400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани-патриоттық тәрбие берудің негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани-патриоттық

тәрбие берудің негізі


Абдикалиева Жаркинай Байжигитовна

Абылай хан атындағы № 140 мектеп 



Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қажет уақытта қажет жерде шыққан мақала деп санаймын. Бұл – қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» [1]. Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның
түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім
үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу [2].

Ұлтына, нәсіліне, сенімімен нанымына, саяси көзқарасымен ұстанған бағыт-бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан республикамыздың әр бір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «Туған елім, Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт - дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін, дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану - қоғамның әрбір мүшесінің парызы. Әңгіме болп отырған мәселе төңірегінде үлкен мәселелер бар. Өйткені, республика халқының бүгінгі басым көпшілігін құрып отырған жұртшылық, атап айтқанда - жастар, өз елінің тарихы мен географиясынан, ұлттық батырлары мен біртуардарынан гөрі шетелдік эстрада жұлдыздарын жақсы біледі. «Американдықтар өз елдеріне қатысты нәрсенің бәрін дүние жүзінің ең үздігі деп есептейді: мемлекеттік рәміздерін - ту, елтаңба, әнұраннан бастап, шайнайтын сағызға дейін». Сондықтан да Құрама Штаттардың халқы өз билеушілер «ислам әлемінен төніп тұрған қатерге» қарсы жүргізіп жатқан империялық соғысына да қолдау көрсетіп, әлем алдында ақтап шығуға даяр. Яғни, бұл шетелдік, нақты осы жағдайда алғанда американдық патриотизмнің үлгісі.

Сондықтан, Рухани жаңғыру, патриотизм - Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына, жеріңнің игілігіне қуана білу болса, «қазақстандық патриотизмнің» еркшелігі қандай? Біздің көзқарымыз тұрғысынан алғанда, ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі – өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет - әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат.

Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.

Дегенмен, патриотизм – ең кемелденген сезім ретінде таусылмас қайнар көз бен айырбастауға келмейтін құндылық, әлеуметтік іс-әрекеттің ішкі мотиві және ол жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың рухани-адамгершілік, мәдени дамуына қызмет ететін процесс [3].

Патриоттық тәрбие тұлғаның дамуы мен қалыптасуына бағытталып, оның Отанының патриоты ретінде азаматтық қасиеттермен қаруланып бейбітшілік және әскери уақытта азаматтық міндетін орындауға даяр болуын қамтамасыз етуі шарт.

Жоғарда айтып өткеніміздей, патриотизмдердің ең алғашқы шарты- мемлекеттік рәміздерге – туға, елтаңбаға, әнұранға құрмет. Өйткені, оларда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған. Қазақстанның әнұраны орындалған шақта чемпион аталған спортшыларымыз сағыз шайнап тұрмай, ұлттың ұлы музыкасына қосылып, көзінен жас моншақтап тұрса, бүкіл елдің мәртебесі әсері күмәнсіз. Осы мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт - бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып өз іс - әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», - деп ел келешегіне үміт артады.

Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін. Ел Президентінің рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдары әскери салада да, ұлттың кемелденіп дамуына әсер етуші ең маңызды фактор деп санаймын. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұруы міндет деп есептеймін.

Қорытындылай келе айтарымыз, елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәуелсіз еліміздің даму бағыты өрілген өзекті мақала екені даусыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, 2018, 12 сәуір. // https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru

  2. Қалымбетова Ж.А. Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі.
    //
    http://bilimdiler.kz/ustaz/26199

  3. Тлепов Б. Қазақстан жастары және патриоттық сезім. // «Қоғам және Дәуір» журналы, 2005, №3.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 мамыр
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі