жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Рухани жаңғыру бағдарламаны іске асыру
Динара Алимкулова.
Олимпиадалық резевтің мамандандырылған мектеп-инернат-колледжі,Павлодар,Казахстан.
alimkulova67@bk.ru
Түйін: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектептің тәрбие кеңестігін жаңарту.
Түйін сөздер:Рухани жаңғыру, ел,тарих,мақсат,сана,тәрбие, оқушылар,мақтаныш,болашақ.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяк басты.Куллі жер жузі біздің көз алдымызда өзгеруде.
Біздің максатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Максатка жету ушін біздің санамыз ісімізден озып журуі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толыктырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. «Рухани жаңғыру» - еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда. Бұл маңызды құжат мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашады. Жаңашылдықты ескі әдістермен оқытуға болмайтыны аян. Сондықтан да бағдарламаны жүзеге асыру аясында жобаның әдістерін оқу-тәрбие үрдістеріне кеңінен енгізуге бағыт алынды. Осыған орай Олимпиадалық резевтің мамандандырылған мектеп-инернат-колледжінің тәрбие жұмысының негізгі бағыты болып « Рухани жаңғыру» багдарламасының шаралары іске асырылып жатыр.
«100 жаңа есім» жобасы.
Еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлауға дайындалуда. Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен,білімімен,өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар.Шын мәнінде Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр.Қазақстандағы «100 жаңа есім» жобасы-Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен,еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы,сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі замануи Қазақстанның келбеті көрініс табады.Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін шешендер емес,өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырады.Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құралдарының басты нысанасына айналуға тиіс.Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.
1.Ақылмен,қолымен,дарынымен заманауи Қазақстанды жасап нақты адамдарды қоғамға таныту
2.Оларға ақпараттық қолдау жасап,танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыру.
3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау.Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс. 2018ж.Павлодар облысының «100 жаңа есім» жобасының 5жеңімпазы анықталды.Сонын бірі- біздің жерлесіміз,біздің мақтанышымыз музыкалық колледжінің студенті Алексей Лодочников. Мектебімізде Алексей Лодочниковпен арнайы кездесуді тәрбиеші Ш.К.Умурзакова ұйымдастырды.Ұлты орыс қонағымыз қазақтың домбырасында Құрманғазы атамыздың күйлерін,Қадыр Мырзалиевтің «Қазақ осы» әнің жоғары деңгейдегі шеберлікпен орындап берді.Кездесуде Алексей бұл жобаға қатысқан адамдар туралы айтып,өз өмірбаяннына тоқталып кетті.Осы шараға қатысқан оқушылар мен ұстаздар өз алғыстарын аямай,көңіл-күйлерін көтеріп қайтты. Сонымен қатар,мектебімізде «Табысқа жетер жол» сынып сағаттарын ұйымдастыру дәстүрге айналған.Тәрбиеші М.М.Голышева дзюдодан халықаралық төреші,мектеп жаттықтырушысы,түлегіміз Д.Н.Амелинмен кездесу өткізді.Осындай кездесулер қараша айында өз жалғасын тапқан болатын, оларды тәрбиешілер Б.А.Нұрсағатова , С.А.Султанова,Б.Д.Жуматаева дайындады.Еліміздің,мектебіміздің намысын қорғап,абыройын асқақтатқан түлектеріміз- Даулет Шабанбай,Серік Теміржанов,Еркебұлан Сарқытбаев және Фаниль Рафиков мектеп оқушыларымен қызықты да маңызды әңгімелер өткізді.Қоңақтарымыз туралы бейнефильмдер дайындалып көрсетілді.Бұл фильдердің негізгі ойы-қарапайым балаларымыз өз спорт түрлерінде жоғары нәтижелерге қалай жеткендерін баяндау.Кездесу барысында түлектеріміздің әрқайсысы өзіндік ерекше жетістікке жету жолына тоқталып өтті,осы жолдардың қиындықтары мен қуаныштарын еске түсірді.Оқушылар қонақтарға сұрақтар қойып,жаттықтырушылар мен ұстаздар мектеп қабырғасында болған қызықты оқиғаларға,түлектеріміздің ерекше қасиеттеріне тоқталды.Аталып кеткен барлық кездесулердің мақсаты-оқушыларымызды атақты түлектерімізбен терең таныстырып,кіші буын бауырларды патриоттық қасиеттерге баулу.Спорт-салауаттылық кепілі,денсаулықтың тірегі.Әдетте кез келген адам спортпен шұғылдана білуі мумкін,бірақ шын спортшы болу екі талай.Қонақтарымыз әр жекпе-жегінде намысын қайрап,барлық куш-жігерін жеңіске салып жүрген мақтанышымыз.
«Шаңырақ» жобасы.
Мемлекет,Кіші Отан,мектеп,өз отбасына деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағдарланған «Шаңырақ» арнайы жобасы арқылы іске асырылады.Осы жоба аясында мектебімізде « Бір шаңырақ астында» танымал сабағы (тәрбиеші Ш.К.Умурзакова),мұражайға саяхат(тәрбиешілер С.А.Султанова,М.М.Голышева,тарих мұғалімі А.С.Мухина) ұйымдастырды.Аталған шараларда «шаңырақ» ұғымы қазақ үшін қашанда киелі екені туралы айтылды.Шаңырақ -үй,отбасы деген мағынаны да білдіреді.Шаңырақ-бірліктің,ынтымақтық пен беркенің символы.Танымал сабақта « Бір шаңырақ астында» атты бейнефильм көрсетіліп,11ә сынып оқушылары күшімен қойылым дайындалып көрсетілді.Сабақ барысында «Жаса,Қазақстан!» әніне негізделген көркем гимнастика қыздары би орындады.Қазақ халқының бауырсағы,татар халкының чак-чак тағамы,орыс халқының блины және т.б. тағамдарды ұлттық киім киген оқушыларымыз шара қатысушыларына ұсынды.Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы,достықты жырлаушы,тыныштықты сақтаушы ел.Елімізде әр ұлттар тату-тәтті өмір сүруде.Қазақстанның әр азаматы-өз Отанын қорғауға,еліне сүйіспеншілікпен қарауға міндетті екеніне осы шара дәлел. Ал 7б,8б,8в сынып оқушылары тәрбиеші С.А.Султанова,М.М.Голышева жетекшілігімен Бұқар-Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына саяхат ұйымдастырды.Мұражайда балаларымыз қазақ халқының ежелгі де қасиетті баспанасы-киіз үй туралы түсінік-ұғымдарын молайтып,ұлттық мәдениетті құрметтеуге,ұлттық құндылықты сақтауға және киіз үйдің жасалуы,тұрмыста қолданылуы туралы мол,пайдалы мәлімет алды.Саяхатқа қатысқан оқушыларымыздың айтуынша, осындай түрде өткізілген сынып сағатының әсері мол.Осы пікірімен ұстаздар да тәрбиешілер келіседі,өйткені өз көздерімен көріп,қолдарымен ұстаған зат әрқашанда есте қалады.
Ұлттық ойындар.
Ұлттық ойындар арқылы балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуге жағдай жасалады. «Асық ату»-өте көне кең таралған қазақтың ұлттық ойыны.Аталмыш ойын арқылы көзбен шамалау,ептілік пен тапқырлық, төзімділік және тіпті батылдықты да шындайтын болған.Ойын ережесі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. «Асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар»деген қазақ халқымыз.Бұл ойын балаларды шеберлікке, мергендікке, бытылдыққа, ырымға, ырысқа тәрбиелейді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мектепте «Асық ойнайық» атты шара ұйымдастырылды. Барлық мектеп сыныптары осы ойынға қатысып, асық ойнау әдістерімен, осы ойынның түрлерімен танысты. Асық ойнауды білетін оқушылар ойын түрлерін көрсетіп, шарттарын түсіндірді. Көптеген оқушылар асық ойнауды сол жерде үйренді. Осы ойын женімпаздары да анықталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Шеберлер қаласы» қолөнер фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Аталған шараның негізгі мақсаты – балалардың шығармашылығын дамуына жан – жақты ықпал ету, қатысушыларға жарыс түрінде өзінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік беру.Көрме қатысушыларына сәндік шығармашылық бұйымдарының алуан түрлілігімен танысуға мүмкіндік берілді. 7-11 сынып оқушылары арнайы кесте бойынша көрмеге қатысты. Әртүрлі номинациялар бойынша жиырма бес оқушы марапатталды.
«Қара жорға» – біртұтас желіге құрылған, бірнеше бөлімнен тұратын, нағыз буын биі. «Қара жорға» – қазақи тұрмыстың ұлттық болмыстың төл туындысы. Наурыз мерекесінің қарсанында мектеп алаңында 7-11 сынып оқушыларымыз «Қара жорға» биін биледі. Осы флешмобты ұйымдастырған тәрбиеші Ш.К. Умурзакова және 11 сынып оқушылары.
«ЭКО БУМ» жобаның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Табиғатқа және өзіне деген сүйіспеншілік, ұқыптылық сезімін дамыту, тұлғаның экономикалық ойлау қабілеті мен экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған. «Жақсылық жаса» пластикалық қалпақшаларды жинау акциясы және «Құстарға арналған кафе» арнайы экологиялық акциялар арқылы іске асырылды.
«Жақсылық жаса» пластикалық қалпақшаларды жинау акциясына біздің мектеп ұстаздары мен оқушылары белсенді қатысты. Қалпақшалар Павлодар қаласының мейірімділер клубына тапсырылды. «Құстарға арналған кафе» экологиялық акциясы қараторғай үйшіктерін дайындау және ілінуді көздейді. Бұл акция табиғатқа деген сүйіспеншілікті, құстарға мұқият және қамқорлықпен қарауды, сондай-ақ осы мәселеге қоғамның назарын аударуды мақсат етеді. Аталған акцияға 7-8 сынып оқушылары белсенді қатысты.
Мемлекет пен ұлт- қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза. Өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде биімделуге қабілетті болуы керек. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.
Әдебиет:
1.Н.Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген