400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру Тақырыбы: Жеті қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру Тақырыбы: Жеті қазына
Материалдың қысқаша нұсқасы


Акмола облысы

Зеренді ауданы

Шағалалы орта мектебі









Сыныптан тыс ic-шара

Рухани жаңғыру



Тақырыбы: Жеті қазына

3 А сыныбы









дайындаған: Заводхан Р.





2018ж.


Мақсаты:

Білімділік: Мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы идеясын ашу.

Дамытушылық: Оқушыларға берілген тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, бірін - бірі тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап

көрнекілігі: Жеті қазынаның суреті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық кезең

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Қазына дегенде көз алдымызға не елестейді?

Байлық, ақша, асыл тастар, алтын - күміс, сандықтағы бағалы заттар

Өлеңнің мағынасын ашу

Бейнет көрмей, дәулет жоқ.

Мал - дәулеттің байлығы

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстының байлығы

Күннен - күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Ыбырай Алтынсарин

- Өмірдің бар қызығы байлықта ма?

- Өмірі таусылмайтын, мәңгілік сақталатын қазына не нәрсе деп ойлайсыңдар?

- Жеті қазына туралы не білесің?



Жетілік ұғым

Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Аптада 7 күн. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктері. Қазақта 3,7,5 сандары киелі сан болып есептеледі. Жаңа туған нәрестенін шілдеханасы 7-ші күні жасалады. Қайтыс болған кісінің 7-сі беріледі. Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін біледі» дейді. Көкте 7 қабат, жерді 7 қат деп түсіндіретін сол ата-бабалар. Тіпті жұт 7 ағайынды деген сөздің де өзі тұрмыстық жағдайдың келіп туындайтын байлам! Әз Тәукеханның 7 жарғысы мен 7 қазына деген атаулардағы 7-лік санның тектен тек тумағандығы айқын. Қауіп-қатерден аман қалған адам үшін, не анасы, не жұбайының 7 шелпек пісіруі не садақаға 7 түрлі нәрсе таратуы да наным түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «7-ге келгенше жерден таяқ жейсің», «7 атасын білмеген-жетім» деген даналық тұжырымы, ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.

Жеті бірдей өренбіз,

Жеті шумақ өлеңбіз

Жеті түрлі бояумыз,

7 түрлі әуенбіз.

Мейлі бізді мақтама

Бірақ бекер даттама.

Сиқырлы есептер:1.Қандай жыл бір күнге ғана созылады. (жаңа жыл)

2.Бір орам шөпті жылқы 1 айда, ешкі 2 айда, қой 2 айда жейді. Үшеуі бірігіп қанша уақытта жейді. (Жарты жылда)

3.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандар ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі. (28 саны барлық айда)

4.Қай ағашта екі қабат қабық бар? (қайында)

5.Жетімге бір адам айтады «Мына көлді айналып өтсең әкең өледі, ал көпірдің үстінен өтсең шешең өледі» деді. Бала қай жермен өтеді? (ол жетім ғой)

6.Өзі менің әкемнің баласы, бірақ маған аға да, іні де емес. Бұл кім болғаны? (мен өзім)

7.Атасы 54 жаста ал немересі атасынан 45 жас кіші немересі неше жас кіші (54-45=9)

8.Екі әже, екі бала және немересі дастархан басында шәй ішіп отыр. Дастархан басында неше кісі шәй ішіп отыр? (3)

9.Бақтиярдың 4 ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бахтиярдың неше баласы бар? (5)

10.Үш ағайын келе жатады. Біреуі алды, екеуі артта, артындағы алдындағына жете алмай келеді. (көлеңке)

7 киелі сандары туралы не білгенін плакаттарға жазғызу.

Аптаның жеті күні

Бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, арғыкүні, азна, соңғы күн.

Жұмбақ

Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеуі (Аптаның 7 күні)

Жеті жұт

Құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала.

7 дегенім – жалау,

жүректегі алау.

7 дегенім-жейде

Кір болмасын кейде

7 жеңіс біздікі.

Жеті қат көк

Ай, шолпан, марс, сатурн, меркурий, күн, муштари

Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім.

Киюсіз тозған боз жетім

Иесіз қалған жер жетім

Басшысы жоқ ел жетім

Аққу қазсыз көл жетім

Жерінен айрылған ел жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім.

Қорытынды: Біздің абыз бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа ұлан-байтақ даланы, құс ұшырса қанаты талатын қазыналы жерді ақыл-парасат, ойлы да ралы адамгершілік қасиеттері арқасында ғана мұра етіп қалдарған. Олардың өнегесін ұлағат тұтқан ұрпақтары да өмір көшінде бабалар арманын жалғастырып өтейік.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.11.2018
872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі