Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани Келісім тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани келісім туралы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Рухани Келісім

Мақсаты:
1. Ұлттық құндылықтарға негізделген ұлт болашағын ойлайтын баланың бойына Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған елдің тарихын білуге тәрбиелеу өз жерінің жетістіктерін біліп, тану,.

2. Айналадағы адамдарға құрметпен қарау, өз құқығын және қоршаған адамдардың құқығын сыйлауға, рухани, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слайд суреттер, қанатты сөздер

Тәрбие сағатының барысы:


Кіріспе:

Ұйымдастыру кезеңі?

-Үстелдің .стіндегі суреттерді таңдап алу, берілген суреттерді бір-бірімен қосып, топқа бөліну.

Негізгі кезең:
«Рухани Келісім» атты тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін 18-қазан «Рухани келісім» күні. Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз.
Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды.
Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасын­дағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі бе­рекелі күнге бірліктің арқа­сында жеттік. Елдің әлеу­меттік-экомикалық көр­сет­кіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел бас­қар­ған парасатты басшылар қашан да бірлік пен тату­лыққа аса мән берген.
Адамзат тарихында алғаш рет бір үстел басында рухани мәселелер толғандырған бүкіл дін өкілдері, рухани қоғамдық ұйымдар, танымал ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосты.
Қабылданған Манифестте I Бүкіл әлемдік Рухани келісім конгрессінің қатысушылары 18 қазан күнін Рухани келісім, жанжалдар мен қақтығыстарды бәсеңдету, татуластықты іздеу, адамдар арасында түсінушілікті орнату, мейірімділік және жақынға көмек күні ретінде қабылдауға шақырды.
Сол кезден бастап жыл сайын біздің елімізде 18 қазан күні – Рухани Келісім күні ретінде аталып өтіледі.
«Дінді құрметтеу үшін! Алауыздықсыз айырмашылық үшін! Мейірімділік үшін қызмет!» — бұл қағидалар Рухани келісім күнінің негізі болды. Рухани келісім күні руханилықтың, адамгершіліктің, толеранттылықтың және түсінушіліктің символы болып табылады.
1— оқушы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйем қабырлаған,
Бәрі маған «Отан!» деп сыбырлаған.
Жаным менің
Кеудемде жарық шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен…


Топпен жұмыс:

1 топ: Рухани келісім дегенді қалай түсінесіңдер?

2 топ: Адам қоғамда өзін қалай ұстауы керек?

1 топ. Татулық пен бірлік сөздернің мағынасы қандай?

2 топ. Қонақжайлылық қандай ұғым?

1 топ. Ауызбыршілік сөзінің мағынасы қандай?

2 топ: Достық пен сыйластық сөздернің мағынасы.



Қорытынды: Рухани келісім – біздің ұлттымызға тән  үлкенді сыйлау, отбасына құр­мет, балаларға  қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2024
144
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12