Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №201 мектеп-лицейінің мұғалімі

Тыныштықбаева Алтынкүл Ераліқызы


Тақырыбы: Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;

Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

Түйінді идея

Рухани жаңғыру болашаққа бағдар


Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол" атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Отан дейміз - от жаққан жерімізді,
Отан дейміз - өсірген елімізді.
Отан дейміз - туған жер, атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
Отаным менің кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!
Мұғалім: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс..
Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптасады.

Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

Ол – Мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!.
Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы. «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мұғалім: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
- Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
- Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
- Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың айтқан керемет сөздері бар.

Жүргізуші: Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.

Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халықтың тәуелсіздік алғалы бері жүріп өткен жолдарын еске түсірейік.

1- жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

2- жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1-жүргізуші: 1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

2- жүргізуші: 1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

1-жүргізуші: 1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

2-жүргізуші: 1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

1-жүргізуші: Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев қазақстан халқына жолдау жолдап келеді. 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

2-жүргізуші: Осы жолдау аясында Елбасымздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласы жарық көрді.

1-жүргізуші: Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады.

Мәңгілік ел-рухани жаңғыру

«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс-біздің дамуымыздың еңбасты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек»

Н.Ә.Назарбаев

«Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі», «Мәңгілік ел бастауы-рухани жаңғыру»... Бұл аталған ұрандардан басқа қаншама айтылғандары бар. Бәрі де дұрыс,орынды. Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасынхалық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.

Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі –ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тартукерек». Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім культін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.

Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.


1-оқушы: 1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2- оқушы: 2. Прагматизм

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3- оқушы: 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4- оқушы: 4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

5- оқушы: 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.

6-оқушы: 6. Сананың ашықтығы

Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

Ән:Атамекен

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Қазақстан, замананың заңғарында,

Халқыма мекен болған жайлауың да.

Алатау ақ самайлы басын иген

Қайратты қарт Қаратау қойнауында.


Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала – Қазақстаным.


Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.

Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,

Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер , Қазақстаным.(Зейнеп Ахметова)

Қазақстан өлкесінің кеңдігін

Өлшеп жатпай өзгелерше мен бүгін,

Оңай ғана ұғындырып байқайын,

Болмашы бір белгілерін айтайын

Қысты күні бөлмеңізде пеш қызып,

Көрінгенде сол қызудан кеш қызық.

Жанған отқа сүйсіне зер салыңыз.

Қазақстан көмірі деп таныңыз.

Туралғанда ақ мамықтай бөлкелер,

Түспей ме еске астық еккен өлкелер,

Соның бірі Қазақстан - таныңыз,

Соның наны жеген осы наныңыз.

Дастарқаннан нарттай қызыл алманың

Қол созғанда таңдап бірін алғалы

«Қазақстан!» дей көріңіз, бауырым,

Өсіруші алманың ең тәуірін.


Сары аязда - сақылдаған ақпанда

- Адам тұсын, ағаш дір-дір қаққанда,

Ұмытпаңыз Қазақстан сыйларын

Жеткен сізге жылуымен пиманың.

Жапқан сайын әрбір үйдің тебесін,

Қаққан сайын әр есіктің шегесін,

Құрметтеңіз Қазақстан жерінің,

Өзендерше өрши аққан темірін.

Көк теңіздей толқын ата көпірген

Домбыра үні жетсе сізге эфирден,

Қабылдаңыз Қазақстан күйлерін

Қуантушы бақытты Отан үйлерін!

(Әбілда Тәжібаев)


Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
716
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12