жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Рухани жаңғыру
«Құрық ауылының №6 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты
Өткізген: Болтекова Шынарай
Тәрбие сабағының мақсаты: Рухани жаңғыруды
сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды
жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас
ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш
сезімін ұялату, ұлттық рухты
сіңіру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың –
табысты ел болуымыздың кепілі екенін
біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа
бағдар
Көрнекіліктер: ноутбук, нақыл сөздер,
суреттер, плакат т/б.
«Ой қозғау». Сұрақтар қойып, жауап
алу.
1.
Отан деген
не?
2. Қазақстанның
рәміздерін ата?
3. Қазақстан
Республикасының Президентін
ата.
Ту - Шәкен
Ниязбеков
Елтаңба - Шота
Уәлиханов, Жандарбек
Мәлібеков.
Әнұран - Ш.
Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Н. Ә.
Назарбаев.
Таныстырылым:
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын,
бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына
қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,
яғни одан бұрын жаңғырып отыруы
тиіс.
Елбасы Н. Ә.
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Назарбаев
Зияткерлік мектептерінің 2017 - 2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының
басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани
жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен
насихаттау болып табылады.
Отанды сүюге,
өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең
көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға
бағыттау. Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау,
зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. Өзінің даму
барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік
құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны
тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық
патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде
қалыптасады.
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде.
Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген
ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып,
әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын
қалаймын. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
туралы
Елбасының бұл мақаласында қазіргі
Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл –
мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ
ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге
болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай
қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасынхалық
назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа
ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа
дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру
жолының алты бағдарын
ұсынған.
Рухани жаңғырудың алты қанаты:
-
Бәсекелік қабілет. Қазіргі таңда, жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
-
Прагматизм. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу.
-
Ұлттық бірігейлікті сақтау.Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Білімнің салтанат құруы
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен жоғары қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Қазақстанның революцялық емес, эволюциялық дамуы
Сананың ашықтығы
Өлеңдер оқылады: Лаура және Гүлбану
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,
Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.
Ұлттық дәстүр – менің ұлттық құлпым,
Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.
Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,
Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.
Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «Рухани жаңғыру» дәлел. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән – салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады.Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін.Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгенін түсіндім. Елімізде әлеуметтік – экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Сондай-ақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады.
Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
Сергіту сәті: «Сөйлемді Аяқта»
«Рухани жаңғыру - .........»
«Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру»
«Рухани жаңғыру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»
«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту».
Бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұлғаларының бірі деп есептеймін.«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы тұлға М.Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа техналогияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиісБіз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, рухани жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.Рухани жаңғыру – Ұлттың Ұлы мұраты! Ұлы мұрат жолында тізе қосып, іс қылу-біздің перзенттік және азаматтық ұлы борышымыз.Ал бұл сапарда жолымызға қақпан құрып, аяқтан шалушылар-Қазақстанның хас жауы.Ел басшысы білім, ғылым, зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Яғни, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие болуы керек. Сондықтан, қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру маңызды.
Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген