400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша "қымбатсың маған, Туған жер"атты ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне тәрбие сағаттарында қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы:Рухани жаңғыру «Қымбатсың маған,Туған жер!»

Күні:12.01.2019ж

Сынып:1 а

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік:Жас ұрпақтың бойынан туған жеріне ,Отанына деген сүйіспеншілікке баулу;

Дамытушылық:Оқушыларды туған жер тарихын ұғындырып,елін,жерін қорғауға үйрету;

Тәрбиелік:Оқушыларды өз елін,жерін қорғайтын патриот болуға,өз ойын көркем толық жеткізетін жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Сабақ көрнекіліктері: флипчарт,видеоролик,Қ.Р рәміздері,шаңырақ суреті,плакат,эмблема.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.Амандасу
.
Білер қазақ баласы,

Сәлем -сөздің анасы.

Көп танысты көреміз

Алдымыздан кезіккен,

Бәріне де ізетпен

Иіліп,сәлем береміз!

ІІ.Кіріспе.

Жүргізуші:Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар!Бүгін, міне болғалы отырған «Қымбатсың маған,Туған жер» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


Мемлекеттік әнұран орындалады.


ІІІ.Негізгі бөлім

Жүргізуші:

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, – дей келе ашық тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін ортаға сыныбымыздың оқушыларын шақырғым келеді.

Тақпақ айтатын балалар ортаға шығады.

(Аружан,Диас,Мирхат,Алихан,Аңсар,Анель,Имран,Ерамир,Жания,Ислам)

Аружан Елінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен,

Неткен сұлу,неткен көркем

Осы менің туған өлкем?

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу,неткен көрке

Осы менің туған өлкем?!

Диас Туған елім-гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін-

Лүпілдеген жүрегім?


Аңсар Отан-сенің,ата-анаң,

Отан-досың,бауырың.

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан,ауылың.


Жания Отан деген-атамекен.

Отан деген-туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен,

Қазақстан-туған ел.

Мирхат Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз мен атамыз.

Ислам Көк айна көлім бар,

Кең жайлау жерім бар.

Еңбегі еленген,

Атақты ерім бар.

Алихан Жайдарлы желім бар,

Өрісті белім бар

Ерлікке баулитын,

Егемен елім бар.

Имран О,алақай ,туған жер!

Жақсы-ау,бақша-бауларың!

Көзге ыстық көрінер,

Сенің асқар тауларың.

Анель Тарих боп кешегім,

Көп жұмбақ шешемін.

Егемен еліме,

Еге боп өсемін.

Ерамир Толқығанда сезім-ой,

Әппақ арым,тілегім.

Туған елім өзің ғой,

Арқа сүйер тірегім

Жүргізуші: Оқушылар, сіздер Қ.Р. рәміздерін білесіздер ме?

(сыныпты Ай,күн,жұлдыз,кемпірқосақ болып 4 топқа карточкалар арқылы бөлу)

Олай болса,мен сіздерге тарататын рәміздердің суреттеріне «Постер» қорғау керексіздер.

Ол дегеніміз- алдарынызда тұрған суреттер жайлы өздеріңіз білетін шағын мәліметті топ болып дайындайсыздар.Постер қорғау арқылы тақтаға «Шаңырақ» суретін 4 жарты бөліктерден құрастырады.

5 мин.уақыт беріледі.

Оқушыларды

1 топ Отаншыл Мемлекеттік рәміз-Туды қорғайды.

2 топ Намысшыл Мемлекеттік рәміз-Елтаңбаны қорғайды.

3 топ Білімді Мемлекеттік рәміз-Әнұранды қорғайды.

4 топ Алғыр Елбасы сарайы-Ақорданы қорғайды.

4 топқа бөлінеді.

Әр топтан бір оқушыдан шығып, «Шаңырақ»суретін құрайды.

Жүргізуші:Балалар ненің суреті?

Олай болса, бұл шаңырақ біздің сыныбымыз болсын.Осы шаңырақ астында,сіздер білімді,алғыр,тәрбиелі жас ұрпақ болып өсулеріңе тілектеспін!елің,жерің қадірлейтін ұлтжанды азамат пен азаматшалар болатындарына сенеміз!!!

Жүргізуші:Балалар,сіздер Туған жер.Отан,Туған ел жайлы мақал-мәтелдер білесіздер ме?

Мақалдар.

1.Томирис

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2.Нұрасыл

Туған жерге туың тік.

3.Аяжан

Туған жер-тұғырың,

Туған ел-қыдырың.

4.Амир

Туған жер-алтын бесік.

5.Диляра

Ел болам десең,бесігіңді түзе.

6.Арнай

Отан-елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

7.Адина

Отанды сүю-отбасынан басталады.

8.Саян

Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

9.Т.Арлан

Отан-оттан да ыстық.

10.Б.Арлан

Өз елім-өлең төсегім.

11.Жантөре

Жүргізуші:Керемет балалар.Рахмет.

Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы, - деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар дей келе сыныбымыздың қыздарын «Шашу» биімен ортаға шақырамыз.Тамашалаңыздар!

Би «Шашу».(Аружан,Жания,Томирис,Адина,Диляра,Амина)

Жүргізуші: Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасайық.

Көрініс: «Туған жер»

(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: Ата, «Өткен өмір» деген не?

Атасы: Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?

Атасы:Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

Болмаса да оқыған тарихшы атым,

Жинадым ескілерден тарих хатын

Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Ұмыттырмау «Жеті атасын» парыз екен,

Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.

 Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата - бабаларымыз туған жерін қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.

Немересі: Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?

Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың. Сен туған жеріңді аялап, қорғауын керек.

Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: Жарайсың, балам! 

Жүргізуші:Туған жер,өскен ел,жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады.Қазақстан-көз тартар аса көркем,бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

«Арнау-айтыс»Жантөре мен Аминаның орындауында.Қабыл алыңыздар!

Қолдарында домбыра болады. «Еркем-ай» әніне салып айтады.

Жантөре

Ұлан байтақ жері бар, Пайдалы қазба кені бар. Тәуелсіз ел- Қазақстан Көркіне көркі жарасқан.

Амина

Тәуелсіз азат елім, Туып өскен-байтақ жерім. Мәңгі жайнап тұра бер, Қазақстаным менің. Жантөре Отаным-қазақ елім,алға ұмтылған,

Амина Өз елімде кезім жоқ,сағым сынған,

Бірге Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,

Бәсекелес отыз елдің қатарынан.(2 рет айтады)

Жүргізуші:Біздің туған өлкеміз-кең байтақ Қазақстан.Оның асқар таулары мен айдын көлдері,жайқалған орманы мен жасыл жайлауы біздің ақ бесігіміз!Ортаға «Көк тудың желбірегені»әнімен сыныбымыздың оқушыларын шақырамыз.

Жүргізуші:Қазақстан аталады Отаным,

Мен отанын сүйетұғын ботамын.

Әрбір адам еңбек ету арқылы

Көркейтеді,құрметтейді Отанын.

Осымен, 1 «а» сыныбы оқушыларының «Қымбатсың маған,Туған жер» атты ашық тәрбие сағаты аяғаны жетті.Назар салып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет.

Бірге:Сау болыңыздар!!







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі