектебінде мектепшілік жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы болып табылады. Кез келген елдің келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты екенін ескерсек, аталған бағдарламаның маңызы айрықша болмақ.

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің жұмыс жоспарына сәйкес 2 қыркүйек «Білім күні», «Рухани жаңғыру» аясында «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша білім сабақтары өткізілді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Ең бастысы- жас ұрпақ бойында Отанға , туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.«Ұрпақ тәрбиесі- ата- баба арманы», «Өзімнен асып түссе ұлдарым, ана болу бақытын ұмытпаса қыздарым» деген халық тілегі қандай десеңізші.

Денсаулық күніне арналған іс-шарада дене шынықтыру пәні мұғалімі Кулинка В.Н. ұстаздар мен оқушылар арасында түрлі спорттық ойындар мен эстафеталар өткізді.

16-22 қыркүйек аралығында Тілдер апталығына орай «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты сайыс сабақтарын қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдеріБекова А.К ,Сапар М.Е. өткізіп,сайыста оқушылар 3 топқа бөлініп әртүрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындап,жеңімпаз топтар марапатталды.Ағылшын пәні мұғалімі Табылдынова А.С. мен орыс тілі мұғалімі Жабовская Н.А. XIX ғасыр көзбасшысы интелектуалды ойынын өткізді.

1-қазан қарттар күніне орай «Қайырымдылық пен сыйластық» концерттік бағдарламаны орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дегтярёва В.Т.жауапкершілігімен ұйымдастырылып өткізілді.

Мектеп тәлімгері, Жабовская Н.А. «Мирас» валонтерлік іс-шара ұйымдастырып,мүгедек ,зағип ,жалғыз басты басты зейнеткерлерге «Добрые сердца»Тимуровшылар отряды көмек көсетті.Барова Т.А жетекшілігімен ұстаздар күні жоспарланып өткіліді.Мектеп оқушылары ауыл тарихы жайында, көне бұйымдар жинау жұмыстарын өткізді.30-шы қазаннан 3-ші қарашаға дейін «Маған күлкі сыйла» атты акциясы өткізіліді.

География және тарих пәні мұғалімі Жизницкая Л.С.география апталығын Рухани Жаңғыру аясында өткізіп, Латын әліпбиіне көшу туралы 9 сынып оқушысы Лент Марина шағын жоба жұмысын жасап қорғады.

2017ж.2 қарашада Краснокиевка орта мектебінде Донецк с/о әкіміСүлейменов С.Қ. және денсаулық сақтау қоғамының жетекшісі Сабитова Ж.С қатысуымен, ауыл тұрғындары мен ұстаздар арасында «Рухани жаңғыруҰлттық жаңғыруы» атты тыңдалымы өтті. Шара, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын кең көлемде насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.    Бірінші болып сөз алған ,ауыл әкімі Елбасының өз елімізде ғана емес, алыс-жақын шет елдердегі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлердің жоғары бағасын алған бағдарламалық мақаласының маңызы мен мақсат-мұраты жайында егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар елбасы мақаласын насихаттау мақсатында , өткізілетін мәдени іс-шаралар жоспары, жүзеге асырылуы барысына тоқталып өтті.

Сонымен қатар Мектеп директоры В.М.Высоцкий Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы көтерген латын әліпбиіне көшу мәселесі өзекті әрі орынды екенін айтты. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылады. Бұл жазу елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш. Әлемдік өркениетке аяқ басуымызға, еліміздің заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, дамуына септігін тигізетіні сөзсіз», - деді. 

Сонымен қатар, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары В.Э.Дегтярёва да латын әліпбиіне көшу өркениетті елдердің қатарына қосылуға мүмкіндігімізді кеңейтетіндігіне тоқталды. Ол жаңа оқу бағдарламасының латын әлібиінде енгізілетіндігі жөнінде мәлімдеме,бейнеролик ұсынылып жасады. 

Жиынға қатысушылар қоғамның назарын өзіне аудартқан мәселелердің бірі латын әліпбиіне көшудің ұтымды тұстарын ортаға салып, ой бөлісті. Олар латын әліпбиіне көшу ұлттық санамызды қайта жаңғыртуға жол ашатындығын түсінді. Өркениетке жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін ұғынды. Елбасы шешімін қолдап, жүзеге асыруға үлес қосатындықтарын білдірді.

29 қарашада «Рухани жаңғыру», «Тәрбие және білім бағдарламасы аясында «Крылья таланта-2017»жаңашыл жоба фестиваліаудандық мәдениет үйінде өткен іс-шараға біздің мектептен 11-сыныптың оқушылары «Менің туған жерім» номинациясына қатысты. Яворская Валентина, Мағжан Жұмабаевтың «Туған жер» өлеңін нақышына келтіріп оқыды.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.

А.К.Бекова.қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Краснокиевка орта мектебі КММ



"



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі