Материалдар / Рухани келісім күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани келісім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
рухани келісім күніне байланысты сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан Облысы

Өскемен қаласы әкімдігінің «№47 жалпы білім беретін мектебі»КММ





















«Рухани келісім күні – бірлік пен тұрақтылық кепілі»

8 сынып

тәрбие сағаты











Сынып жетекшісі: Шаріпханов Т.Ш.














2020-2021 оқу жылы









Тәрбие сағаттың тақырыбы: Рухани келісім күні– бірлік пен тұрақтылық кепілі.

Мақсаты:

Білімдік: Тәуелсіз Қазақстанадағы конфессионалдық жағдай, діни сеним бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы тусінік беру.

Дамытушылық: Оқулық мәтінімен қосымша мәліметтерді пайдалану,ізденіп оқу, ғаламдық проблемаларды шеше алу, өз ойларын айту.

Тәрбиелілік: Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамада тұрактылықты сақтауға, тәрбиелеу
Тәрбие сағат түрі: жаңа білім беру.

Көрнекілігі: Видео материалдар

 (http://www.youtube.com/watch?v=BTGhTLZP8d8 )

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін талқылау, оқушылар өз ойын айтады.



«Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, сондықтан бізге діни фанатизм мен шыдамсыздық тән емес. Бұл рухани дәстүр, бұл кез келген құдай сөзіне жақындыққа жол ашу – Қазақстандағы дінаралық келісімнің басты негізі.»

Тәрбие сағаттың тақырыбын ашу.



ІІ. Негізгі кезең.

1.Қызығушылығын ояту.

Зайырлылық, толеранттылық сөздерін естігенде ойларыңа не түседі .

2.Мағынаны тану.

«3 жақты талқылау»

Мәтінмен жұмыс.



Не маңызды?

Неге?

Сұрақ








  1. Оқушы:

Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатының басты мәселесінің бірі

Діндердің бейбіт қатар өмір сүруі дінаралық диалог дінаралық қатынастағы толеранттылық

Қазіргі толеранттылық түсінігі 1789 жылы Францияда өткен құрылтайшылар жиналысындағы «Азаматтар мен адам құқығы декларациясында» көтерілген идея негізінде ағарту дәуірінің ойшылдарының көмегімен мақұлданған болатын. Бұл құжат сөз және ой бостандығын жария еткен алғашқы құжат саналды. 1995 жылы БҰҰ-ның Білім,Ғылым және Мәдениет Ұйымы толеранттылық жалпы құндылықтар мен сыйластық негізін қалаушы және әлемдегі түрлі діндер,мәдениеттерді дұрыс қабылдай білу ретінде танылған «Төзімділік ұстанымдарының декларациясын» қабылдады. «Философиялық сөздікте»: «Толеранттылық – өзге көзқарас,әдет,өнеге,ғұрыптарға төзімділік таныту.Толеранттылық түрлі халықтар мен ұлттар және діндер арасындағы қатынаста өте қажет.ол өз-өзіне сенімділік белгісі және өз ұстанымының сенімді түсінігі,басқа пікірлермен салыстыруға қорықпайтын және рухани бәсекелестіктен қашпайтын барлық идеялар үшін ашықтық белгісі» «Толеранттылық» термині ұстамдылық,сыйластық және әдептілік,түсіне және кешіре білуді өз бойына сіңіре алғандықтан кең мағынаға ие. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Діні күшті елдің іргесі берік», «Дін достыққа, бірлікке, болашаққа бағыттайды», «Ислам ізгілік ұрығын себеді», «Ел мен дін мұраты – ынтымақ пен бірлік» деп аталатын мақалаларының, атының өзі айтып тұрғандай, елдің бірлігі, діндер мен конфессияаралық татулық, халықтар достығы жайлы болып келеді. Солардың бірін- де: «Діндераралық түсіністік, сыйластық – уақыт талабы», – деп атап көрсетті Әбсаттар қажы.



2 Оқушы:

Ұлтаралық және дінаралық келісімніңҚазақстандық моделі

Мемлекет азаматтық қоғам діни бірлестіктер

Тәуелсіздік алған жылдардан бері біздің мемлекет бейбітшілікті нығайту және аймақта тұрақтылық орнатуға қатысты бірнеше бастамаларды ұсынды. 2002 жылдың қараша айында президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясындағы сөзінде барлық конфессияларды Еуразиялық дінаралық бейбітшілік пен келісім хартиясын қабылдауға шақырды.2003 жылдың ақпанында елбасының бастамасымен Алматыда мемлекеттің ресми және мұсылман,христиан, иудей,басқа конфессия өкілдері қатысқан бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясы болып өтті. Онда бейбітшілік пен тұрақтылық декларациясы қабылданды.Бұл құжатта «дін өркениеттер диалогын байланыстырушы болуы керек»,«бейбітшілік пен халықтың гүлденуі барлық діндер мен әлем мәдениетінің ақырғы мақсаты болып табылады» делінген.Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әрбір үш жылда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтті. 2003 жылы I Съезд, 2006 жылы II съезд, 2009 жылы III съезд, 2012 жылы ІV съезд өтіп, оған буддизм, индуизм, ислам, проваслав, католик, протестант, конфуцийлік және басқа да дін өкілдері үн қатты.

Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерін өткізу – ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қолда механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогін дамытуға Қазақстанның қосқан нақты үлесі.

18 қазан — Рухани келісім күні. Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді. Содан бері бұлкүн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі.

«Еркін жауап» стратегиясы.

— Бүгінде облысымызда қанша діни ұйым бар екендігін білесіңдер ме?

Қаншағибадатнысандарыбар?..

— Облысымыздашетелдікмиссионерлербар ма?

«Қазақстан – дінаралық келісім аймағы» деген сөз орамын қалай түсінесіңдер?

III.Ойтолғаныс.

«Бір айналым сөйлесім»

Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі.

  1. Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылған ТМД елдері арасындағы алғашқы мемлекет.

  2. Қазақстан Ассамблеясының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі өтті.

  3. Ислам,христиан,буддизм,иудизм діндерінің атақты жетекшілері Астана қаласын әлемдік діндер съезін жүргізуге болатын қала ретінде мойындады. Бұл елімізде ұлттық және конфессия аралық саясаттың халықаралық қауымдастықты қызықтыратын ерекше маңызды ұсыныстарды жасауына себеп болғанын дәлелдетеді.

  4. Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің жанынан ашылған діни істер комитетінің барлық облыстарда бөлімшелерінің жұмыс істеуі Ақтөбе облысы Әділет департаментінің діни істер жөніндегі бөлім «Дін және жастар», «секта дегеніміз не және діни секталардан қорғану». «Ақтөбе облысындағы діни ахуал және діни экстремизмнің алдын алу шаралары», «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру», «конфессияаралық келісімді нығайту» тақырыптарында іс-шаралар өткізді.

  5. 1992 жылы біздің республикамызда рухани келісімнің бірінші бүкіләлемдік дін конгресі өтті. Сол кезден бастап жыл сайын 18–қазан Қазақстанда рухани келісім күні ретінде аталып өтуде.

ІІІ. Қорытындылау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!