Материалдар / Рухани жаңғыру –ұлт болашағы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру –ұлт болашағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Елдің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,азаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2021
406
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.Мақатаев атындағы №47 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пән мұғалімі Тукоякова Гульбану Боранбайқызы


Рухани жаңғыру –ұлт болашағы.


«Елдің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,азаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа» (Н.Назарбаев)


Мен Қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің ұрпағымын. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың, ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.

Тәуелсiз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi, ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер, ұлы реформатор – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың баспасөз беттерiнде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бүгiнде көптеген игi iстерiмiзге бұлақ бастау болып жүр. Елбасымыз өзiнiң биылғы халыққа арнаған «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауында: «Елiмiз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшiншi жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, бiз қайта түлеудiң айрықша маңызды екi процесi – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Бiздiң мақсатымыз айқын, бағытымыз белгiлi, ол – әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына қосылу» деген едi. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс деп мәлімдеді. Сонымен қатар әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті.



Қазақстан Республикасы – қанаты қатайып, кемелденіп келе жатқан мемлекет. Өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алғанына 29 жыл толып отыр.

Елдің тірегі – тәуелсіздік. Бұл жолда талай ұрпақ өз соқпағын танытты.

Тәуелсіз болу – ешкімге кіріптар болмау, өзіңнің "меніңді" таныту, гүлдену, көркею жолында ата-баба дәстүрі мен ізгі салттарын санаңа сіңіру, өз байрағыңды көкке көтеру. Бұл – кең ұғым. Тар ойлап санаңды сарсытуға болмайды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның дүние жүзіндегі мемлекеттердің ішінде төрден орын алуына бар күші мен жігерін, білімі мен төзімін көрсетіп, талайды тамсандырып келе жатқаны баршамызға аян. Отанын сүйген, жерін аялаған, анасын ардақтап, атасын сыйлаған қазағымның жері келер ұрпақ алдында рухы берік, азаматы азбаған, ырысы мен берекесі тасыған. "Қазақ" деген ұлы сөз тәуелсіз халықтың жері екендігіне еш күмән жоқ. Туған елдің кешегі өткен өміріне көз жүгіртсек, қазақ халқы жүрекке өшпес жара түсірген "Ақтабан шұбырында" заманда дүниеге Абылай бастаған Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Жанқожа, Жәнібек сынды тендесі жоқ қаһарман ұлдарды дүниеге әкелді. Батырларымыз атамекенді жанын салып қорғап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!