15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
рухани казына
«РУХАНИ ҚАЗЫНА» БАҒДАРЛАМАСы
ІІ. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы
Ауданда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, басшылыққа алынды. «Рухани қазына» бағдарламасы 4 жоба арқылы жүзеге асырылады.
1) «Өнегелі құндылықтар»,
2) «Туған өлке мәдениеті»,
3) «Тарихи-мәдени мұра»,
4) «Жергілікті туризм».
«Өнегелі құндылықтар»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән берді. Осыған орай, ауданымызда бағдарламаға сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-маусым айының аяғына дейін бөлім бойынша рухани қазынамызды паш ету мақсатында 51 іс-шаралар өткізіліп, аудан көлемінде 1952 адам қамтылды.
1) «Өнегелі құндылықтар» бойынша 21 іс-шара, қатысушылар-600адам.
2) «Туған өлке мәдениеті» бойынша 13 іс-шара, қатысушылар-678 адам.
3) «Тарихи-мәдени мұра» бойынша 15 іс-шара, қатысушылар -554 адам.
4) «Жергілікті туризм» бойынша 2 іс-шара, қатысушылар-120 адам.
Ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету «Таза көше», «Таза ауыл» акцияларын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру мақсатында мәдениет, өнер қызметкерлері де біршама жұмыстар атқарды. Аудандағы барлық мәдениет нысандарының санитарлық тазалығы тұрақты бақылауға алынған. Ауданда өтіп жатқан көше тазалығы, мекеме ауласын көгалдандыру, тал егу науқандарына мәдениет қызметкерлері мен ауданымыздың ерікті жастары «ЖасҰлан» ұйымы белсене қатысуда. Барлық мәдениет үйлерінің алдына науқан кезінде 1200 түрлі ағаш көшеттері мен гүл көшеттері отырғызылып, өз аумақтарына тиесілі болатын көше жиектастары, шарбақтар ақталып, боялды. Мәдениет нысандарының қас беттерінің эстетикалық көркемдігі басты назарда.
«Жергілікті туризм»
Жергілікті туризмді дамыту мақсатында аудан әкімдігінің қолдауымен «Бұқаралық спорт жастар үшін» облыстық байқауы шілде айында өткізілді
Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен бірлесіп, жас ұлан ұйымының мүшелері қатысып «Аққулы жерінің жастары » атты мәдени-спорттық іс-шарасы тамыз айында өткізілді.
Аудандағы мектеп оқушылары мен жастарға туған жердің киелі орындарын, тарихи жәдігерлерін таныстыру мақсатында аудандық тарихи-өлкетану мұражайына, орталық кітапханаға, Абай ата ескерткішіне экскурция ұйымдастырылуда.
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мәлімет.
ІІІ.«Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Өнегелі құндылықтар» жобасы аясында 9 іс шара өтіп, 1300 адам, «Туған өлке мәдениеті» жобасы аясында 18 іс шара өтіп, 1250 адам, «Тарихи-мәдени мұра» жобасы аясында 13 іс шара өтіп, 950 адам, «Жергілікті туризм» жобасы аясында 2 іс шара өтіп, 600 адам қамтылды. Жалпы 4 жоба аясында 49 іс-шара өтіп, 4100 адам қатысты.
Аққулы ауданы бойынша «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында 14- қыркүйек және 6 қазан аралығында өткізілген іс- шаралар есебі.
14.09.2018 жылы Аудандық балалар кітапханасында оқырмандардың туған өлкесіне деген сүйіспеншілікпен ұлттық құндылықтарды қадірлеу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында « Аққулы өңірі» атты танымдық кеш өткізілді. Көне көз қариялар шақырылып, туған өлкенің шежіресін тарқатып әңгімеледі. Шараға 68 адам қатысты.
15.09.2018 жылы «Абай ата ескерткіші» атты тарихи саяхат өткізді. Саяхаттап барған оқушылар Абай ата ескерткіші жанында суретке түсіп, кітапханашы ескерткіш жайлы суретті көрме жасап, әңгімеледі. Шараға 33 оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты.
18.09.2018 жылы Сүткент ауылдық мәдениет үйі мен кітапхана бірлесе отырып жастарға өлкеміздің тарихи ескерткіштері мен мәдени нысандарды таныстыру мақсатында «Туған жер» жобасы дөңгелек үстел шарасы өткізілді. Шараға 57 адам қатысып, кітапша таратылды.
19.09.2018 жыл аудандық кітапхананың оқу залында елге, туған жерге септігін тигізіп, ерен еңбегімен ерекшеленген еңбек ардагерлерімен «Еңбегімен еленген ер ардақты» атты кездесу кеші өткізілді. Кешке ауданымыздың танымал құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлері шақырылды. Іс – шара барасында «Туған жерге тағзым» атты кітап көрмесі жасалынып, кітаптар оқуға ұсынылды. Аудандық мәдениет үйінің әншілері ән шырқап, жас ұлан ұйымының белсенді оқушылары жергілікті жазушы ақындардың өлеңін нақышына келтіре оқып оқырмандарға әдемі көңіл күй сыйлады. Қатысқандар саны – 65 адам.
19.09.2018 жылы Аудандық «Жастар Бастамалары Орталығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл мәдениет үйі қызметкерлерімен бірлескен түрде «Рухани жаңғыру - жастар таңдауы» атты пікіралмасу өткізілді. Шараға – 72 адам қатысты.
21.09.2018 жылы аудандық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау аясында «Асқақ арманды алаш ақыны» атты ақын С.Торайғырыовьың шығармалары насихаттаған жыр кеші ұйымдастырылды.
21.09.2018 жылы Жамбыл ауылдық кітапханасында жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында «Үш тілді білім беру- болашақ баспалдағы» атты пікірталас өткізілді. Шараға – 63 адам қатысты.
26.09.2018 жылы аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты газет – журналдар көрмесі өтті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау үшін БАҚ бетіне жарияланған материалдардан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қатысқан оқырмандар саны – 32 адам тамашалады.
05.10.2017 жылы Аққулы аудандық жалпы білім беру мектебінің акт залында «Рухани жаңғыру- жастар таңдауы» атты пікіралмасу 5-7сыныптар және ,8-10 сыныптар оқушыларының арасында өтеді. Мемлекет басшысының мақаласын кітапханашы Жарқын Матайқызы оқып оқушыларға тереңінен түсіндіреді. Пікір алмасу кешіне – оқушылармен қатар сынып жетекшілер және жас мамандар да қатысады
№ |
Жоба немесе іс-шара атауы |
Жобалық тапсырма берілген уақыт |
Орындалуы туралы қысқаша мәлімет |
Іс-шара өткен орны, уақыты |
Қатысқан оқушы саны |
Ескертпе |
|
|
«Аққулы өңірі» /тарихи танымдық кеш/
|
14 қыркүйек |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өз өңіріміздің киелі жерлерін насихаттау мақсатында ауылдық кітапханада танымдық кеш өтті. |
Жас ұлан ұйымы, аудандық балалар кітапханасы |
68 |
- |
2 |
«Алыстан мұнартқан
кесене»
|
15 қыркүйек |
Мемлекеттік маңызы бар ескерткіш саналатын «Абай Құнанбаев ескерткіші тарихын өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында тәрбие сағаты
|
|
33 |
- |
3 |
«Көне тарих іздері» /дөңгелек үстел/
|
18 қыркүйек |
"Туған жер" жобасы аясында туған өлке қылқалам шеберлерінің туындыларын жасөспірімдерге насихаттау мақсатында мектеп жанындағы «Мұражай» музейінде» өтті
|
Жас ұлан ұйымы, мұражай меңгерушісісағат 10.00 |
57 |
|
4 |
"Еңбегімен еленген, ер ардақты" еңбек ардагерлерімен кездесу кеші
|
19 қыркүйек |
"Туған жерге тағзым" жобасы аясында аудандық кітапхананың оқу залында кездесу кеші |
аудандық кітапхана сағат 11.00 |
65 |
|
5 |
«Рухани жаңғыру- жастар таңдауы» |
19 қыркүйек |
жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, ескірген салт- дәстүрлерімізді түлету мақсатында ауылдық «Жастар бастамалары орталығында. |
Жас ұлан ұйымы, Аудандық жастар «Еріктілер клубы» сағат 11,30 |
72 |
|
6 |
«Асқақ арманды алаш ақыны» жыр кеші |
21 қыркүйе |
ақын жазушыларды насихаттау барысында С.Торайғыров туралы жыр кеші аудандық балалар кітапханасының оқу залында өтті. |
аудандық балалар кітапханасы сағат 11.00 |
48 |
|
7 |
«Үш тілде білім беру- болашақ баспалдағы» пікірталас кеші |
21 қыркүйек |
100 жаңа оқулық, бағдарламася аясында Жамбыл ауылдық кітапханасында пікірталас ұйымдастырылды. |
Жамбыл ауылдық кітапханасы сағат 10.00 |
63 |
|
8 |
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» газет- журнал көрмесі |
26 қыркүйек |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау үшін аудандық орталық кітапханада кітап көрмесі өтті. |
аудандық орталық кітапхана сағат 11.00 |
32 |
|
9 |
Рухани жаңғыру- жастар таңдауы» пікіралмасу кеші |
5 қазан |
Рухани жаңғыру мақаласын оқушыларға насихаттау үшін аудандық балалар кітапханасында пікіралмасу кеші өтті |
аудандық балалар кітапханасы 10.00 |
21 |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген