Материалдар / Рухани жаңғырудың жарқын жолы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сынып жетекшілеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2018
299
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағаты : Сынып жетекшісі: Шынтемирова Зәуре Күні: 30.11.2017 жыл Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғырудың жарқын жолы.

Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер, плакат т/б.

Мұғалім:

«Ой қозғау». Сұрақтар қойып, жауап алу.
1. Отан деген не?
2. Қазақстанның рәміздерін ата?
3. Қазақстан Республикасының Президентін ата.
Ту - Шәкен Ниязбеков
Елтаңба - Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Әнұран - Ш. Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
Таныстырылым: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)

Мұғалім сөзі:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Елбасымыз сонымен бірге Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында өзекті мәселелердің бірі ретінде салауатты өмір сүру,оны нсихаттау мәселелерін көрсеткен болатын.Салауатты өмір сүру дегеніміз не өзі? Ол – әлеуметтік тұрмысты жақсарту,бос уақытты тиімді пайдалану,денсаулықты сақтау және нығайту,сапалы тамақтану,зиянды әдеттерден аулақ болу.


Постер қорғау.

І – топ: «Денсаулық» тобы Салауатты өмір сүру дегеніміз не?

ІІ – топ: «Мәңгілік Қазақстан»тобы Рухани жаңғыру дегеніміз не?




«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру»
«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі


«Өз еліме қосар үлесім»
1 - оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
2 - оқушы: Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
3 - оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге)
4 - оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
5 - оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!.
6 - оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.


Қорытынды сөз:

Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!