400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың осы сөзі білім саласында жүрген, еліміздің ертеңгі ұрпағының тағдырының тізгінін қолына ұстаған ұстаздар қауымының басты ұраны, айқын мақсаты, орындар міндеті болып қала бермек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар ролі

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

«Ембі қалалық № 2 жалпы білім

беретін орта мектебі» КММ

Жумагалиева Айнагул Курманаевна

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас  ұрпақтың тағдыры -ұстаздың қолында»

  Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың осы сөзі білім саласында жүрген, еліміздің ертеңгі ұрпағының тағдырының тізгінін қолына ұстаған ұстаздар қауымының басты ұраны, айқын мақсаты, орындар міндеті болып қала бермек. Елбасымыз білім беру саласындағы жаңалықтарды да, өзгерістерді де бір сәт назардан тыс қалдырған емес. 2017 жылы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да, 2018 жылдың қаңтар айындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында да білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөлу керектігін, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс екендігін атап айтты. Елбасымыз алдымызда жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті атап өтті. Онда былай делінген: «Аталған міндеттің жетіншісі – Адами капиталдың жаңа сапасы. Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс. Бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттырылуы – негізгі мәселенің бірі болып отыр. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту. Қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін  еркін меңгеруінде. Келешекте  білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет. Білікті маман- елдің тірегі. Қазіргідей бәсекелестік дамыған заманда еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру кәсіби жетілу – уақыттың талабы екендігі тағы бір рет дәлелдеді».

Бұл- ұстаздар кауымының алдында рухани жаңғыру, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында жаңа міндет, жаңаша жұмыс, жаңа бағыт, әдіс қажет екендігін көрсетеді, яғни талап күшейе түспек. Мұндай жағдайда, рухани жаңғыру кезеңінде педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицяларының нақты болуы шарт. Қойылған шарт- педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру -әр мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және білім сапасын дамытудағы нәтижесіне байланысты. Осындай әрекеттерімізбен біздер, ұстаздар қауымы Елбасымыздың қанатты сөздерінің бірінде жазылған: «Менің арманым – Қазақстанның  Мәңгілік ел болуы» деген ізгі ниетін жүзеге асыруға атсалысып жатқанымызды ескеруіміз керек .

Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар ролі- бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, әлем азаматын тәрбиелеу, білім беру мазмұнын жаңарту, сапалы білім жарқын болашаққа негізделіп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдістермен ұштастыру, білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру, оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамыту,әлем стандартына сай білім беру,функционалдық сауаттылықты арттыру, тәжірибелік дағдыларды дамыту,мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру. Бұл бұрынғы «Қазіргі мұғалім қандай болу керек?» деген сауалға жауапиың түпкілі өзгергендігін көрсетеді. Рухани жаңғыру кезеңіндегі ұстаздарға тек шығармашыл, ізденімпаз болу жеткіліксіз, әр ұстаз қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болуы ,өз пәнін жақсы меңгеруі, әлеуметтік – экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін жетік меңгеріп, сонымен қатар жаңа зерттеулерді, болжамдарды біліп ғылымның жақын және алыс перспективаларын, оқушылардың алуан түрлі іс-әрекеттерін жобалаған кезде, оқытушы ұжымдық және жекелік шешім қабылдау үшін, жан – жақты міндеттер мен тапсырмаларды жас ерекшеліктерін  ескеріп, репродуктивті проблемаларды баяндау, шығармашылық, оқытушылық, дамытушылық және жаттықтырушы жақтарын ескеріп, проблемалы түсіндіру, эвристикалық әңгіме жүргізе білу, дискуссиялық жағдай жасай алу, интелектуалды-шығармашыл ахуал жасау,

зерттеушілік қызметін ұйымдастыра білу-баланың функцианалды сауаттылығын қалыптастыруды,оқыту процесіне жаңа  жобалар мен  озық технологиялар енгізілуінің мәні- жеке тұлға өз іс-әрекеттеріне дұрыс талдау жасап, өмірде маңызды мәселелерді  айқындай отырып, қиындықтан шығу жолдарын   таба  білуі керек. Қорыта айтқанда, рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар ролі, педагогтың тұлғалық бағдары негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.

Оқушылар ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, рухани ұлттық құндылықтарды бойға сіңірген елжанды, ұлтжанды, патриот болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдерге тынымсыз еңбектену керек. Өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. «Кімде – кім халқынан алмаса тәлім, оны үйрете алмас ешбір мұғалім» – деген болатын Ж. Баласағұн.. Ал Әл Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу» деген, ол ел  ертеңі білімді ұрпаққа ғана өлшенбек.  Мектеп  табалдырығын  аттаған жас  бала ертеңгі ел  тұтқасы десек, оларды  парасатты, саналы азамат етіп  тәрбиелеу- әрбір ұстаздың  борышы.  Әрбір  ұстаз қазіргі қоғам  талаптарын  ескеріп,  өзінің алдына  педагогикалық мақсатты қоя білетін, міндеттерді шешу,оқыту  мен  тәрбиенің  озық  технологияларын  меңгерген,  білім  беру  процесін  басқара  алатын, тәжірибеде  педагогикалық ситуацияларды шешу, оқушы  тұлғасының қалыптасуын дұрыс жобалай білу, білімді,  бәсекеге  қабілетті, шығармашыл …  тұлға  болуы  керек! Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар ролі зор, заманауи ідіс- тәсілдерді меңгеріп, өз ролін жоғары дәрежеде атқарған ұстаз ғана нағыз педагог болмақ.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.06.2019
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі