рухани жаңғыру -туған жер тұтастығы мен ел болашағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

рухани жаңғыру -туған жер тұтастығы мен ел болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың туған жеріне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктері артады.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ, түрлі-түсті фломастерлер,жапсырма қағаз, плакат.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол – сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.
II.Қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.
1. Біздің еліміз қалай аталады?
2. Рәміздеріміздің бірі
3. Орман неден құралады?
4. Бал жинайтын жәндік?
5. Пайдалы қазба

6. Қамбар ата төлі
7. Рәміздердің бірі.
8. Астанадағы Қазақстан символы?

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н















Т

У


















А

Ғ

А

Ш














А

Р

А

















М

Ұ

Н

А

Й
















Ж

Ы

Л

Қ

Ы














Е

Л

Т

А

Ң

Б

А



Б

Ә

Й

Т

Е

Р

Е

К






Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Рухани жаңғыру -туған жер тұтастығы мен ел болашағы» деп аталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қосаса аласыңдар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
(Туған жер туралы сурет көрсетіледі)
Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз.
Осының барлығын ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап,болашақ ұрпағына аманат еткен.

  • Ал қазір атасы мен немересінің әңгімесін тыңдап көрейікші. Не жайлы айтады екен?

Көрініс: «Туған жер»
(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «Өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы:Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе жаңғыратын,
Ұмыттырмау «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата - бабаларымыз туған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.

Немересі: Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?

Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: Жарайсың, балам! 

Мұғалім:

  • Көрініс не жайлы болды?

  • Сенің туған жерің қалай аталады?

  • Ендеше, Қазақстанныің кешегі, бүгінгі күндерін айтып, ертеңін болжап көрейікші.

Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

Кеше (өткен  тарихқа шолу)

1 –оқушы:

Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Қазақ халқы ауыр, қайғыға толы кезеңдерді бастан кешірді.  Шолу жасап өтейін.

  • Жоңғар  шапқыншылығы ;

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;

  • 1928-1932 жылдардағы аштық;

  • 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан   соғысы;

  • 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.

Бұның барлығы да туған жерімізге ауыр жара салды. Қаншалықты биіктеп, өркендесек те біз кешегі тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз.

Бүгін   (бүгінгі  күннің  тарихына   шолу)

2-оқушы : Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан.  Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. 3-оқушы:

Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде.

4-оқушы : 

Еліміз мұнайға, пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

5-оқушы :

 Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер күн санап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.

Мұғалім: Дұрыс, айтасыңдар балалар! Бұл жұмыстардың атқарылу себебі, болашақ ұрпаққа туған жеріміздің тарихын ұмыттырмау, оларға мұра етіп қалдыру. Бұл Отанға, туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік.

    • Ал сендер өз туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізе аласыңдар?

Оқушы: Отан (М.Мақатаев )

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.  

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!  

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...

Оқушы: Туған өлкем ( Өтебай Тұрманжанов)

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Оқушы: «Отан»
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

Мұғалім: Енді сендердің Туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді тексеріп көргім келіп тұр. Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді («Ыстық орындық» әдісін қолдану).

1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн
2. Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды? (30 тамыз 1995ж)
3. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

4. Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? ( 16 желтоқсан 1991 жыл.)
5.Мемлекеттік рәміздерді ата.

6. Қазақтың үш биі кімдер?

7. Тудың авторын атаңыз. (Шәкен Ниязбеков)

8. Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)

9. Конституция күні? – (30 тамыз)

10. Қазақстанның көршілес елдерін ата.

Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

Біздің Отанымыздың табиғаты өте бай. Қарағайдың қандай пайдасы бар? Оқушылардың жауабы


Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз. Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)

Қорытынды

Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.


Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.


Рефлекция

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, «Білім ағашына» іледі.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
500
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі