400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Рухани жаңғыру "аясында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар қауымына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында

9 «ә» сыныбында наурыз- мамыр айларында өткізген іс-шаралар туралы


Мәлімет


«Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осылай дейді. Рас, рухани жаңғырудың басы бүгін басталған жоқ. Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасымен жүзеге асқан болатын. Бұл бағдарлама аясында еліміздің және шет елдердегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғырды. Халықтың үлкен әдеби мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін, ұлттық тарихымыз үшін де ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, ұлттық әдебиет пен жазбаларымызды толықтыру мақсатында қаншама іс-шаралар атқарылды. Бұл – рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, яғни стратегиялық ұлттық маңызы бар жоба болып табылды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында мектебімізде жоспар бойынша бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.

Дегенмен де басшылықтан бөлек аталған тақырып аясында сыныпішілік бірнеше шаралар өткізілді.Соның бірі 9 «а», 9«ә» сыныптарын біріктіре отырып өткізілген 16.04.18 күні 18 сәуір-Халықаралық тарихи ескерткіштер күніне орай ұйымдастырылғын «Ұлыдан қалған мол мұра» атты тақырыпта сайыс өтілді.

Бұл тақаырыпта бірінші кезеңде алдын ала берілген тапсырма бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес ардагерлеріміз туралы деректер жиналып, ерен еңбектері туралы міліметтер жинақтау болды. Мақсаты елі, жері үшін отан қорғаған аталарымызды ұмытпау, еңбектерін ұрпаққа насихаттау, отансүйгіштікке баулу болды.

Тапсырма бойынша оқушылар ауылдағы соғысқа қатысқан ардагерлердің отбасыларымен байланысып, деректер жинады. Тақырып бойынша тың деректер тапқан оқушыларға алғыс айтылды.

28.04.18 күні «Қазақ халқының рухани мәдениеті» атты тақырыпта сынып оқушыларын 2 топқа бөліп іс-шара сайыс түрінде өткізілді.Сайыс 3 кезеңнен тұрды

1.«1001 мақал, 101 жұмбақ»

2.«Тұлғалар»

3. «Кім жылдам?» Әр кезеңде қазақ халқының мәдениеті жайында, үлес қосқан тұлғалар жайында түрлі сұрақтар қойылып, тапсырмалар берілді. Оқушылар бұл сайыста белсенді және қызығушылықпен қатысып отырды.Сайыс соңында оқушылар ұпайы есптелініп 9 «ә» сыныбы алға шықты.

Сонымен қатар «Мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл» толуына орай 9-11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөнінде арнайы дайындалған бейнебаян көрсетіп, тақырып мазмұнын айтып өттім.

Ұлттық келісім және бейбітшілік негізінде тұрақтылық пен бірлікті насихаттау жөнінде 23.05.18 күні сынып ішінде әңгіме - дебат өткізілді. Оқушылар тәуелсіздік алған жылдардан қазіргі таңға дейінгі жылдардағы қабылданған бірнеше Елбасы жарлықтары мен заңнамаларын еске түсіріп, еліміздің жетістіктері тұрғысында сұрақтар қоя отырып, білімдерін шыңдады.

Сондай-ақ, оқу жылы басында жоспарланған сыныпішілік тәрбие сағаттарына сәйкес «Ана-өмірдің шуағы», «Қош келдің-Наурыз!», «Әуе батырлары», «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты арнаулы мереке күндеріне сай тақырыптар аталып өтілді.

Жаңа жағдайға қарай бейімделу, жаңғыру – уақыт талабы. Бастысы, табиғи болмысымыз бен ұлттық құндылығымызды сақтай білсек, болғаны. Ұлт көшбасшысының бұл игі бастамасын қолдап-қорғау барша азаматтардың басты борышы деп білемін.

Сынып жетекші Е. Ордабаева

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
2031
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі