Материалдар / «Рухани жаңғыру» патриоттық тәрбие бастауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Рухани жаңғыру» патриоттық тәрбие бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
бөбекжай -бақшадағы "Рухани жаңғыру бағдарламасы" бойынша өткізілген іс-шаралар бойынша ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2019
860
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде патриоттық тәрбиелеу мәселесі бойынша педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру»

1 слайд Алпысбаева.Н.С № 61 б/б

Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мектепке дейінгі тәрбие мамандарына, олардың іс-тәжірибесінің қалыптасып, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына байланысты. Мектепке дейінгі ұйымда баланың жеке басының дамуын қамтамасыз етуші, маңызды тәлім -тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын істердің үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұмсындырушы басты тұлаға тәрбиеші болып саналады.

Бала тәрбиесінде тәрбиеші жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет ғұрыппен, салт

-сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс, әсіресе осы кәсіби біліктілік дағдыларын шыңдау олардың тәжірибе жинақтауының ең басты негізі болып табылады.

2- слайд

61 бөбекжай-бақшамызда 2017-2018 оқу жылының жылдық жоспарына сай және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын негізге ала отырып мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу бойынша келесі жұмыстар жоспарланып өткізілді. Ересек және ортаңғы топтарда «Қазақстан- менің отаным» «Қазақстан — тәуелсіз ел», « Қазақстан – көп ұлтты мемлекет» атты тақырыптарда тәрбиешілер балалармен тақырыптық тәрбие сағаттарын өткізді. «Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру» атты тақырыпта І санатты тәрбиеші Ибраева М.А семинар- практикум өткізіп озат тәжірибесімен бөлісті. Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған мереке «Тілім-менің байлығым!» атты тақырыбында ересек тобының тәрбиешілері музыка жетекшілерімен бірге музыка залында мерекелік іс-шара өткізді. Жоспарланып өткізілетін іс-шараға тәрбиешілер жауапкершілікпен қарап, іс-шараны балалардың ұлттық тәрбиеге деген қызығушылығын арттырып,саналы азамат болып тәрбиеленуіне мол жағдайлар жасайды.

Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі.Патриоттық тәрбиеге байланысты бақшамызда І санатты дене шынықтыру нұсқаушысы Байдаулетов.С «Мектепке дейінгі баланы ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу» өзін-өзі жетілдіру тақырыбы арқылы балаларды қазақ халқының ұлттық және спорттық ойындарын ойната отырып әр жас тұлғаны халқының патриоты болуға тәрбиелейді.

Бірінші санатты тәрбиеші Усенова М. «Халық ауыз әдебиеті арқылы баланың тілін дамыту» шығармашылық тақырыбы арқылы қайырымдылық, сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық, қамқоршылық, және т.б. ұғымдарды балаларға ертегілер мен қазақ халқының тәлім –тәрбиелік өлеңдерін түсіндіру арқылы меңгертеді.

3- слайд

Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерімізді патриоттық тәрбиені бойына дарыту мақсатында үлгілік оқу жоспарымызда бекітілген вариатвтік компонент бойынша ересектер тобында күннің екінші жартысында өтетін І сантты тәрбиешіміз Сулейменованың лицензиялық жұмысы «Мен үлкен елімнің кішкентай азаматымын» атты оқу әдістемелік кешенін ересек топ тәрбиешілері вариативтік қызметтерінде қолданады. Әдістемелік кешен он сегіз сағаттық тақырыпты қамтиды. Балалардың патриоттық рухын көтеру, өз отанына,туған жерге,еліне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында тақырыптар сараланып алынған. Сонымен қатар «Ұлт тағылымы» атты № 6 бөбекжай-бақша педагогтары Жунусова мен Кубекованың әдістемелік құралын пайдаланамыз. Тақырыптық жоспар 36 сағаттан тұрады соның ішінде үш негізгі тақырыптарды «Төрт түлік мал», «Ұлттық аспаптар», «Ұлттық кімдер» қамтылады. Әр ұйымдастырылған оқу қызметтеріне педагогтарымыз жақсы дайындықпен,көрнекілікпен балаларға қызықты және тартымды етіп өткізеді. Патриоттық тәрбиеге байланысты әр педагогтың АКТ бойынша презентациялары мен видеоролктерімен ,оқу қызметіне арналған түрлі танымдық дидактикалық ойындар мен флипчарттар жеткілікті.

4- слайд

Тәрбиешілеріміз қазақ халқының жыр дастаны мен ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатына орай «Даналық әліппесі» инновациялық сөйлейтін қалам топтаманы жұмыс барысында қолданады. «Даналық әліппесі» кешенінің кешенінің мазмұнына қобыз үні, домбыра күйі, бесік жыры,халық аңызы, халық ертегісі, халық тағылымы, халық жыры, нақыл сөз, билер сөзі,бабалар батасы енгізілген. Олар баланың жас ерекшеліктеріне сай рухани құндылықтар арнасында тәрбелеуге, дамытуға,қалыптастыруға бағдарланып бірізділік ұстанымы негізінде біртұтас күйде жүйеленіп берілген. «Даналық әліппесін» мекемемізде балаларды ұлттық құндылықтарды сақтауға, отанын,елін,тілін биік ұстау үйрету мақсатында тәрбиешілеріміз балалармен жұмыс жасау,яғни ҰОҚ және жеке жұмыс жоспарлау барысында қолданады. Аталған кешен он екі кітап және сөйлейтін қаламнан тұрады.Кітаппен жұмыс жасау нұсқаулығы арнайы кітапта көрсетілген.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шеңбеінде бақшамызда балаларымызға патриоттық тәрбие беру мақсатында елбасының атап өткен алты бағыты , шағын дөңгелек үстел шеңберінде мақаласы ұжымға түсіндіріліп, әр педагог өз ойын ортаға салды.

5-слайд

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жыл бойы өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылды. «Тәрбие және білім» бағдарламаны іске асыру мақсатында «Өлкетану», «Саналы Азамат», «Отаным – тағдырым» атты шағын бағдарламалары арқылы мынадай іс-шаралар жоспарланып,өткізілді..

6-7 слайд

Ересектер «Қызғалдақ», «Салтанат», «Айналайын» топтары ата-аналарымен «Отан отбасынан басталады» жанұялық сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайыста «Салтанат» тобының ата-аналары өз ұлтының нағыз жанашыр,патриоттары екенін танытты. Сайыс бес кезеңнен тұрды. Осы жеңіске жеткен жанұя өздерінің отбасылық құндылықтарын, шеберлігі мен өнерін көрсетті.

Жоспарланып өткізілетін іс-шараға тәрбиешілер жауапкершілікпен қарап, іс-шараны балалардың ұлттық тәрбиеге деген қызығушылығын арттырып,саналы азамат болып тәрбиеленуіне мол жағдайлар жасайды. Қазіргі қоғамдағы әр педагогтың міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Дене шынықтыру нұсқаушылары Байдаулетов пен Нурбаева ортаңғы топтар,ересектер тобы арасында отбасылық «Толағай» атты спорттық сайыс өткізді. Сайыс барысында тәрбиеленушілерге ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Тәрбиешілер баланың бойында рухани сана-сезімді тәрбиелеу арқылы өздерінің педагогикалық құзіреттілігін арттырып отырады. Баланың бойында патриоттық сана-сезімді тәрбиелеу арқылы жас тұлғаның бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады.

8-слайд

«Тәуелсіз ел - Қазақстан рухани жаңғыру жолында» атты мерекелік іс-шараларды музыка жетекшілері өткізсе,ал кіші топтардың тәрбиешілері тәрбие сағаттарын өткізді. Барлық жас ерекшелік топтар «Бұл менің сәулетті Қазақстаным!» атты тақырыпта сурет салып, көрме ұйымдастырды. Дене шынықтыру нұсқаушылары Байдаулетов.С.А «Хан талапай» ортаңғы ,ересек тобымен өткізілсе, ал Нурбаева.Б.Е «Асық ату» ұлттық ойыны екінші кішітоптар арасында өткізді. Ойын барысында балаларға ұлттық ойынның ойналу жолы түсіндірілді. Асықтың ұсақ малдан алынатыны туралы түсінік берілді. Асық ату ойыны кезінде балалардың мергендік қасиеттері,дәл тигізу,топпен ойын ойнау, ұлттық ойынды құрметтеуге тәрбиеленеді.

Бақшамызда балалардың жас ерекшеліктеріне сай перспективалық жоспарлар өтпелі тақырыптарға байланысты құрылған. Өтпелі тақырыптар маусымдық өзгерістер мен өлкеміздегі өтетін мерекелерге байланысты тақырыптармен қамтылған.

9-слайд

Жоғары санатты музыка жетекшіміз Есенова де патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөледі. Бақшамызда шығармашылық саласын тиімді және қолайлы,тартымды өткізуге қазақ халқының ұлттық ұлдар мен қыздар киімдері, әр ұлттың украйн,өзбек, белорус,орыс,қытай,армян балаларға арналған киімдері бар.Сонымен қатар тәрбиешілерімізге арналған ұлттық көйлектер мен әр мерекеге арналған кейіпкерлердің костюмдері жеткілікті. Қойылымдарға арналған ертегі кейіпкерлерінің тәрбиешілер мен балаларға арналған киімдері заманауи талаптарға арналып тігілген. Қалалық «Күзгі сәнді киім» байқауына арнап педагогтарымыз ұлттық киімді өз қолдарымен тігіп, ІІ орынға ие болды. Музыка жетекшілері мен хореограф балаларға ұлттық киім кию арқылы оны барша көрерменге көрсете білу шеберлігін үйретті.Балалардың бойында ұлттық кімге деген сүйіспеншілік пен ұлттық сананы тәрбиеледі.

10-11 слайд

Мамандар мен тәрбиешілер толеранттық тәрбиеге де аса мән береді. Үш тілде білім –жаһандық өмірге жолдама атты тақырыпта ғылшын тілі мұғалімі Туебаева.Д.К , Садикова.З.Б және тәрбешілер ересек және ортаңғы топтар арасында ертегілердің үш тілде қойылымы қойылды.

Ортаңғы топтарда «Қызыл телпек» орыс халқының ертегісі қойылымы көрсетілді. «Кім мяу деді?» ертегісі қазақ,ағылшын тілінде қойылды. Ал ересек топтарда «Мақта қыз»ертегісі қазақ тілінде сахналанды, ал «Лиса и волк» ертегісі орыс тілінде қойылды, Қазіргі заман талабына сай үштілділікті дамыту мақсатына сай осындай іс-шара жоспарланып өткізілді. Қойылымға қатысқан кейіпкерлер көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлап, өздерінің үш тілде ертегі желісін көрсете білетіндіктерін байқатты. Республикалық деңгеде сырттай өткізілген ертегі қойылымына «Сыпайы қасқыр» атты ертегінің видеосы жіберілді.Ортаңғы топ тәрбиешісі І санатты Жумабаева.А.К қазақ халқының салт-дәстүрлері «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу» көрсетілді. Ата-бабамыздан аманат болып келген бұл дәстүрлердің мән мағынасы тереңде. Соның ішінде қырық санына ерекше мән бергеніні, қасиетті деп санаған. Қырқынан шығару арқылы сәбиді күміс салынған сумен тазартып, шаш тырнағын алып, жаңа киімдер кигізу арқылы баланың ары қарай азамат болып кететініне көз жеткізген. Осы дәстүрлерді көрсету арқылы балалардың өз ұлтының салт-дәстірімен таныстырып,оның тәрбиелік мәні ұйымдастырылған оқу қызметтерінде терең түсіндіріледі. «Ұлыстың ұлы күні!» атты тақырыпта ортаңғы,ересек топтары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

12-13-слайд

Әр жас ерекшелік топтар ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан көне бұйымдары мен зергерлік бұйымдарын қайта жаңғырту бойынша әр топ ұлттық бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 13 жас ерекшелік топ қатысты. «Ұлттық киімдер», «Ағаштан жасалған ұлттық ыдыстар», «Зергерлік бұйымдар», «Ұлттық оюлар», «Ұлттық аспаптар», «Ұлттық сувенирлер», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық тағамдар», «Ұлттық тәрбие» т.б Осы ұлттық бұйымдар мен жәдігерлік заттарды көру,таныстыру мақсатында балаларға көрме ұйымдастырылып,олар жайлы түсіндіріліп өтті. Тәрбиешілер үнемі өз жұмыстарына қажет болған кезде бір-бірінен алып, қолданып отырады.

14- слайд

Сонымен қоса педагогтарымыз республикалық, облыстық, қалалық, деңгейдегі сайыстарға қатысып кәсіби құзіреттіліктерін арттырып отырады. Байдаулетов Нұрахметова.С.М және Жұмабаева.А.К тәрбиешілеріміз «Наурыз - көктем мен жаңару мерекесі" атты облыстық шығармашылық жұмыстар байқауына тәрбиеленушілерін қатыстырып, дипломдарменмен марапатталды.

Абайдельдина.А.Ж облыстық «Алтынсарин оқулары» әдеби-педагогикалық оқу – марафонына қатысып, сертификатқа ие болды. Тасжанова.У «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «»Балабақша-балғындардың бақыты» байқауының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Бөбекжай-бақшамыздың жас мамандары Нурбаева.С мен Сартаева.С Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы-ел тірегі» байқауына қатысып сертификат алды. Меңгерушіміз Берсүгірова Зауре Кундекызыковна «Тәуелсіз қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі» үшін білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

15- слайд

Патриоттық тәрбиелеу мәселесі бойынша тәрбиешілеріміз бұқаралық ақпараттық басылымдарға өздерінің еңбектерін жариялап отырады. Жоғары санатты тәрбиешіміз Кабылдина.Г.Д Учительская плюс газетіне «Ел есінде мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле», «Тәуелсіздік жолы» атты тақырыпта, . «Ұлтымыздың қол өнерін мақтан етейік!» атты мақаласын ІІ санатты тәрбиешіміз Досымбаева .Г.С мақалаларын жариялады. Қостанай таңы газетіне «Балабақшадағы Наурыз мерекесі», «Келешек ұрпақ-ұлт болашағы» І санатты тәрбиешіміз Сулейменова, жас маманымыз Нұрбаева «Ұлттық ойындардың берері мол» атты мақаласын жариялады.

Қорыта айтқанда № 61 бөбекжай-бақша тәрбиешілері жыл бойы балаларға патриоттық тәрбие беру тұрғысында осы аталған жұмыстарды атқарып, кәсіби құзіреттілітерін арттырды. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!