400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
болашаққа бағдар туралы . сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тлепова Алия Еркаевна

Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы Бисен ауылы Б.Жаникешев атындағы ЖББО мектебінің мұғалімі


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар».

Сабақтың мақсаты: рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы

ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;

Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жасұрпақ

санасына, туған халқына деген құрмет, ұлттық рухты

сіңіру.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың табысты ел болуымыздың

кепілі екенін біледі.

/Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу/.



Қ.Р.-ның мемлекеттік әнұраны айтылады.

Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие дәстүрлерін, озық әдістерді жинақтап, оны бүгінгі оқушы, ертеңгі ұрпақ тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үдерісінде қолдану – уақыт талабы. Қазақ патриотизмі ерте кезден бастап қалыптасқан. Патриотизмнің бастауы, қайнаркөзі Отан десек, оның мазмұны- туған жер, ұлттық тіл, салт-дәстүр, тарихи орындар мен ескерткіштер. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына жол ашатын жаңа кезең өтіп жатыр. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 27 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы – өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасқан.

Кемел ойлы кемеңгер, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында халықтың көкейінде жүрген келелі мәселелер қозғалған. Ел Президентінің пайымды саясатының нәтижесінде еліміз кешегіден көшілгері екені айқын.

Слайд. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру».

Өз елінің патриоты болу – білім ошақтарында, яғни мектептерден бастау алатыны сөзсіз.

Постер дайындау және қорғау.

І-топ. Патриот деген кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек?

ІІ-топ. Қандай патриот адамды білесіңдер? Кімдер? Не үшін?

ІІІ-топ. Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек?

«Мәңгілік ел» болуымыз үшін елдегі әрбір азамат бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Қазақстандық әр тұлға өзінің туған елін, жерін барынша мақтан тұтып қастерлеп өтуі тиіс. Әртүрлі өнер адамдары бірі табиғатын әсем бейнелесе, бірі өлең-жырларына қосуда. Бүгінгі күні біздің арамызда да «Қазақстан» атты байтақ елін жырға қосқан шәкірттеріміз де баршылық. Ендеше Есенболат Бекнұрдың «Қазақстан» атты жыр-шумақтарын тыңдап көрелік.

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тұғырнамасы Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани әлемінің жаңа бастауы. Озық дәстүрлерді, адами құндылықтар мен рухани қазынаны жастардың бойына сіңіру үшін руханияттың салаларына ерекше ден қою керек. Қазіргі сәтте латын әліпбиіне бетбұруы қазақылығымыздың бірі. Ендеше балалар өз атымызды ақ қағаз бетіне латын әріптерімен тізбектейік.

«Бәрін өзімізден бастайық» постері.

Міне, балалар бүгін білімдеріңді жан-жақты көрсетіп жатырсыздар. Қазақстан туралы сұрақ-жауап бөлімінде де озық екендеріңді танытыңдар.

  1. Революцияға дейін біздің республиканың астанасы қалай аталды? /Ақмола/

  2. Қазақстанның демалыс орны «Екінші Щвецария» деп атайды? /Бурабай курорты/

  3. Астананың көне аты қалай аталған? /Қара өткел/

  4. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолданысқа енді? /қараша, 1993ж/

  5. Н.Ә.Назарбаевтың туған жылы? /6 шілде 1940ж/

  6. Н.Ә.Назарбаев Президент болып қашан сайланды? /1 желтоқсан 1991ж/

  7. Мемлекеттік рәміздер қай жылы енгізілді? /4 маусым 1992ж/

  8. Мемлекеттік туда не бейнеленген? /күннің көзі, қыран, ою/

  9. Әнұранның авторы кімдер? /Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов

Рефлексия. «Сөйлемді аяқта» Рухани жаңғыру - .... дегенді қалай түсінесіңдер.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі