400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Рухани жаңғыру жарқын болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Рухани жаңғыру жарқын – болашақ»

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Мұғалім:
Отан дейміз - от жаққан жерімізді,
Отан дейміз - өсірген елімізді.
Отан дейміз - туған жер, атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
Отаным менің кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!

Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Рухани жаңғыру жарқын – болашақ»

атты тарихи-зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

«Рухани жаңғыру жарқын – болашақ»

тақырыбындағы тарихи-зияткерлік сайысының кезеңдерімен таныс болыңыздар:

Сайыстың кезеңдері:

1 - кезең: «Туған ел - тұнған тарих». Тапсырмалар әр топқа беріледі, дұрыс жауаптарды оқушылар ретімен қойып шығу керек. Дұрыс жауап 3 ұпай.

2 - кезең: «Тарихи тұлғаларды тани біл!». Экранда көрсетілген тұлғалардың аты-жөнін тауып айту қажет. Дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады

3-кезең: «Келешекке кемел біліммен». Оқушыларға Тұңғыш Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Мәңгілік ел», «ҚР халқына Жолдауы», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларына байланысты сұрақтар қойылады. Оқушылар ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Таңдаған ұяшықтың саны, дұрыс жауап берген жағдайда ұпай санына қосылады.

4-кезең: «Біздің Елбасы». (Елбасының кісілік келбетін жазып, постер құрау, қорғау, 2-3 минут).

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Қапарова Әсел Махмұтқызы - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2. Жаманова Гулнар Құрмағалиқызы- тарих пәнінің мұғалімі

3. Кенжеғалиева Сәуле Қапсұлтанқызы-физика пәнінің мұғалімі

Жүргізуші:

1 - кезең: «Туған ел - тұнған тарих». Тапсырмалар әр топқа беріледі, дұрыс жауаптарды оқушылар ретімен қойып шығу керек. Дұрыс жауап 3 ұпай. 2 - кезеңнін қорытындысы бойынша ұпайы аз 1 топ сайыстан шығарылады. (Елім менің» әнін баяу ойнатып қою)


Дұрыс жауабы

Ретімен қойып шық

1992 жылы маусым

2

1992 жылы желтоқсан

3

1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған


6

1995 жылы 30 тамыз

5

1993 жылы 15 қараша

4

2017 жылы

10 маусым-10 қыркүйек

7

1992 наурыз

1

ІІ-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі

2 - кезең: «Тарихи тұлғаларды тани біл!». Экранда көрсетілген тұлғалардың аты-жөнін тауып айту қажет. Дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады. 3 - кезеңнін қорытындысы бойынша ұпайы аз 1 топ сайыстан шығарылады.

№

Тұлғаның аты-жөні

Қысқаша мәлімет

1

Д.А.Қонаев

1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

2

Жұмабай Шаяхметов

ақпан 1954 — мамыр 1955 Қазақстан Компартиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы

3

Мұстафа Шоқай

Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ ойшылы, ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері, Түркістан автономиясын құрушы

4

Мұхаметжан Тынышбаев

Қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.

5

Әлихан Бөкейханов

XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы

6

Н.Ә.Назарбаев


1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.«Ұлт көшбасшысы» ресми атауының иесі,тұңғыш Елбасы

7

Тұрар Рысқұлов

Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге ұсыныс жасап, хат жазған тұлға

8

Халел Досмұхамедов

Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.



Д.А.Қонаев

Жұмабай Шаяхметов

Мұстафа Шоқай

Мұхамеджан Тынышбаев

Әлихан Бөкейханов

Н.Ә.Назарбаев

Тұрар Рысқұлов

Халел Досмұхамедов


3-кезең: «Келешекке кемел біліммен». Оқушыларға Тұңғыш Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Мәңгілік ел», «ҚР халқына Жолдауы», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларына байланысты сұрақтар қойылады. Оқушылар ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Таңдаған ұяшықтың саны, дұрыс жауап берген жағдайда ұпай санына қосылады. 4 - кезеңнін қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 топ сайыстан шығарылады. Әр топ 2 ұяшық таңдайды.


Тақырып

Сұрақтар

Рухани Жаңғыру

10

20

30

40

Мәңгілік Ел

10

20

30

40

ҚР халқына Жолдауы

10

20

30

40

Ұлы даланың жеті қыры

10

20

30

40

І. Рухани жаңғыру

10 балл.

Сұрақ: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының авторы кім?

Жауап: Н.Ә.Назарбаев

20 балл.

Сұрақ: "Халық тарих толқынында" бағдарламасы қай жылы қабылданды

Жауап: 2013 жыл

30 балл.

Сұрақ: Ұлттық жаңғырудың басты шарты қандай?

Жауап: өз мәдениетін, өзінің ұлттық кодын сақтау

40 балл.

Сұрақ: XXI ғасырда кез келген қазақстандық ие болуы тиіс қасиеттерді атаңыз?

Жауап: компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық

ІІ. Мәңгілік ел

10 балл.

Сұрақ: «Ұлт жоспары - 100 қадам» - бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда Мәңгілік Ел идеясына арналған қандай қадамдар бар?

Жауап: 85 және 89 қадамдар

20 балл.

Сұрақ: Елбасының қай жолдауында Мәңгілік ел толығымен айтылды?

Жауап: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы

30 балл.

Сұрақ: Мәңгілік Ел идеясы негізінде біріктіруші құндылықтарды атаңыз

Жауап: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білім беру культі, зайырлы ел

40 балл.

Сұрақ: Жаңа Қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі болып табылатын құндылықты атаңыз

Жауап: Қазақстан Тәуелсіздігі және Астана

ІІІ. ҚР халқына Жолдауы

10 балл.

Сұрақ: ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланған уақыт?

Жауап: 5 қазан 2018 ж.

20 балл.

Сұрақ: Елді үшінші жаңғыртудың басты міндеті экономикалық өсудің жаңа моделін қалыптастыру болып табылады. Бұл жаңа модель бізге не береді?

Жауап: Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

30 балл.

Сұрақ: Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдайтын 2010 жылы қандай бағдарлама іске қосылды?

Жауап: «Бизнестің жол картасы-2020»

40 балл.

Сұрақ: Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасына қандай бағдарлама жаңа серпін берді?

Жауап: «Бір белдеу-бір жол»

ІV. «Ұлы даланың жеті қыры»

10 балл.

Сұрақ: Қазақстанның солтүстігіндегі энеолит мәдениетін атаңыз?

Жауап: Ботай

20 балл

Сұрақ: атқа міну кезінде қолайлылық пен тиімділікке ұмтыла отырып, олар бірінші рет киімді жоғарғы және төменгі бөліктерге бөлді. Шалбар кім ойлап тапты?

Жауап: Көшпенділер

30 балл.

Сұрақ: 1969 жылы табылған "Алтын адам" өнертанушылар-ғалымдар ортасында қалай аталады»

Жауап: Қазақстандық Тутанхамон

40 балл.

Сұрақ: Танымал жеміс - Сиверс алмасының отаны қай қала?

Жауап: Алматы

4-кезең: «Біздің Елбасы». (Болашақтағы Қазақстанның келбетін жазып, постер құрау, қорғау,2-3минут). Жұмыстың мазмұндылығы, оқушылардың шығармашылықпен, көркем тілмен жеткізе білу шеберлігіне қарай бағаланады.

Жүргізуші:

Білімнің мініп алып тұлпарына, 
Қиналмай шықты білім шыңдарына. 
Бүгінгі сайысымыз аяқталды, 
Сөз кезегі әділ қазы алқасына. 
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз береміз (қазылар алқасы сөйлейді, марапаттайды).

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.
Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі