Мен Бурабай кенті Сәкен
Сейфуллин атындағы орта мектебінің
3 к сынып оқушысымын. Ғылыми
жобамның тақырыбы: «Рухани жаңғыру аясындағы, тоғызқұмалақ ойыны
- логикалық ойлау
өнері»
Мақсатым: «Тоғызқұмалақ ойыны
баланың логикалық ойлауын дамытады»
Toguz kumalak is both
enjoyabIe and educationaI. This qame is great for those who have a
fIar for art and perfect for chiIdren
Тоғызқұмалақ ойынын ойнау шебері болу үшін
математикадан есептеуді жақсы білу қажет. Тарихқа шолу жасасақ,
Абай атамыз да бұл ойынды ойнаған.
Тоғызқұмалақ ойыны – қазақ
халқының байырғы зияткерлік ойындарының бір түрі. Біздің
ата-бабаларымыз келер ұрпаққа осындай баға жетпес асыл қазынаны
қалдырды.
Тоғызқұмалақ ойыны 4 мың
жылдық тарихқа ие, оны әлемдегі зияткерлік ойындарының ортасынан
ойып отырып орын алған деп айтуға болады
Орыс гелогия ғалымы
тоғызқұмалақ ойынын «Көшпенділердің алгебрасы» деп
атап: "тоғызқұмалақ ойыны
халықаралық шахматтан еш кем соқпайтын керемет зияткерлік ойын "деп
баға берді.
Байырғы тоғызқұмалақ ойын
тақтасы
Ата-бабаларымыз ойнаған
тастан қашалған тоғызқұмалақ
тақталары:
Алматы облысы Түлкібас
ауданынан табылған тоғызқұмалақ
тақтасы
Тараз қаласы Карахан
кесенесіндегі тоғызқұмалақ
тақтасы
Абайдың тоғызқұмалақ
тақтасы
Абай атамыз да тоғызқұмалақ
ойнаған.
Ойнаған Абай, Мұхтар,
Шәкәрім,
Сыпырып тастап, талайдың
шапанын
Осындай аскар алыптар
барда,
Үзілсін ізі қалайша
атаның?
Замандарынан
Фарабилердің,
Дәуірлерінен дана
билердің
Жалғасқан жақсы өнер деп
білсең,
Тоғызқұмалақ, санап
үйренгің.
Біздің Арқада Қаздауысты
Қазыбек тоғызқұмалақ ойнаған. Бұл ойынды Төле бабамызбен Әйтеке
бабамыз да ойнаған.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы
тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау,
162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз
отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс
жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған
ойыншыны қостаушы деп
атайды.
Оқушыларға қойылған
сауалнама сұрақтар
Жоба тақырыбына сай, жас
шамасы 8 ден 15 аралығындағы мектеп оқушыларымен сауалнама
жүргіздік. Жалпы 20 адам сауалнамаға
қатысты.
Көріп тұрғандарыңыздай,
сауалнамаға қатысушылар өздері тұрып жатқан ортадан ұлттық ойынымыз
тоғызқұмалақты тым сезініп кете
алмайды
Кейін тоғызқұмалақ туралы
мәліметтер бердім. Дүкендерде тоғызқұмалақ 2500-2800 теңге
аралығында тұратынын анықтадық. Бұл кейбір балаларға қымбатқа
түсетіні анық. Сондықтан үйде әкем екеуіміз қолдан тоғызқұмалақ
жасадық. Мектепте балаларды тоғызқұмалақ сайтымен таныстырдым. Онда
компьютермен де ойнауға болатынын түсіндіріп,
көрсеттім.
Жарыс ұйымдастырдық. Наурыз
мейрамына арнап, ұйымдастырылған тоғызқұмалақ жарысына қатыстық.
Үйде де ата аналарымызбен тоғызқұмалақ ойынын ойнаймыз. Бурабайдағы
Абылайхан мұражайына барып, тоғызқұмалақ туралы ешқандай материал
таппадым. Осы жобамды аяқтасам, мұражайға апаруды жөн көрдім.
Келген қонақтар өзіміздің төл ойынымыз туралы білгені жөн деп
ойлаймын. Осы жұмыстар атқарылғаннан кейін тағы да сауалнама
алдым.
Нәтижесінде: Оқушылардың
тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылықтары артты. Балалар тез
есептеуге үйренді. Жүрістердің амалдарын табуға, жеңуге тырысып,
тоғызқұмалақ ойынына таныс, туыстарын, ата-аналарын да тарта
түсті.
Егер де тоғызқұмалақ ойынын
басқа есептеуге байланысты «Ментальная арифметикамен» салыстыратын
болсақ:
Ментальная
арифметика:
Баланың зейіні дамиды, баланың
логикалық ойлауы дамымайды. Бала тек ауызша тез есептеуге,
авакустың көмегімен, механикалық түрде үйрене алады. Баланың ойы
дамымайды.
Тоғызқұмалақ логикалық ойлау қабілеттерін
арттырады; тез есептеуге, тапқырлыққа үйретеді;
бабаларымыз зердегілік және зияткерлік даму құралы
ретінде қолданған. Тоғызқұмалақ жасөспірімнің бойында
салмақтылық, сабырлылық, төзімділік, есептегіштік, ойшылдық
қасиеттерін қалыптастырумен қатар, кең ақыл мен озық ойлау иесі
болуына да жағдай жасайды Меніңше, тоғызқұмалақ ойынының
маңызы зор. Бұл ойын арқылы баланың логикалық ойлау қабілеті
дамиды. Тез есептеуге үйренеді. Жүрістерді санап, қосу, азайту,
көбейту, бөлуге үйретеді. Бұл ойынды есеп білмейтін адам бірден
жеңіледі. Тапқырлыққа үйретеді.
Жобаны қорытындылай келгенде,
келесі ұсыныстар жасаймын:
-
Біріншіден оқу бағдарламасына
тоғызқұмалақ үйірмесін кіргізу;
-
Екіншіден, тоғызқұмалақ ойыны
жарыстарын көбірек ұйымдастырылса;
-
Абылайхан мұражайына
тоғызқұмалақ туралы неғұрлым көбірек материалдар дайындап апару
керек.
Елбасымыз
Нурсултан Назарбаев
айтқан: Сынаптай сырғыған уақыт
ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса
беретін процесс. Сондықтан мен өз жобамды рухани жаңғыру аясында
тоғызқұмалақ ойынын қайта жаңғырту мақсатында алдым. Зейін қойып
тыңдағандарыңызға рахмет!
Тоғызқұмалақ туралы бес жолды
өлең
Тоғызқұмалақ
Үйретеді,
ойлатады,
қызықтырады.
Логикалық,
ұлттық.
Мен
тоғызқұмалақты қызыға
ойнаймын!
Ойын