Материалдар / Рухани жаңғыру кабинетін ашу сценариі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру кабинетін ашу сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие ісі орынбасарларына кабинет ашу әзірлемесін дайындауға көмегі тиеді деп ойлаймын. Себебі, бізде аудан төңірегінде ашылғалы отырған тұңғыш кабинет болғандықтан осы әзірлемені жасауда біраз қиыншылықтарға тап болдым. Сол себепті біреулерге көмек болсын деп бөлісіп отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
1617
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Рухани жаңғыру» кабинетінің салтанатты ашылу сценариі


Өтілетін орны: №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі

Өтілетін күні: 12.04.2018

Өтілетін уақыты: сағат 1100


Флешмоб: Мəңгілік ел мақсатың,
Керектісі ұлттық код.
Прагматизм, бəсеке,
Білім басты назарың.


(Музыка ойнайды)

Фанфар


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында, "Тарихтың бүгіні - еңбек, болашағы - жасампаз, арманы - асқақ" деген ұранды ұстанып, ұлылардың ұлы ісі мен ізін жалғап, бүгінгі жас ұрпақтың рухани сусындайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 1 жылдық мерейтойына орай «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанатына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

2-жүргізуші: Қадірменді қонақтар! Өздеріңіз куә болып отырған салтанатты шарамыздың лентасын кесу үшін кабинетке жақындайық.

1-жүргізуші: Сонымен , бүгінгі «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу лентасын кесу рәсімі аудан әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғұжинов пен «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанған Павлодарлық жерлесіміз, жас өнерпаз Алексей Лодочниковқа  табысталады.


2-жүргізуші: Осымен, аудандық «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанатын ашық деп жариялаймыз.


1-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, бүгінгі аудандық «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанатының құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар:

1.___________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші: 2.___________________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші: 3.___________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші: 4.___________________________________________________________________________________________________________________________________






1-жүргізуші: 5.___________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші: 6.___________________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші: 7.___________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші: 8.___________________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші: 9.___________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші: 10.__________________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші: 11.__________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші: 12.__________________________________________________________________________________________________________________________________



1-жүргізуші: Көшбасшымыздың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек.
Бұл – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бас­тысы, мем­лекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи ру­хы­мызды жаңғырту.


2-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

2-жүргізуші: Кабинеттің негізгі мақсаты мен міндеті - оқушылардың рухани-адамгершілік дамуын қалыптастыру, Қазақстанның бірегей тарихи және мәдени мұрасын жүйелі түрде зерттеуге жағдай жасау, жас ұрпақтың патриоттық және азаматтық сана-сезімін қалыптастырудағы басты басымдықтарды айқындау.

1-жүргізуші:Кабинет миссиясы -  Қазақстанның патриотын тәрбиелеуге, оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ тілінің аудармасы», «100 Жаңа есім», «100 жаңа кітап», «Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне аудару» атты негізгі жобалар шеңберінде Павлодар облысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге ықпал ету.

2-жүргізуші: Құрметті қауым! Бұл кабинетте сіздер «Рухани жаңғыру» кабинетінің стандарты бойынша әзірленіп орналасқан негізгі стендтермен таныса аласыздар.

Оразалы: Бұл - «Жүз жаңа есім» стендіне қош келдіңіздер. «100 жаңа тұлға» жобасының мақсаты - өз туған елінің танымал адамдарымен танысу болып табылады.

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына Павлодардан жеті үміткер қатысып, ғылым, медицина, мәдениет, қоғам саласынан бесеуі жеңімпаз атанды. Олардың бірі бүгінгі біздің салтанатты шарамыздың құрметті қонағы Алексей Лодочников  - қазақстандық жас домбырашы,әнші.

Алексей қазақ тілінде жетік сөйлеп қана қоймайды, домбырада керемет ойнайды және де өзінің жастығына қарамастан кітап жазады.

1999 жылы Ақсу қаласында дүниеге келген. Қашырдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат – музыкалық колледжінің «Домбырамен халық әндерін орындау» бөліміне түседі. 2014 жылы Алексей Екібастұз қаласында бірінші рет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында өнер көрсетеді. Бұл Алексейдің өміріне үлкен ынта берді. Көп кешікпей ол республикалық және облыстық музыкалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі болды.

Ал, енді,сөз кезегін Алексей өзіңізге берейін.


Үміт: «Ертіс-Баян өңірінің киелі жерлері» блогына қош келдіңіздер. Бұл стендте Ертіс-Баян өңірінің киелі жерлері бейнеленген.

Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Қоңыр әлуие үңгірі, Жаяу Мұса зираты, Жасыбай батыр қабірі ,Кемпіртас Баянауыл жерінде орналасқан

Екібастұз өңірінде орналасқан Исабек Ишан Хазірет кесенесі, Ақкөл-Жайылма, Ақбидайық петроглифі .

Хазірет Ғабдылуахит кесенесі Шарбақты ауданы Арбиген ауылының Шалдай орманында орналасқан.

Ертіс ауданының аймағында орналасқан Таймас әулие кесенесі, Түгел батыр мен Байсерке абыз зираты Ертіс ауданы Сілеті округіне қарасты Қызылағаш ауылына таяу жердегі Жуантөбе басында орналасқан. 1995 жылы құлпытас  орнатылған.Бүгінгі күні осы Ертіс ауылында Түгел батыр мен Би Байсерке абыздың атында көшелеріміз бар.

Таймас әулиенің азан шақырып қойған есімі – Батақара. Жаугершілік заманда елді дұшпаннан азат етуге өлшеусіз үлес қосқан қыпшақ руынан шыққан атақты Түгел батырдың ұлы. XVIII ғасырдың ортасында өмір сүрген Таймас әулие, болашақты болжай білетін көреген даналығымен, дертіне дауа іздеген талай науқастың жанына шипа дарытқан емшілік қасиетімен елдің есінде қалған. 2012 жылы әулиенің ұрпақтары баба рухына арнап кесене орнатып, басына тас белгі қойдырған.


Жазира: Рухани жаңғыру өлеңімен бастайды.

Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,

Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.

Ұлттық кодым – менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.


Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың,

Бұл жаңғыру – астанасы ләззаттың.

Жалғаны көп сахнасында жаһанның

Мәдениетін мойындату қазақтың.


Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын десек сауатты.

Құрметті қауым! Бұл қабырға тұтастай «Рухани жаңғыру» деп аталады. Эпиграф ретінде Елбасының керемет сөзі жазылған. Дәл төрде рухани жаңғыру символы – түрлі-түсті қыран құсының биікке самғаған бейнесі. Құс бейнесінің түрлі-түсті болуы оның қасиетінде және мемлекетімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің достығын білдіреді.

Дәл осы құс бейнесінің жаныңда ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында атап өткен тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың алты бағы­ты көрсетілген.

Олар:

Бәсекелік қабілет

Прагматизм
Ұлттық бірегейлікті сақтау

Білімнің салтанат құруы

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

Сананың ашықтығы.

Осы айтылған бағыттардың ішінде төртінші бағытқа тоқталатын болсам, Білімнің салтанат құруы . Біздерге арнап айтылған. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін түсініп келеміз. Себебі, Елбасы : «құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»-деп атап көрсеткен болатын. Тырысып келеміз, Н.Ә.Назарбаевтың сенімін аяқ асты етпейміз деп сөз беремін.

Альмұхан: «Қазақ әліпбиінің тарихы» блогына қош келдіңіздер. «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасы -жаңа кестеде қазақ алфавитінің бірыңғай стандартты нұсқасына көшу үшін жағдай жасайды. (Іліпби тарихына тоқталады).

Оқу жылының басынан біздің мектепте осы жобаны насихаттау барысында әр сыныпта сынып жетекшілермен тәрбие сағаттары өткізілді. Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен диктант жаздық. Әлі де алда бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылады деген сенімдемін.


Айдана: «Ер-алыптарының есімдері» блогына қош келдіңіздер. Бұл стендте Павлодар облысының тумасы, батырлардың, ойшылдардың, ғалымдардың, Қазақстанның мәдениет қайраткерлерінің портреттері хронологиялық тәртіппен орналасқан. Әр қайсысының тұсында нақыл сөздері жазылған. Өздеріңіз көріп тұрған қоғам қайраткерлерінің ішінде біздің жерлес ақынымыз, Ертіс ауданының тумасы Иса Байзақов бар. Қаламынан талай жыр туындаған. Жыл сайын ауданымызда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жерлес ақындарымыздың рухына тағзым етіп, Аманжол, Мүбәрак, Иса оқуларын өткізу дәстүрге айналған. Ертіс ауданының барлық мектептерінен оқушылар қатысып, ақындардың өлеңдерін, нақыл сөздерін мәнерлеп оқудан, ақындарға арнау номинациясы бойынша, әндерін орындаудан сынға түседі. Мен үнемі ақындарға арнау номинациясына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келемін. «Құрғақ қасық ауыз жыртады» демекші,қазір де сіздердің алдарыңызда өздері болмаса да , көз алдымызда бейнелері қалған , арттарында шығармашылық бай мұрасы қалған осы атақты адамдарды өзімше жырыма қосып едім, оқып беруге рұқсат етіңіздер.

(Өз шығармасын оқиды)


Таласов Ернар: «Кітап – өмір ұстазы» атты стендіне қош келдіңіздер. Бұл блокта «кьюар кодтарымен» берілген жаңа кітаптардың тізімін таба аласыз.  Және де кез келген шығарманы таңдай отырып, ұялы телефоныңызға жүктеп алуға мүмкіндігіңіз бар. Мысалы , менің қазір мына кітапты оқығым келеді. Бұл кітапты ұялы телефоныма жүктеп алып, қолым бос уақытта кез-келген жерде оқып отыра аламын. Бұл қондырғының ең ұтымды және пайдалы жері, бұрынғыдай кітапханаларда отырып ұзақ уақыт кетірудің қажеті жоқ. Тек ұялы телефоныңызға плей маркет арқылы штрихкод бағдарламасын енгізесіз де, қалаған кітапты жүктеп алуыңызға болады.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Баршаңызды мына дөңгелек үстелге шақырамыз.

2-жүргізуші: Сөз кезегі аудан әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғұжиновқа беріледі.

1-жүргізуші: Келесі сөз құрметті қонақтарымызға беріледі.

2-жүргізуші: Мектеп директоры Айнұр Тоқтарқызы Сарсеноваға беріледі.

1-жүргізуші: Құрметті зиялы қауым, баршаңызға көптен-көп рахмет.Бүгінгі салтанатты шарамыз өз мәресіне келіп жетті.

2-жүргізуші: Келесі кездескенше сау сәлеметте болыңыздар!

(Ақырын музыка ойнайды)

(мектеп директоры А.Сарсенованың алғыс сөзі)

Бүгінгі салтанатты шараға жиналған қадірменді қонақтар, құрметті Серік Барлыбайұлы! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялағанына бүгін 1жыл толып отыр. Баршаңызды осы мерейтоймен құттықтаймын. Серік Барлыбайұлы, сізге қомақты қаражат бөліп, осы кабинетті ашуға ат салысқаныңыз үшін, әріптестерім атынан, мектеп ұжымы атынан ризашылығымды білдіремін. Аудан әкімі ретінде қол ұшын созып көмек көрсеткеніңіз үшін сізге көптен көп рахмет. Рухани жаңғыру кабинеті бос болмайды. Бұл кабинетте біз қазақ тілі, тарих, география, өлкетану сабақтарын өкіземіз. Одан қала берді, рухани жаңғыруды насихаттайтын сынып сағаттарын, дөңгелек үстелдер мен ғылыми конференцияларды өткізетін боламыз.Кабинет болашақта жас ұрпақтың тәрбиесіне өзіндік қомақты үлесін қосатынына сенімдімін. «Көппен көрген ұлы той» демекші, алыстан ат терлетіп келген қонақтарымызға да алғысым шексіз. Бұндай кабинет ауданымызда жалғыз болмасын, саны өсе берсін деп тілеймін. Ал енді, құрметті қонақтар, мына жерде тілек кітабы қойылған. Өздеріңіздің тілектеріңізді, бір ауыз жылы лебіздеріңізді жазып қалдырсаңыздар.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!