400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі. Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар Көрнекіліктер: ноутбук, нақыл сөздер, суреттер, плакат т/б. Мұғалім: Отан дейміз -от жаққан жерімізді, Отан дейміз -өсірген елімізді. Отан дейміз -туған жер, атамекен, Биік тау, орман тоғай көлімізді. Отаным менің кең байтақ Қазақстан, Аман өткен талай дүлей азаптан. Бар әлемді өз аузына қаратқан, Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?! Оқушылар, бұл өлеңде не туралы айтылған? Отан дегенді қалай түсінесіздер? (оқушылар жауаптары) Отан туралы тақпақ, мақал-мәтел білеміз бе?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі. Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар Көрнекіліктер: ноутбук, нақыл сөздер, суреттер, плакат т/б.

Мұғалім: Отан дейміз -от жаққан жерімізді, Отан дейміз -өсірген елімізді. Отан дейміз -туған жер, атамекен, Биік тау, орман тоғай көлімізді. Отаным менің кең байтақ Қазақстан, Аман өткен талай дүлей азаптан. Бар әлемді өз аузына қаратқан, Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!

Оқушылар, бұл өлеңде не туралы айтылған? Отан дегенді қалай түсінесіздер? (оқушылар жауаптары) Отан туралы тақпақ, мақал-мәтел білеміз бе?

Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.

«Ой қозғау» .Сұрақтар қойып, жауап алу.

1. Отан деген не?

2. Қазақстанның рәміздерін ата?

3. Қазақстан Республикасының Президентін ата.

Ту-Шәкен Ниязбеков Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков. Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.

Таныстырылым: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.

Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптасады.

Видеоролик көрсету.

«Өз еліме қосар үлесім» (3-топтың оқушылары өз ойларымызды ортаға саламыз! Қанатты, нақыл, рухты сөздерімізді айтуға болады.)

«Оқушылар сәлемдемесі»

1-оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. 2-оқушы: Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 3-оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге) 4-оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. 5-оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! . 6-оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы. «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)

Мұғалім сөзі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Постер қорғау. «Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру» «Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» Бәрі: - Біз өз Отанымыздың патриотымыз. -Мы патриоты нашей старны - We are patriots of our countries

Мұғалім: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры». -Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. -Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. -Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. -Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! -Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың айтқан керемет сөздері бар.

Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.



Тақырыбы: «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы»

Мақсаты:

Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. Көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.

2. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

3. видео Барысы: Әнұран орындалады.

1 - жүргізуші: - Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! «2» сыныбының оқушылары дайындаған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толып отыр.

2 - жүргізуші:

- Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!

1 - жүргізуші:

- Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас.

2 - жүргізуші:

- Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп түсінемін.

1 - жүргізуші:

-Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған Қазақстан қалалары арасындағы телекөпір бағдарламасын көруге шақырамыз.Телекөпірді Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде өткіземіз.

2 - жүргізуші:

- Ең алдымен бас қаламыз Астана қаласындағы қонақтарға сөз берейік, өйткені Астана- ел ордасы, біздің астанамыз ғой.

Астаналық қонақтар:

-Сәлеметсіздер ме! Біз Астана қаласынан сөйлеп тұрмыз. Астана

- Қазақстан Республикасының астанасы, әсем, жас қала. Астанада елбасы- Н. Ә. Назарбаев тұрады және жұмыс істейді.

- Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. - Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. 16-Желтоқсан- Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.

1 - жүргізуші: - Осы орайда бізге телефон шалғандар бар. Олар сіздерге телефон шалып жатыр:

-Елбасының қызметі ауыр ма?

Жауабы:

-Елбасы Қазақстан халқына жақсылық болсын, әрқашан да бейбітшілік болсын дейді.

2 - жүргізуші:

-Рахмет. Ендігі сөз кезегін Алматыдағы қонақтарға берейік. Солармен байланыс жасайық.

Алматылық қонақтар:

--Сәлеметсіздер ме! Біз Алматы қаласынан сөйлеп тұрмыз.

Алматы оңтүстік астана болып есептеледі. Бізде әйгілі Медеу мұз айдыны бар. Онда барлығы келіп коньки тебеді, дем алады.

- Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін, мәдениетін дамытамын деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді.

1 - жүргізуші: - Осы орайда бізге телефон шалғандар бар. Олар сіздерге телефон шалып жатыр:

-Желтоқсан оқиғасы Алматыда болғанын бәріміз білеміз. Оған кімдер қатысты?

-Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

2 - жүргізуші:

-Рахмет. Осы мерекеге 2 қаланың дайындаған іс-шарасын көрейік.

- Астана қаласына сөз береміз.

1-оқушы: Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным

2-оқушы:

Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім

3-оқушы: Тәуелсіздік таңы атты, Азаттықтың күні атты.

4-оқушы:

Тәуелсіздік алған ел, Егемен қазақ халқы.

Би: «Қамажай»- қыздар биі.

Ән: «Ойыншықтар»

-Алматы қаласына сөз береміз.

1-оқушы:

Он алтыншы желтоқсан Ел мерейі тасыған Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан

2-оқушы:

Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Ерекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күн

3-оқушы:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, Алдымызда барлық үміт ақталсын 4-оқушы:

Тату – тәтті бірлік болып қашанда Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Би: «Қамшы»- ұлдар шығады.

Ән: «Қошақаным»

1 - жүргізуші:

-Рахмет.

Көрініс: «Егемендік деген не?»

(Әжесі мен немересі . Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)

Немересі: - Әже, не ойлап отырсыз?

Әжесі: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: - Әже, өткен өмір деген не?

Әжесі: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Әжесі:

- Ендеше, тыңда балам, әжең бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атам,

Жинады ескілерден тарих хатын.

Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих.

Әжесі: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: - Әже, «Егемендік» деген не?

Әжесі: - Егемендік – «иесә мен» деген сөз,

Егемендік ел болудың белгісі.

Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,

Егеменді деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі

Міне «Егемендік» деген осы. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар, айналайын ұрпақтарым!

Оқушы:

Әр қазақтың есінде сақталады Желтоқсандық өрендер ақталады Ел намысын қорғаған сарбаздарым Ерліктерін мәңгілік сақталады.

-Осымен тәуелсіздік күніне арналған 2«В»сыныбының ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

Қорытынды: Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Ән: «Жаса Қазақстан».


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі