жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖОЛДАРЫ
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖОЛДАРЫ
Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі – өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Мен, Умбетова Жайнагуль Макеновна, 2011 жылдан бастап Смирнов №3 орта мектебінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ретінде қызмет атқарып келемін. 2017 жылдан бастап Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы дүйім жұртқа жариялаған болатын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білімімді шыңдау үшін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тәрбие мазмұнын жаңарту» тақырыбында 2 апталық курстан өттім. Курста «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарын талқылап, жаңа жобалар, жұптық, топтық жұмыстар жасап, өз тәжірибемізбен бөлісіп, талқыладық. Сонымен қатар, бірнеше жаңа стратегиялық әдіс- тәсілдерді негізге алып, осы бағытта қалай тапсырма беруге болатынын, жағдаяттарға байланысты сұрақтарға жауап алып, кері байланыстар арқылы талдау жұмыстарын жүргіздік. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде тәрбие мазмұнын жаңартуға байланысты сапалы дәріс алдым.
Үш жыл бойы «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖОЛДАРЫ атты әдістемелік тақырыбы бойынша мектебімізде білім саласындағы барша ұстаздар қауымы, мектеп кітапханашысы, шағын орталық тәрбиешілері, оқушылар аталған бағдарламаны жүзеге асыруда өз белсенділіктерін танытып келеді. Казіргі таңда мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы… Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие – ауадай қажет. Иә, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Тәрбие мәселесі – адам баласының ғұмырындағы көнермейтін, ажырамайтын баға жетпес құндылық, бала тәрбиелеу мәселесінің негізгі өзегі – өмір тәжірибесі, өз халқының әдет-ғұрпы болып саналады.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсатына сүйене отыра мектептің тәрбие мақсатына айналдырдық - біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру ғұрпы болып табылады.
Тәрбие жұмысының мақсаты:
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсатына сүйене отыра мектептің тәрбие мақсатына айналдырдық - біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру ғұрпы болып табылады.
Міндеттері:
Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау;
Оқыту мен тәрбие үрдісін үйлестіре отырып, рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру.
Өзектілігі: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының іске асырылуы білім беру саласының оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту және «Мәңгілік ел» идеясының ұлттық құндылықтарын жеке тұлғаның бойына қалыптастыру қазіргі таңда тәрбие жұмысының ең өзекті мәселесі болып табылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 4 жоба, 16 негізгі бағыт және 6 арнайы жобадан құрылған. Олар: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «жаңа әлемдегі Қазақстанның мәдениеті», «100 жаңа кітап», «100 жаңа есім» және «қазақ әліпбиенің латын қарпіне көшірілуі».
«Тәрбие және білім» бағдарламасы 4 бағыттан тұрады.
Өлкетану;
Отаным-тағдырым;
Саналы Азамат
Кітап-білім бұлағы
ХХІ ғасырдағы жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін алдыменен оқушының ұлттық санасын ояту керек, патриоттық сезімін қалыптастыру керек. Патриотизм бұл өскен ауылыңа, қалаң мен өңірің, яғни туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады.
«Отаным – тағдырым» базалық жоба жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты дамытуға, рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыруға, кәсіби маңызды қасиеттерді және дағдыларды, жұртшылықтың өмір, қоғам, әртүрлі салаларында белсенді ат салысуға көмектесу. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектептерде туған жердің тарихын танытудан басталады.
Білім алушылардың азаматтық санасының деңгейін анықтау
«Жас Ұлан», Ұлы дала скауттері балалар және жастар қозғалысы
«Сөз-тілдің көркі»
«Өрле, Қазақстан»
«Дарынды ұрпақ-ел болашағы»
Рухани жаңғыру аяссында откізілген республикалық және облыстық байқауларынан жетістіктерымыз көп.
«Өлкетану» базалық жобасы бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
Базалық жобаны іске шеңберінде жоспарланған маңызды оқиғалар:
«Алтын адам»
«Табиғат бесігі»
«Тарих мұрасы»
«Ұлттық қазына»
«Елімнің шежірелі байлығы»
«Менің Отаным-Қазақстан»
«Туған елге тағзым» танымдық-өлкетану экспедициясы - мектепте 2018 жылы өз бастауын алған патриоттық өлкетану экспедициялар. Жоба оқушыларда патриоттық сезіммен туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында дайындалған.
Оқушылар Қазақстанның түкбір-түкбірін аралап, оның флора мен фаунасын зерттей алады. Сонымен қатар, қалалардағы мұражайлар мен оның тарихын таниды.
Бұл жобада мектептен 7,8,9,10 сынып оқушылары білім, спорт, өнер т.б. жетістіктері үшін іріктеліп алынады.
Мұндай жобалар жақсы нәтижеге бағытталған.Экспедициядан кейін оқушылар өмірлік тәжірибесін арттырып, зертеген қаланың, ауданның тарихын біліп, интервью алып үйренеді. Жас зерттеушілер өздерін табиғатта, төтенше жағдайда, немесе өмірде, достар арасында қалай ұстау керек екендерін үйренеді. Физикалық және психологиялық тұрғыда өздерін сынап, өзінше шешім қабылдауды қолға алды.
Жоба аяқталған соң, оқушылардың жазған күнделіктері мен ғылыми жобалары мектептер кітапханасында сақталады. Оны кіші сыныптардағы оқушылар, болмаса мұғалімдер мен жобаға қатыспаған оқушылар оқи алады.
"Туған елге тағзым"танымдық- өлкетану экспедициясы аяқталғаннан кейін оқушылар зерттеген өлке жайлы жоба жұмыстарын жазады. Тақараптар: «Тарихи терең – Жетісу!», «Астана – бейбітшілік пен келісім орталығы!», «Киелі жер – Сарыарқа!», «Ұлы Жібек жолы бойындағы Тараз», «Кенді Алтай кереметтері», «Ел өзегі-Сырдария», «Ұлы Жібек жолы бойындағы Шымкент шаһары», «Жайығым- Жерұйығым!», «Ақтөбе- индустриалды дамыған аймақ», «Жер шоқтығы – Көкшетау!», «Семей – руханият пен мәдениет орталығы...».
Саяхат мерзімі 7 күн құрайды. Уақыты: жазғы демалыста маусым айында өтеді.Саяхаттан кейін экспедиция қорытындысы жасалынады.
"Туған елге тағзым" экспедициясы мектептің дәстүріне айналмақ.
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша ғасырлар бойы тарих толқынын кешкен жерлердің (ескерткіштердің орындарының) картасын жасау, олардың тарихи, рухани мағынасын қайтадан қалпына келтіру, жалпыұлттық мәнге ие болу. Сондықтан да «Тарихы тұнық, тұғыры биік туған жер» зертеу жұмысында бабамыздың білегінің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған туған жердің тарихына тағзым етіп, асылдардың ізімен кішкентай Отанымызды зерттедік. Әрбір азамат болып қалыптасып келе жатқан жаңа буынға өлкеміздің тарихын таныстырсақ деген ниеттеміз..Өлкетану секциясы бойынша мектебіміздің оқушысы Байдуллаева Айгүл мен оның жетекшісі, география пәнінің мұғалімі Альбаева Айгүл Кенесқызы «Тарихы тұнық, тұғыры биік – туған жер» тақырыбында ғылыми жоба жазып, облыстық байқауының жеңімпаздары атанды.Бұл жоба оқушыларға не берды?
Мeктeптe гeoгpaфия, тapих caбaқтapындa, "Өлкетану" үйірмелерінде бiз кapтaны, альбомды oқу құpaлы peтiндe қoлдaнaмыз. Бұл oқушылapғa aймaқтың aумaғын, aудaнын, әкiмшiлiк-aумaқтық бөлiнiciн көpнeкi түpдe көpceтугe мүмкiндiк бepeдi.
Жаңа инновациялық технология QR код-ты пайдалану арқасында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артты.
Иннoвaциялық тeхнoлoгиялapды eнгiзумeн, aтaп aйтқaндa, QR-кoдты пaйдaлaнудың apқacындa бaлaлap кәciпкe қызығушылық тaнытудa.
Oқу жылының бacындa жәнe opтacындa eкi кecкiн жacaлды. Бiздiң кapтaмызды қoлдaнғaнғa дeйiн «Aққaйың aудaнының тapихы мен әкiмшiлiк-aумaқтық бөлiнici» тaқыpыбындa тecт aлынды, бacтaпқыдa oқушылap өз бiлiм дeңгeйлepiн- 47% көpceтce, кapтa қoлдaнғaннaн кeйiн нәтижe - 88% бoлды. Ocындaй жүйeлi жұмыcтың нәтижeciндe бiлiм дeңгeйi 41 пaйызғa жoғapылaды.
Aудaнымыздың тapихи шeжipeciн, бaй өлкeciн зepттeй oтыpa, бoлaшaқ ұpпaққa aтaмeкeнiмiздiң бaйыpғы мeкeн eткeн жepлepiн, eл үшiн, жep үшiн қopғaн бoлғaн бaбaлapымыздың ecкepткiштepiн oқушылapдың тaнымдық - қызығушылықтapын apттыpу мaқcaтындa иннoвaциялық тeхнoлoгиялapдың көмeгiмeн кapтaғa өткeн мeн бүгiнгi жәнe бoлaшaқ өмipiмiз жaлғacтыpaтын лaтын қapпiмeн eнгiздiк.
«Туғaн өлкeмiздiң шығу тapихын, мaзмұнын aнықтaп, тoптaп, бip жүйeгe кeлтipe бiлceк, oндa өз туғaн eлiмiзгe дeгeн cүйicпeншiлiгiмiз apтa түcпeк»дeгeн бoлжaмымызды дәлeлдeдiк дeп oйлaймыз, әpi eлiмiздiң pухaни жaңғыpуынa жacaлғaн тaғы бip қaдaм дeп бiлeмiз.
Бoлaшaқтa бiз «Coлтүcтiк Қaзaқcтaн oблыcының киeлi, aлқaпты жepлepiнiң» кapтacын жacaуды жocпapлaп oтыpмыз.
Өз eлiмiздiң дaмуынa тeңiзгe тaмғaн тaмшыдaй бoлca дa үлeciмiздi қoccaқ дeп oйлaймыз
«Оқушы 100 кітап оқуға тиіс» жобасы
2017 оқу жылы мектебімізде“Оқып шығуға ұсынылған 100 кітап” жобасын жүзеге асыру мақсатында Назарбаев зияткерлік мектеп бағдарламасының элементтері енгізілді.
«Оқушы 100 кітап оқуға тиіс» жобасы бойынша жоспар құрып, оқуға тиіс жүз кітаптың тізімін жасадық. Аптаның әр сәрсенбі және жұма күндері оқушыларымыз 10 минуттық уақытын кітап оқуға арнайды. Соған орай оқушылармен сауалнама жүргізілді, шығарма, оқыған кітабы бойынша шағын эссе жазылды. Жоба аясында конференциялар, сайыстар, сұрақ-жауап іс – шаралар, дебаты, әдебиет шолулар өткізіліп, қойылымдар қойылды. Менің ойымша «Оқушы 100 кітап оқуға тиіс» жобасы дер кезінде қозғалып отыр. Мұны кітап оқуға міндеттеу дегеннен гөрі көркем әдебиетті ақыл-ойға ерік ету деп түсінген жөн. Ал әдеби шығармаларды жаппай оқытудың, кітапқа қызықтырудың тиімді бір тәсілі — көркем туындыны пікірталас өзегіне айналдыру. Сонда ғана кітапқа құмарлық арта түседі. Мұны әр сыныппен жылына екі-үш рет өткізу пайдасын тигізді.
Мектеп кітапханашы үлкен жұмыс жүргізді, әрбір іс-шараға жауапкершілікпен және сапалы дайындықпен қарады.Өте жақсы деңгейде әдебиттік кештер, оқырман конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілді.
Үш жылдың кітап оқу мониторингісі жүргізілді. Айтарлықтай, нәтижесі бар. Оқушылардың кітап оқу қызығушылықтары артты, оқу техникасы көтерілді, сонымен қатар білім сапасы да артты.
2
017-2018
оқу жылының кітап оқу мониторингісі
2
018-2019
оқу жылының кітап оқу мониторингісі
2019-2020 оқу жылының кітап оқу мониторингісі
2020 жылы аудандық «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда мектеп кітапханашысының қосатын үлесі атты семинар- практикум өткіздік. Бұл семинарға аудан мектептерінің кітапханашылары қатысты. Семинарда қатысушылар тәжірибе алмасты.
2019 жылы облыс көлемінде тәрбие жұмысы орынбасарлары мен аға жетекшілерыне семинар өткіздік.
Семинар бағдарламасы: ««БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» аясындағы
«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен тәжірибе алмасу»
Өткізілетін мерзім: 15.02.2019
Өткізілетін орны: салтанат залы
Семинар қатысушылары: Магниттік мектептердің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары
Семинардың жұмыс уақыты: 10:00-12:50
Уақыты |
Өткізілетін шаралар |
жауаптылар |
9:30-10:00 |
Тіркеу |
|
10:00 -10:10 |
Тренинг |
Умерзакова Ж.Т. |
10:10-10:30 |
«Туған елге тағзым» жобасының ұйымдастырылуы бойынша семинар практикумы |
Умбетова Ж.М. |
10:30-10:40 |
«Қазақ әндері» жобасының ұйымдастырылуы |
Жангазина А.Ә. Балтабаев Д.Б. |
10:40 -11:00 |
«Қоғамға қызмет ету»әлеуметтік жобасы аясында тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған семинар практикумы |
Хамзина Р.Қ. |
11:00 – 11:20 |
«Баланы жұмысқа ал», «10 күн ата-ана жұмысында» әлеуметтік жобалар аясында тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған семинар практикумы |
Умбетова Ж.М. |
11:20 -11:40 |
Мектепте «Оқушы 100 кітап оқуға тиіс» жобасының ұйымдастырылуы.
|
Мукашева А.Т. |
11:40-12:00 |
Рефлексия |
Умбетова Ж.М. |
"Саналы Азамат" базалық жоба оқушылардың еңбек нарығында кәсіби бағытталған, өзін-өзі анықтау жағдайында, қызмет аясын таңдау еркіндігінде, олардың мүмкіндіктері, қабілеттері мен талаптарын ескере отырып, білім беру барысында оқушыларға болашақ мамандық таңдау үшін жағдай жасау, кәсіптер мен мамандықтар бойынша ақпараттандыру қажеттілігі туралы және кәсіби білім алу міндеттерін қамтиды.
Білім беру қызметіне қанағаттану деңгейін анықтау
«Ұлы жаңалықтарға алғашқы адам»
«Мамандықтар әлемі»
«Кітап –білім бұлағы»
«Алтын қазына»
«Таным мәдениеті»
«Дарындылар елі»
«Айналаға қара»
Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр.
Рухан жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуадық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.
Оқушылардың патриоттық, құқықтық тәрбие, саяси сана, саясм ойлау, саяси мәдениетпен тығыз байланыстығы өткізілген іс-шаралар барысында түсіндірілді.Отанға деген құрмет пен сүйспеншілік сезімді нығайту: ҚР мемлекеттік рәміздерін бағалап, ана тілінде таза сөйлеуге талпындыру. Ел мәдениеті мен тарихын зерттеу арқылы ҚР негізгі құндылықтарын қабылдау қабілеттілігін, Отанды қорғау азаматтық борыш ұғымын қалыптастыру. Оқушылар өз елін сүюге, өз елінің тарихын сыйлауға үйренеді, оқушыларда патриоттық рух пайда болады. Осының дәлелі сонғы үш жылдағы оқушылардың тәрбие деңгейінің диагностикасы болып табылады.
Оқушылардың тәрбие деңгейінің диагностикасы
«Смирнов №3 орта мектебі» КММ
Аталған жобаларды ілгерілету бойынша бүгінгі күні өңірімізде мақсатты жұмыстар жүргізілуде, соған орай мектепішілік және мектепаралық деңгейде серіктесе іс-шараларды ұйымдастырудың үлгі жоспарын ұсынамыз:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шаралар атауы |
мерзімі |
Базалық жоба |
Қатысушылар, саны |
Жауапты жетекші |
|
«Отаным-тағдырым» кіші бағдарламасы |
||||
1 |
«Рухани жаңғыру- еліміздің болашағы» атты қоғам өкілдерімен кездесу. |
Қаңтар
|
«Отаным-тағдырым» кіші бағдарламасы |
Әскери қызметкерлер Оқушылар
80 |
ТЖО |
2 |
«Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу» тақырыбында дөңгелек үстел |
Қаңтар
|
«Отаным-тағдырым» жобасы |
9-10 сынып оқушылары-50
|
Тіл мамандары |
3 |
Инабатты қазақ қызы» байқауы |
Наурыз
|
«Отаным-тағдырым»» |
Мектеп оқушылары, ата-аналар, демеушілер |
Өзін-өзітану пәнінің мұғалімі
|
4 |
«Туған елге тағзым» СҚО бойынша көрікті жерлері мен тарихи тұлғалары бойынша Жас тарихшылардың зертеушілер байқауы |
Наурыз
|
«Отаным- тағдырым» |
5-10 сынып оқушылары 80 |
Тарих пәні мұғалімдері
|
5. |
«Ерлікке тағзым» соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу сәті |
Мамыр
|
«Отаным- тағдырым» |
Ардагерлер кеңесі-5 Оқушылар-50 |
«Жас ұлан» ұйымы |
6. |
«Тербелген татулықтың бесігінде» жанұялық сайыс |
Мамыр
|
«Отаным-тағдырым» |
Ата-аналар отбасы- 7 |
Сынып жетек |
7. |
«Көк байрағым-елдігімнің белгісі» атты тәрбиелік іс-шара
|
Маусым
|
«Отаным-тағдырым» |
15 оқушы |
Тәрбиешілер |
8 |
«Ата Заң- ұлттық рухани жаңғырудың бастамасы» |
Тамыз |
«Отаным-тағдырым» |
50 оқушы |
Тарих пәні мұғалімі |
9 |
1 қыркүйек «Білім күніне орай «Рухани жаңғыру - білім саласының даму көкжиегі» тақырыбында ұстаздармен кездесу |
Қыркүйек |
«Отаным-тағдырым» |
Ұстаздар 45 |
Мектеп әкімшілігі |
10 |
Республикалық Денсаулық фестивалі күніне орай «Саламатты Қазақстан» атты спорттық іс-шара ұйымдастыру |
Қыркүйек |
«Отаным-тағдырым»
|
Оқушылар Ата-аналар Ұстаздар 150 |
Денешынық-тыру пәнінің мұғалімдері |
11 |
«Ұлттық ойындарымызды жаңғырту мақсатында тоғызқұмалақ және асық ату ойынынан жарыс |
Қазан |
«Отаным- тағдырым» |
Оқушылар Ата-аналар Ұстаздар 150 |
Денешынық-тыру пәнінің мұғалімдері |
12 |
«Намыс» әскери жаттығулар көрсетілімі
|
Қараша |
«Отаным-тағдырым» |
Кадет сыныбы 50 |
АӘД
|
13 |
Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» мерекелік концерт
|
Желтоқсан |
«Отаным-тағыдарым»
|
Оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қонақтар 200 |
Қосымша білім беру мамандары |
14 |
«Тәуелсіздік – деп соғады жүрегіміз» мерекелік іс-шара
|
Желтоқсан |
«Отаным-тағдырым»
|
Оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қонақтар 200 |
Қосымша білім беру мамандары |
Өлкетану |
|||||
1 |
«Мамандықтар әлемі» тақырыбында ашық әңгіме |
Ақпан
|
«Саналы азамат» жобасы |
Белсенді азаматтар, 9-10 сынып оқушылары 45 |
Сынып жетекшілер . |
2 |
«Елімнің шежірелі байлығы» жоба қорғау
|
Ақпан
|
Өлкетану жобасы
|
8-10 сынып оқушылары |
География пәні мұғалімдері |
3 |
«Қазақтың 100 әні» жобасы «Gakku дауысы» ән фестивалі |
Сәуір
|
Өлкетану |
Мектептің өнерлі оқушылары
|
Қосымша білім беру педагогтары
|
4 |
«Табиғат бесігі» |
Сәуір
|
Өлкетану |
Мектеп оқушылары, ұстаздар |
ТЖО |
5. |
Ұлы жаңалықтарға алғашқы қадам «Арайлы таңдай –сұлу Астана» бейнекөрсетілім. |
Шілде |
Өлкетану |
20 оқушы |
Аға тәлімгер |
6 |
«Жасыл өлке» акциясы ағаш отырғызу |
қазан |
Өлкетану |
Мектеп оқушылары, ұстаздар |
Аға тәлімгер |
«Саналы азамат» жобасы |
|||||
1 |
Шеберлік сыныбы «Рухани-жаңғыру: ұлттық өнер құндылықтары» |
Сәуір
|
«Саналы азамат» жобасы |
Мектептің қолы шебер оқушылары
|
Қосымша білім беру маманы
|
2. |
«Жомарт жүрек» жобасы 1 маусым «Балаларды мәпелейік» акция
|
Маусым
|
«Саналы азамат» |
Мектеп жанындағы алаң Аз қамтылған отбасы балалары |
Әлеуметтік ұстаз |
3 |
«Рухани жаңғыру- бір апта ауылда» жобасы |
Шілде |
«Саналы азамат» |
Мектеп оқушылары 5-10 сыныптар |
Сынып жетекшілер |
4 |
«Рухани жаңғыру- туған жерді танып білуден басталады» экскурсия ұйымдастыру. |
Тамыз |
СҚО облысының аудандары-ның бірі |
Мектеп 8-9 сынып оқушылары 15 оқушы |
Мектеп әкімшілігі |
5 |
«Қариясы бар ел, қазыналы ел» ардагерлермен кездесу кеші |
Қазан |
«Саналы азамат» |
Ардагерлер оқушылар |
«Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымы |
6 |
«Жақсы кітап- жан азығы» жобасы «Кітап-рухани жаңғыру құралы» |
Қараша |
«Саналы азамат» |
Оқырмандар |
Кітапханашы
|
7 |
"Мейірімді ұрпақ» акциясы |
Жыл бойы |
Саналы азамат |
оқушылар |
Жас ұлан ұйымы |
8 |
«Кәсіпкер» ойыны |
Мамыр |
Саналы азамат |
оқушылар |
Жас ұлан ұйымы |
Ұсыныстарымыз:
Өткізілетін тақырыптық іс-шаралар бойынша нақты нұсқаулықтар, ережелер болсын;
Өткізілген іс-шараларды БАҚ жариялау;
Аудан, қала, облыс деңгейінде іс-шараларды ұйымдастыру және тәжірибе алмасу;
Әрбір іс-шараның өтуіне алдын ала қаржыландыру болсын;
Күтілетін нәтиже:
Тәрбиеленушілер мен ата-аналар, ұстаздар, қоғам өкілдерінің санасының ашықтығы мен ұлттық құндылықтарды бағалай білу деңгейі артады;
Кіші отанына деген патриоттық сезімдері оянады, рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтары қалыптасады;
Болашақ кәсіби мамандықтарын таңдауына бағыт-бағдар беріледі;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген