жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Рухани жаңғыру- ұрпақ тәрбиесімен өрістейді" (баяндама)
Оқушылардың сабақтан тыс іс - әрекетін және бос уақытын жоспарлауда білім ұйымдары, мектептен тыс орталықтар мен ата – аналардың шығармашылық серіктестігі, бірін – бірі қолдауы |
Макаримова Гаухар Аблаевна Бастауыш сынып мұғалімі М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖББОМ, Орал қаласы Баланы
тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның
бос уақытында да жүзеге асырылады.
Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте
ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес,
рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің
жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына
арналады. Әр адам бос уақытын өзінше
бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты
ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді.
Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам,
ұжым, отбасы оқушылардың демалысын
тиімді етіп ұйымдастырылуына күш
жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған
бос уақыт - олардың рухани өмірін,
көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз
етеді. Оқушының
бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған
дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның
ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу
тек қана оның мектепте өткізген
уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда
жаңа білімді адамды қалыптастыру
барысында мектептің қызметі күннен-күнге
ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің
бірі- сабақтар мен сыныптан тыс
жұмыстар. Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек. Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады. Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды. Қарым — қатынастың дамуына ықпал етеді. Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Оқушы тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға қосымша білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты және осы жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу табылады. Педагогикалық әдебиетті талдау барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінде тиісті шарттарды сақтауды қажет ететінін анықтауға мүмкіндік берді. Денсаулықты сақтайтын білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере отырып ұйымдастыру, психологиялық жағдай жасау; Денсаулықты сақтауда және қалыптастыруда нәтижеге жету үшін мектептегі балалар және үлкендердің ара-қатынасы, достық атмосфера бойынша балалардың достығы, әр түрлі творчестволық әрекетте тұлғаны қалыптастыру, өзінің психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай оқу және даму мүмкіндігі, творчество және әдемілік атмосферасы. Мектептегі балалардың негізгі әрекеті болып оқу табылғандықтан, дәл оқудағы табыстылық мектептегі оқушылардың жақсы жағдайына ықпал етеді, ал бұл әрқайсысы үшін өзінің жеке ерекшеліктеріне сай дамуға мүмкіндік беру арқылы іске асады. Осыған байланысты бүгінгі мектеп алдында балаларды дамыту және сақтау проблемасын тиімді шешуге мүмкіндік беретін формалар, әдістер және технологияларды табу мәселері тұр. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту, көмек көрсету, бос уақытын мәдени ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар оқудан тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым басшылығы көмегімен ұйымдастырылады. Сабақтан тыс уақытта оқушылармен жұмыстың ерекшелігін анықтайтын негізгі принцип болып сабақтардың формасын және бағытын таңдау еркіндігі табылады. Сонымен қатар, сабақтың кез-келген түрінің қоғамдық бағыты бар, оқушы өзіне қажетті және пайдалы әрекетпен айналысады. Сыныптан тыс жұмыс тек көңіл көтеру принципінде құралмау керек, сонымен қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық, романтика, әдемілік болу керек. Жалпылық принципі де маңызды орын алады, яғни сыныптас тыс жұмыстың әртүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпылығы. Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс жұмыстың формаға еңгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық (конференциялар, конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу), оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу). Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістермен толықтырылады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі формасын үш топқа бөлуге болады: 1) мектеп өмірімен басқару және өзін өзі басқару формалары (жиналыстар, сынып жетекшісінің сабақтары, жиналыстар); 2) тану фомалары (экскурсиялар, журналдар, газеттер); 3) көңілді формалары (кештер, «капустниктер»). Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және формалары оқушының қызығушылықтары және сұраныстарымен анықталады. Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі болып сынып сағаты табылады. Атақты педагог В.А.Сухомлинский «Сынып жетекшісі оқушылармен тек қана өткен кезеңге ғана емес, сонымен қатар алдын ала болжанған тақырыптар бойынша әңгіме- денсаулық, жанұя, өнер ету керек»- деп айтты. Еліміз әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүру басты шартына айналған қоғамда адамның ақыл –ой қуаты мен интеллектуальдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар қайта қарастырылуда. Бүгінде жас ұрпақты білімнің мазмұны мен тиістілігі емес, өзінің оқу еңбегінің қандай нәтиже беретіні қызықтыратыны дәлелденіп отыр. Білімге ұмтылатын әр оқушының нені білетіндігі емес, не істей алатындығы толғандырады. Бұл қазіргі құзыреттілікті оқу нәтижесі ретінде белгіленіп отырған жаңа кезеңдегі ең негізгі мәселе болып саналады. Сондықтан мектептің бастауыш сыныбының алғашқы есігін ашқан 1-сынып үшін, әр пән оның дара тұлға ретінде жетілуіне, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, пәндік білімнің мәнін өзгерту, оқушыға білімді қалыптастыру мен бірге оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыру, оның түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету қажет болып отыр. Қазіргі таңда білім жүйесіне қойылып отырған қоғамдық-әлеуеттік сұраныс талабы да жоғары. Елбасы Жолдауында айтылғандай, бәсекелестікке қабілетті қоғамдағы бәсекелестікке қабілетті адамның басты белгісі, оның білімділігі, жасына лайық өз ой пікірін анық та, ашық, түсінікті жеткізе білетін құзыреттілікке қол жеткізу болып отыр. Оқушыға білім мен қатар тәрбие үздіксіз беріліп отырады. Мұндай біліктілікті меңгертуде «кеңес сабақтарының» алатын орны зор. Бұл ата- анамен жәй қарым –қатынас қана орнатып қоймайды, олардың өз балаларына үйден қалай көмек жасау түрлерін үйренеді. Бала мен ата – ананың бір-біріне деген жақын көзқарасы қалыптасады. Әр өтілген кеңес сабағы оқушының жаңа қырынан көрсетіп, оқушы өз жетістігімен ата – анасының алдында мақтана алады. Бұл еңбектің ата- ана үшін де, оқушы үшін де, мұғалім үшін де берер жемісі мол. Мен сіздермен «бастауыш сыныптарда бос уақытты тиімді ұйымдастыру» бойынша өз іс- тәжірибеммен бөліскім келеді. Мектепке жаңа келген 1- сынып оқушысымен бос уақытты қалай ұйымдастырамыз? деген сұраққа жауап іздесек. 1-сыныпта 2 аптада 1 рет ата-аналармен «кеңес» сабақтарын ұйымдастырдым. Осы сабақтардың мақсаты: балалардың білімді тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. ІІ-жарты жылдықтан бастап, оқу үздіктері мектептен тыс орталықтарда қосымша сағаттарға барады. КЕҢЕС сабақтарының түрлері: - Сыныптан тыс кеңес сағаты - Ата –аналарға арналған кеңес уақыты - Ата – аналармен өтілетін жиналыстарында ұйымдастырылатын кеңес уақыты; - Кинозал - Талдау, дәлелдеу, түйіндеу дөңгелек үстелі Кеңес сабақтарын ұйымдастыруда мұғалімге күш түсетіні анық. Дейтұрғанменде, жүйелі жұмыс жасай алсақ, алатын нәтиже мол. 1- сыныптар үшін: жалпыға бірдей білім беру стандартының талаптарын орындау туралы ақпарат, оқушылардың тұлғалық қалыптасу нәтижелері мен бейімделу кезеңіндегі жай күйі туралы кеңес, сауат ашу мен жазу бойынша «әріп, сөз, сөйлем, мәтін, оқу техникасын қалай тез орындауға болады, берілген мәтінді әдеби тілде мазмұнын айта білу, түйін түю» сияқты тақырыптар қамтыса, математика оқулығынан «сандардың қатары, олардың құрамы, теңдеу, мазмұнды есептерді, кесінділер» тарауы бойынша кеңес беріледі. Ал, 2-сыныптан бастап, әр оқушының білім деңгейлері қалыптасқандықтан, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарына көбірек көңіл бөлемін. 2-сыныптан бастап, басылымдармен жұмыстану жолға қойылады. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында өзбеттік жұмыстар бастаймын. Бүгінгі таңда 8 оқушының шығармашылық жұмыстары «Самал» газетінде жарық көрсе, мектепішілік газетке 4 оқушының шығармасы жарық көрді. Сонымен қатар қазіргі таңда менің сыныбымның 25 оқушысының: 6 оқушысы №4 спорт мектебінің «самбо» үйрмесінде, балалар саз мектебінің домбыра үйірмесінде 2оқушы, ағылшын тілі үйірмесінде -2 оқушы, мұз айдыны мәнерлеп сырғанау үйірмесінде -3 оқушы, шот трек үйірмесінде -2 оқушы, каратэ үйірмесінде -3 оқушы, шахмат үйірмесінде -1 оқушы, би үйірмесінде-3оқушы, жас өспірімділер мектебінде күрес үйірмесінде -3 оқушы қамтылған. НӘТИЖЕ: 2 жылдың ішінде 5 дүркін чемпион Хамитова Аружан, Республикалық би өнері бойынша алтын медаль иегері Ази Рақымжан. Сөзімді қорыта келгенде айтарым, жүйелі, сатылы жұмыс жасай алсақ, күтер нәтижеміз шексіз. |
Жаңа ақпараттық технологиялар кластан тыс іс шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы
Жарияланды 30-12-2013, 05:14 Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы:
«Жаңа ақпараттық технологиялар - кластан
тыс іс - шаралар ұйымдастырудың қызықты
да тиімді жолы»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
Негізгі
бөлім.
1 - тарау. Жаңа ақпараттық
технологиялар білім жүйесінде.
1. 1.
Жаңа ақпараттық технологиялардың білім
жүйесіне енгізілуі.
1. 2. Жаңа ақпараттық
технологиялардың білім жүйесінде алатын
орны.
2 - тарау. Жаңа ақпараттық
технологиялар - кластан тыс іс - шараларды
өткізудің қызықты да, тиімді жолы
2.
1. Интерактивті тақта көмегімен өткізілген
«Білім патшалығы» атты кластан тыс
шара
Қорытынды.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
АННОТАЦИЯ
Еліміздегі
өзгерістер, қайта жаңғырлар білім беру
жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа
мақсаттар әкелді. Қоғамдағы жаңа
өзгерістер және оның тез ақпараттандыруы
мен даму жылдамдығы білім беруге деген
талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім
беру саласына төмендегідей міндеттерді
қойып отыр: білім сапасын арттыру,
әлемдік білім беру кеңестігіне ену,
білім беру жүйесін ақпараттандыру,
интернет желісін пайдалану, электрондық
оқулықтар, мультимедиялық технологияларды
пайдалану, телекоммуникациялық
технологияларды пайдалану, қашықтықтан
басқару және т. б.
Жұмыстың мақсаты:
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
арқылы кластан тыс іс - шараларды өткізу
барысында қаншалықты өзгеріс болатынын
байқау.
Жұмыстың болжамдылығын: жаңа
ақпараттық технологиялар өзгермелі
дүние жағдайында өмір сүруге бейім,
бәсекеге қабілетті тұлғаларды
қалыптастыруға, оқушылардың шығармашылық
құзіреттілігін, жан - жақты дамуын
жетілдіруге жол ашатын әдістердің бірі
болғандықтан, кластан тыс іс - шаралардың
жоспарын жаңа ақпараттық технологиялардың
күшіне сүйене отырып құрса, онда олардың
қызықты да, тиімді түрде өтетіні
анық.
Жұмыстың теориялық мәнділігі:
жаңа ақпараттық технологияларды кластан
тыс іс - шараларды ұйымдастыруда
маңыздылығы туралы түсінік беру
Жұмыстың
практикалық мәнділігі: жаңа ақпараттық
технологиялар көмегімен құрылған
кластан тыс іс - шаралар жоспарларымен
танысу, әдістемелік құрал есебінде
пайдалану.
Жұмыс барысындағы әдіс -
тәсілдер: анализ, синтез, салыстыру,
салғастыру, бақылау, сұрау
әдістері.
КІРІСПЕ
Елбасының
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты
жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша
әлемдік стандарттар деңгейіне сапалы
білім беру қызметін көрсетуге қол
жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың
3 - тарауы 18 - бағытының 7 - тармақшасында:
«Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты
таратудың жаңа нысандарына бағытталған
мамандырылған білім беру бағыттарын
құру міндеті де алдымызда тұр» делінген,
сондай ақ, 17 - бағыттың 3 - тармақшасында
«Он - лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін
дамытып, елімізде оқу теледидарын құру
қажет» деп атап көрсеткендей бүгінгі
күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық
технологияға негізделуін және ақпараттық
құралдардың кеңінен қолданылуын қажет
етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
заман талабынан туындап отыр.
Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында:
«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің
бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру
үшін жағдайлар жасау керек» деп
көрсетілген. Солардың бірі - білім беруді
ақпараттандыру барысында дидактикалық
және оқыту құралы болып компьютер
саналады.
Қазақстан Республикасының
президенті Н. Ә. Назарбаев қазақстандық
мектептерде мүмкіндігінше толық
компьютерлендіру міндетін білім беру
саласының басты мақсатының бірі деп
көрсетті. Бұл мәселе 2006 - жылдың наурыз
айындағы қазақстандықтарға арналған
жолдауында білім беру саласының болашағы
үшін маңызды фактор ретінде
белгіленеді.
Қазақстан Республикасындағы
оқу - тәрбие жүйесін техникаландыру мен
автоматтандыру тенденциясының болашақ
қарқыны мен қадамдары іздеумен және
компьютерлік жүйені оқу - тәрбие үрдісіне
енгізумен тығыз байланысты. Сол жолда
қазір оқытуды толық электрондық оқыту
жүйесіне көшіру де қолға алынуда.
Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында қазіргі замандағы білім
беру жүйесінің жаңа технологиялармен
қамтамасыз етілуі тиіс.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
1. 1. Жаңа ақпараттық технологиялардың
білім жүйесіне енгізілуі..
XXI ғасырда
адамдар жаңа технологиялар тасқынының
куәгері болды. Компьютер мен интернет,
жаңа байланыс құралдары, жаңа материалдар
мен қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми
жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой
- өрісіне әсерін тигізді және
таңқалдырды.
Қоғамдағы жаңа
өзгерістер және оның тез ақпараттандыруы
мен даму жылдамдығы білім беруге қоятын
талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім
беру саласына төмендегідей міндеттерді
қойып отыр: білім сапасын арттыру,
әлемдік білім беру кеңістігіне ену,
білім беру жүйесін ақпараттандыру,
интернет желісін пайдалану, электрондық
оқулықтар, мультимедиалық технологияларды
пайдалану, телекоммуникациялық
технологияларды пайдалану, қашықтықтан
басқару және т. б.
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс – оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.
Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты – баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам
қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Үлгермейтін оқушыларды оқудан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Айтылып өткен міндеттер сыныптан тыс жұмысының негізгі мүмкіндіктерін және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың ағымына байланысты нақтыланып дәлденеді. Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.
Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары: Тарих кеші – бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтижесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шарадаларды, кроссвордтарды, викторина үшін сұрақтарды; қажетті модельдерді, плакаттарды, ұрандарды, сонымен қатар сыныпты дайындайды. Мұндай шараның өте маңызды тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылыр өз сыныбының абыройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларда жеңіске қажетті сабырлықты және жігерлікті дамытады. Тарихтан викторина – бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы (сабақтан тыс уақытта). Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мазмұнымен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болу керек. Сабақта бағдарлама бойынша оқылатын сұрақтар әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Викторинаға тарихпен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға әзіл-сұрақтар да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.
Қызықты
кісілермен кездесу- өскелең ұрпақты
адамгершілікке қалыптастырудың маңызды
құралы болып келеді. Мұндай кездесулер
сыныптық немесе жалпымектептік немесе
сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің
құрамында болуы мүмкін. Кіріспе сөзде
мұғалім оқушылардың қызығушылығын
тудыру үшін қонақтардың өмір және
қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда
бүкіл айтқанын жалпылап және қатысқандарға
алғыс айтылу керек. Іскер ойындары –
зерттелетін объектіні немесе оқушылардың
нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз
алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын
оқытудың белсенді әдісі. Балалармен
іскерлік ойындардың сюжеті әдетте
күрделі болмайды, ұйымдастушылық семинар
түрінде өтуі мүмкін. Сыныптан тыс жұмыста
ұйымдастырылатын іскерлік ойындар –
келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз
іс-әрекетін құрастыруға, құрбылармен
іскерлік қатынастарды жақсартуға, үлкен
кісілермен алқалық қатынастарға түсуге
үйретеді. Әсіресе, оқушылармен және
үлкендердің (мұғалімдермен, ата-анасымен)
біріккен іскерлік ойындар бағалы болып
келеді. Іскерлік ойындар оқушылардың
психофизиологиялық ерешеліктерін
ескеріп, арнайы анықталған жас мөлшері
үшін жобалануы қажет. Сыныптан тыс
жұмыста пайдалануға болатын іскерлік
ойындардың мына төрт типін ерекшелеуге
болады: - ірі ауқымды (бірнеше сынып)
және ұзақ (бірнеше айға) созылатын
іскерлік ойындар; - нақтылы ақпаратты
саралауға негізделген ойындар; - бүкіл
сынып айналысатын қысқа мерзімді
іскерлік ойындар; - үстел үсті іскерлік
ойындар.Тарихтан диспут – өзіндік
сыныптар арасындағы сұрақ және жауап
ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынырақ
сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы
бойынша сұрақ қою өте маңызды. Бұл
сұрақтардың мазмұндары диспут алдына
қойылған мақсаттарға байланысты
шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында
ең маңыздысы – өткен оқу жылдарының
оқу материалдарын қайталау болады. Бұл
жағдайда, нақты уақыт аралығында
оқушылардың алдына тарихтан өткен
материалды қайталау мақсаты
қойылады.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/bil/syinyiptan-tyis-jumyistardyi-uyyimdastyiru-erekshelkter-106385/
материалды
қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz
сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген