Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Елім менің" музыкалық - интеллектуалдық сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Елім менің" музыкалық - интеллектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәні мұғалімдеріне, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «ЕЛІМ МЕНІҢ» музыкалық – интеллектуалдық сайыс.

Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясының «Туған жер» бағдарламасы аясында патриоттық тәрбиеге баулу. Оқушылардың музыкалық білімдерін пысықтау. Олады ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс.

Көрнекілігі: Слайд, «Рухани жаңғыру» логотипі

Барысы: Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар!Сәлем достар! Бүгінгі «Елім менің» деп аталатын музыкалық – интеллектуалдық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер! «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама - композитор Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер. Ендеше, достар бүгінгі сайысымыздың қатысушы жастарын ортаға шақырайық. Біздің сайысымыз 6айналымнан тұрады. Олар: 1. Таныстыру 2. «Бәйге» 3 Полиглот 4. Музыка нені бейнелейді? 5. Ән-жұмбақ 6. Үй тапсырмасы.

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1.

2.

3.1

Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз.

І. Айналым: Таныстыру

Ережесі: Әр топ аттары мен ұрандарын таныстырады. Мәнерлеп, ұқыпты тансқан топқа ең жоғары ұпай 5 қойылады.

ІІ айналым. «Бәйге»

Жүргізуші: Алғашқы айналым өз мәресіне жетті. Келесі айналымымыз «Бәйге» деп аталады. Бұл айналымда әр топқа 7 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға нақты, жылдам жауап берген топқа әр сұрақ үшін 1 ұпай беріледі.

«Мәңгілік Ел» тобы

  1. Қазақстан Республикасы ел тәуелсіздігін қашан алды?

  2. Ақан серінің шын аты кім?

  3. «Үлкен Айдай» кімнің әні?

  4. Науырзым ауданы қай облысқа жатады?

  5. Ғарифолла Құрманғалиев қай өңірдің әншісі?

  6. Астананың күні қай күні тойланады?

  7. Музыкада неге нота бар?

«Туған жер» тобы

  1. Елімізде Конституция күні қашан мерекеленеді?

  2. Біржан салдың қандай әндерін білесіңдер?

  3. Манарбек Ержанов «Қыз Жібек» операсында кімнің рөлін сомдайды?

  4. Дәмді ауылы қай ауданға жатады?

  5. Төлеген Момбеков қай өңірдің күйшісі?

  6. 1 – желтоқсан қандай мереке?

  7. Музыкада ән шығаратын адамды кім дейміз?



Жүргізуші: Құрметті достар, келесі айналымда сіздердің сөйлеу мәдениеттеріңіз, сөздік қорларыңның молдығы, қиялдарыңыздың ұшқырлығы сарапқа салынатын болады.

ІІІ айналым.

Ережесі: Келесі бөлімде төрт жол өлең беріледі. Ол сендерге таныс әннің шумағы, бірақ сөздердің орындары ауысқан. Сол ауысқан сөздерді орнына қойып, әнді топпен орындап берулерің керек. Және де астын сызылған сөздерді үш тілде айтып көресіңдер! Ал, сәттілік!

«Мәңгілік Ел» тобы

Өсірген аялап бізді,

Отан саябақ қамқор.

Үйіміз Отан ортақ,

«Туған жер» тобы

Төккен күндейміз нұрын

Өскен жайнап гүлдейміз.

Ашық астында аспан

Шаттана біз билейміз.

Әнмен көңілді күйіміз.

Жүргізуші: Балалар, сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар. Бәрекелді!

ІV – айналым – Музыка нені бейнелейді?

Ережесі: Сіздердің назарларыңызға күй қойылады. Сол күйді тыңдағанда не көз алдарыңа елестесе сол туралы қағаз бетіне сурет қылып түсіресіздер, және баяндап бересіздер.

Құрманғазының күйі «Сарыарқа»

Жүргізуші: Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет.

V – айналым - «Ән - жұмбақ»

Ережесі: Ән – жұмбақ сайысында оқушылар Сіздерге таныс әндердің әуендерін таспадан тыңдайсыңдар! Және қай ән екенін тауып алу керексіңдер. Тапсырма түсінікті болса, бастайық!

Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған,

Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын А.Құнанбаев атамыз айтқандай ақтық мәреге аяқ басайық!

VІ – айналым - «Үй тапсырмасы»

Ережесі: Әр топқа «Қазақстан», «Отан», «Туған жер» тақырыбында бір әннен жаттап келуге үй тапсырмасы берілген болатын. Олай болса, әр топ өздерінің әндерін орындап берсін.

Осы құрметті көрермендер біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Жүргізуші:

Марапаттау:

Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Ән аманат сіздер үшін.

Бар болыңыздар,

Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі