Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғырудың жарқын болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
22 ақпан күні 10-сыныпта ашық тәрбие сағатым өтті.Ашық тәрбие сағатым
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бекітемін»

МД тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С.Сулейменов.


САБАҚ: ашық тәрбие сағаты

Күні:

22.02.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Енсебаева Бибинур

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны: 9

Қатыспағандар:-

Сабақтың тақырыбы

Рухани жаңғырудың жарқын болашағы

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.

Нәтижесі

Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

Құндылықтар

Қазақ халқының қонақжайлылығын дәріптеу

Түйінді идея

Рухани жаңғыру болашаққа бағдар

Көрнекілігі

Слайд, видео, плакат, кеспе қағаздар, қажетті ресурстар т.б

Сабақ құрылымы

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Ынтымақтас

тық атмосферасын қалыптастыру

Тимбилдинг әдісі

Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1-топ «Жарқын болашақ»

2- топ «Дарынды ұрпақ»

3- топ «Асқақ арман»






Қағаз қиындылары

Сабақтың

басы



Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Мемлекет басшысы: «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»-деген. Ал біздің мақсатымыз жас ұрпақ өзінің білімімен,еңбегімен,өнерімен дәлелдеп, көрсете білу керек. «Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»
1-тапсырма: «Патриот деген ол ….» магнит тақтадағы ілініп тұрған плакатқа әрқайсысы келіп ассосация жасап жазып кетеді. Дереу екі минут

Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

Туған жерге деген ыстық сезім;

Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

Ана тіліне деген құрмет;

Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

Елдің тарихын құрметтеу;

Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

Заңға бағыну;

Үкіметті сыйлау;

2-тапсырма: Видеоролик көрсету.
(3 - топтың оқушылары өз ойларымызды ортаға саламыз! Қанатты, нақыл, рухты сөздерімізді айтуға болады.)
«Оқушылар сәлемдемесі»

Жәнібек: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Санжар: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
Еңлік: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!.
Ақниет: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Бәрі:
- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
- Мы патриоты нашей страны
- We are patriots of our countries


Сабақтың

ортасы

3-тапсырма: Миға шабуыл. «Сен білесің бе?»

1.Н.Назарбаев өз халқына ең алғаш жолдауды қай жылы жолдады?(1997 жылы)
2.Саммит қай жылы өтті және оған неше елдің басшылары қатысты?(2011 ж.56 елдің)
3.
Тәуелсіздікке неше жыл толып отыр?(26 жыл толды)
4.
Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан нешінші орында?(50-ші орында)
5.Н.Ә.Назарбаев қай жылғы жолдауында «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын» жасады?(2010 ж.қаңтарында)
6.Қазақстан алғаш рет қандай заң қабылдады?

(«Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы»заң)
7.
Осы заңның аясында үкімет қай саламен күрес жүргізіп жатыр?(Сыбайлас жемқорлықпен)
8.
«Қазақстан бизнес мүддесі үшін реформа жүргізуде көшбасшы»- деп қай жылы айтылды?(2010 ж)

4-тапсырма: Топтық жұмыс
1-топ:«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру»

Ментальды карта

2-топ: «Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"» шығармашылық экспо жайында мәлімет беру. Қолданып жатқан жобалар жайында мәлімет беру.

3-топ:«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» слайд жасап қорғау
















Плакат, А3, қажетті ресурстар.


Сабақтың

соңы


Кері байланыс:“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!

Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)

Алда әлі ұзақ жол,үлкен асулар бар.Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен

білім,талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып,мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.


Тілек ағашы



Қорытынды

Ән: «Туған жер» Пазылбекова Еңлік



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2018
569
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12