Материалдар / Рухани жаңғыру аясында: "Ұлы дала тәуелсіздігі" іс-шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру аясында: "Ұлы дала тәуелсіздігі" іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқытушыларына, тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2018
707
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

16желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналға«Рухани жаңғыру» аясында өтетін «Ұлы дала тәуелсіздігі» атты мерекелік іс -шараның концерттік бағдарламасы.



  1. Әнұран «Қазақстан Республикасы»

  2. Құттықтау сөз.Науалы балалар үйі КММ директоры Домбаланов Т.Н.



  1. Баяндама «Тәуелсіз ел»

  2. Хор «Қазақстаным» орындайтын Елесеев В.



  1. Ән « Қазақ елі» орындайтын Шушакова Юлия

  2. Күй « Балбырауын» орындайтын күйшілер

7.Көрініс «Ата-бабалар аманаты»

8.Әдеби-монтаж «Ұлы дала қырандары» кіші буын

9.Ән «Елім менің» орындайтын Жиенбаев А.

10.Әдеби монтаж «Тәуелсіздік тұғырым» орта буын

11.Ән «Халық қасиеті» орындайтын Жиенбаев А.

12.Әдеби- монтаж «Ұлы дала тәуелсіздігі» жоғарғы буын

13.« Тәуелсіздік шежіресі» оқитын Слесаренко Лидия

14.Ән «Туған жер» орындайтын Слесаренко Лидия

15.Би «Жастар» орындайтын бишілер тобы

16.Ән «Қазақтай ел қайда» орындайтын Жиенбаев А, Белотелов Е.

17. Би «Қалпақ биі» орындайтын бишілер тобы

18.Ән « Көк тудың желбірегені» орындайтын Жиенбаев А.









Бекітемін

« Науалы балалар үйі» КММ

Директоры

Т.Н. Домбаланов

« » 2018 ж



16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Рухани жаңғыру аясында» өтетін «Ұлы дала тәуелсіздігі» атты мерекелік іс -шараның сценарийі.



Күні:16. 12. 2018ж

Уақыты: 10:00

Өткізілетін орыны: «Науалы балалар үйі» КММ клуб залы

Тақырыбы: «Ұлы дала тәуелсіздігі»

Мақсаты:

  1. Білімділігі : Тәрбиеленушілердің бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.Тәуелсіздік үшін күрескен,желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің сан қилы тарихын әр баланың санасына жеткізу. Әр жеткіншектің Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі, қол жеткізіп отырған табыстары, ел мен жердің өркениетті елдер қатарынан көрініп отырғаны туралы мәліметтер беру.

  2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болшақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру.Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарды ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.Тәрбиеленушілерге патриоттық тәрбие беру.Отанды сүюге, ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету.

  3. Дамытушылығы: Қазақстанның өткен тарихына деген тәрбиеленушілердің қызығушылығын ояту.

Көрнекілігі: слайд «Желтоқсан туралы»,тақырыбы: шарлар.

1-жүргізуші: Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі Тәуелсіздік күні.Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген, мереке құтты болсын.

2-жүргізуші: Құрметті тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер, қадірменді қонақтар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған,сол жолдағы ғасырлар бойы, найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, дүниені дүр сүлкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Ұлы дала тәуелсіздігі» атты тарихи, әдеби- сазды мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!



1-жүргізуші:

Тәуелсіздік- бастауы бар бақытым,

Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның.

Шартараптан шаттығыңдай азаттың,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн.

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,

Шалқи берсін Әнұраны Қазақтың!

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.



2-жүргізуші:

Бақтың құсы әр адамға қонып тұр,

О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне,Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

Құттықтау сөз «Науалы балалар» үйінің директоры Тұрсынғазы

Нүсіпұлына беріледі.

1-жүргізуші:

Көңілдің көтеріңкі сезімімен,

Әдеби кештің қызығымен.

Ән қанатында қалықтап,

Шат сезіммен шарықтап,

Ұлылардың рухына тағзым ете отырып

Ұлық мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Хор.«Қазақстаным» Орындайтын : Елесеев Владимир.

2-жүргізуші

«Ұрпақ айтар сексен мен жүздігімді тарихтың түкпірінен сөз келгенде»деп халқымыздың қахарман перзенті Бауыржан Момышұлы жазған. Тарихымыздың КСРО дәуірінің басталуы мен барысы және аяқталуы кезеңінің мәртебелі бірегей екі тұлғаны есімізге алсақ олар Бауыржан Момышұлы, Дінмұхамед Қонаев.

1-жүргізуші.

Ойы биік, арманы алыс,

Жаны жомарт, айқабағым.

Көкірегі толған намыс,

Қазағымнан айналайын .

Ән «Қазақ елі» орындайтын Шушакова Юлия

2-жүргізуші

Сан ғасырлы тарихы мен шежіресі бар бүгінгі таңда Қазақстан Тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді, бұл азаттық үшін алысқан, мыңдаған азаматтардың қанының өтеуі. Бұл тарихта өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы» деген еді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жалпыұлттық идея мемлекеттің түп тамыры көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді.Жалпыұлттық идеяның болашағы бұл-бірлік,татулық. Аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасы дүниежүзілік саяси аренада өз орнын айқындап көрсете білуі – татулықтың, ұйымшылдықтың белгісі емеспе? Мемлекетіміздегі тарихи белестер турасында Елбасы жаңа Қазақстандықтардың патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие екенін айта келе,осы патриотизмнің бастауы-«Мәңгілік Ел», «Нұрлы жол» болатынын атап көрсетті.

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Елбасының Қазақстан халқына жолдауы жаңа экономикалық саясаты қазіргідей әлемді жайлаған дағдарыс кезінде ертеңгі күнге деген халықтың сенімін нығайтып, жарқын болашаққа бастайды. Онда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінгі тәуелсіздігіміздің баянды болуының, ел экономикасының тұрақты дамуының негізгі кілті ынтымағы жарасқан еліміздің бірлігінде екендігін ерекше атап өтті.

Қазақ хандығының 553жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 23 жылдығы , Ұлы Жеңістің 73 жылдығы бұл біздің ұлттық тарихымызды ұлықтау жылы.

Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассемблеясында

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алды. Қазақстан халқын біртұтас мемлекет ретінде тарих көшімен алға жетелеген Елбасының жеңісі.

2018жыл Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы «Рухани жаңғыру».

1-жүргізуші:

Домбыра, мұнша шешен болдың неге,

Күй толған көкірегің шежіре ме?!

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.

Аққудың әуеніндей үнің бар- ау,

Сарыарқа самалындай ескен баяу.

Бөбектей бесігінде маужыраған,

Тыңдаймын мен отырып ұйқылы- ояу.

Күй «Балбырауын» орындайтын күйшілер.



2-жүргізуші

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Көрініс «Бабалар аманаты»

Бабалар сөзі (музыкамен оқылады)

Бабалар аманаты- кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден , ақын жыраулар мен сал серілерден мұра мирас болып қалған ұлы тәрбие. Мың жылда бір ақ рет көрінетін аққан жұлдыздардай,сыры да, сезімі де терең,тұңғиық дана тұлғалар.Әйтседе батырларымыз, хандарымыз, Абай мен Шоқан білімі, Абылай мен Кенесары, Әйтеке, Төле, Қазыбек билердің үні бүгінгі ұрпаққа өнеге. Даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері, бүгінде халықпен қайта қауышып жүрегімізден орын алады.

Қатысушылар: Абылай хан Жиенбаев Арман

Қабанбай батыр Даукшта Егорь

Бөгенбай батыр Кирьянов Максим

Кенесары хан Шүкірханова Мадина

Наурызбай батыр Даукшта Михайл

Билерді қарсы аламыз (музыка,күй)

Төле би Белотелов Евгений

Қазыбек би Карибаев Айдар

Әйтеке би Колпаков Александр

Соңы: Бабалар өсиеті(Абылай хан бата береді).





1-жүргізуші:

Қазақтың біртуар алаш арыстары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиған еді. Уақыт өте келе КСРО тағдыры да пісіп жетілді, тарихта «Құйын-86» болды, мәңгі есте қалатындай тәуелсіздік күресін жалғастыратын жастар тобы.

Бостандық, теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ! Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сүлкіндірген 1986жылғы Желтоқсан! Ол бір жан түршігерлік уақиға, қазақ халқының мәңгі есінде қалады. Желтоқсан

егемендігі үшін болған күрес. Сол тәуелсіздік үшін жазықсық опат болған боздақтар қаншама! Желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова сияқты мыңдаған жас боздақтар желтоқсан құрбандары болды.

Бұл оқиғаның құрбандарын еске ала отырып рухына 1 минут тағзым ету парызымыз.

(1минут үнсіздік желтоқсан құрбандарын еске алу).

2-жүргізуші

Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Әдеби-монтаж. Кіші буын. «Ұлы дала қырандары»

1-жүргізуші:

Елім деп еміренген ұлын, ерінің қадірін білгенде ғана біздің тәуелсіздігіміз баянды болмақ. Тілің аман, дінің аман, бауырың бүтін, рухың бұла, мекенің берекелі болғай! Қазақ елі, жасай бер.

Ән «Елім менің».орындайтын Жиенбаев Арман.









2-жүргізуші

Тәуелсіздік пейілі сыйлы қазақтың,

Арамыздан арылғаны азаптың.

Батыры көп, ақыны көп халыққа,

Алла жар боп туа қалған ғажап күн.

Әдеби-монтаж. Орта буын. «Тәуелсіздік-тұғырым».



1- жүргізуші

Тәуелсіздік-ар ожданың кісілік,

Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп ,

Ел-жұртыңның алма құнын түсіріп,

Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным.

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.

Ән.«Халық қасиеті».орындайтын Жиенбаев А.



2-жүргізуші

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаев көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Әдеби- монтаж.«Ұлы дала Тәуелсіздігі».Жоғарғы буын.



1-жүргізуші

Сан ғасырлы тарихы мен шежіресі бар бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстан атанған, 27жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік шежіресіне» көз салайық.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991жылы 16желтоқсанда Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

1991 жылы 1желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.

1991жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік туралы деклроация қабылданды.

1992жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

1993жылы 15қарашада Қазақстанның Ұлттық Валютасы теңге айналымға енді.

1994жылы Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.

1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды.

1996 жылы 16желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997жылы Жалпы ұлттың татулық пен саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы.

1998жылы Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

1999 жылы «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

2000жылы «Мәдениетті қолдау жылы»

2001жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы.

2002жылы «Денсаулық жылы»

2003-2004 жылдары «Ауыл жылы»

2005 жылы Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы болды.

2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы, Ресейдегі Абай жылы деп саналады.

2007жылы «Қазақ тілін қолдау жылы»

2008жылы Астананың 10 жылдығы

2009жылы Халық санағы жылы

2011жылы Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығы

2012жылы 1желтоқсанда Тұңғыш Президент күні

2014жылы 14қараша «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол

2015жылы «Қазақ хандығының -550 жылдығы

2016жылы

2017жылы

2018жылы



2-жүргізуші

«Тәуелсіздік шежіресі»

Оқитын:Слесаренко Лидия

1-жүргізуші

Пай -пай-пай!Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір бірін өпкен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым етпей өтпеңдер.

Ән: «Туған жер» орындайтын Слесаренко Лидия

2-жүргізуші

Қуанышпен бақытқа кенелейік,

Тәуелсіздік әнін шырқап тербелейік.

Халқымның тәуелсіздігі құтты болып.

Бәріміз тойлатып, би билейік.

Би « Жастар» орындайтын бишілер

1-жүргізуші

Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Ән:

2-жүргізуші

Міне осындай ұлан байтақ елімізді сүю, кең егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге толған байтақ өңірі, малға толы өрісі, ұлы дала тәуелсіздігінің келешек ұрпақтары сендерге мұра боп қалады. Біздің ата бабаларымыз Алатау, Алтай, Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені талай ғасырлар бойы жаудан қорғап келді. Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп,небір ой- түйіндерін арнаған. Халқы үшін қалтқысыз қызмет еткенін, үлгі-өнеге етіп,осындай ата- бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз.

Би «Қалпақ биі» орындайтын бишілер.



1-жүргізуші

Міне, осы Тәуелсіздіктің туын, желбіреткен ұлтжанды азаматтарымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

2-жүргізуші

Тәуелсіз еліміз, еңселі ерлеріміз аман болсын ! Тәуелсіз Қазақстанымыздың нұры тасып, абыройы аса берсін!

1-жүргізуші

Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі жасай берсін. Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын, ұлан ғайыр даласы бар.





2-жүргізуші

Асқақтай берсін тәуелсіздіктің ақ таңы.Бірлікті ту, татулықты тұғыр еткен Ұлы дала тәуелсіздігі, қазақ елі жасасын!

Ән: Көк тудың желбірегені.орындайтын Жиенбаев Арман.

1-жүргізуші

Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік !

Тәуелсіздіктің 27 жылдығы құтты болсын !

Келесі, кездескенше сау саламатта болыңыздар !


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!