15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Русский язык как развивающееся явление
Сабақтың
тақырыбы: «Жарқырап күн көгімде, Жеңіс
туы желбіре!» Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де
ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды
тереңнен тануға баулу. Оларға патриоттық тәрбие
беру.Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру,
жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне
тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние
жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
Хормен:Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын кеңге ашқан. Тілегіміз-бейбіт күн, Ашық болсын кең аспан.

1-жүргізуші:Армысыздар,
құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі
қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында
қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы
тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы
өте жоғары. 2-жүргізуші:Бүгінгі тәрбие
сағаты Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен
әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен
офицерлер рухына,Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне
арналады. 1-жүргізуші:Олай болса
осында отырған барша қонақтарымызды 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнімен
құттықтаймыз! 1-жүргізуші:Тарих кеші
үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи
оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші
дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр
ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған
еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының
арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан
бері 72 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 72
жылдығы.
2-жүргізуші:Соғыстың
алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын
қорғады. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай
шайқасты. Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен
бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты
қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына 1 млн. 870 мың
қазақстандықтар болған. Айгерім:Дәл осынау
жадыраңқы жай күні Болса дағы қай ғасырдың қай жылы Ұлы Отаным
басым иіп бір минут, Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
/1 минут үнсіздік,
үнтаспадан жай ғана ән
естіледі/
1-жүргізуші: Батыр сөзінің мағынасын ашу
Елін сүйетін Жаудан қорғайтын Жерін сүйетін Қару жарағы бар
–Қандай батырларды білесіңдер? Оларға не себепті «Батыр» атағы берілді? –Бұлар кімдер? Олар туралы не білесің?
Ұлы Отан соғысына қатысқан
Қазақстандықтардың суреті Ақтілек:Қара бұлтқа
оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте!
Ғалымжан:Барша халық жеңіс күнін тойлайды, Жас сәбилер думандатып ойнайды. Ардагерлер көздеріне жас алып, Ұрпақтарының амандығын ойлайды.
Бексұлтан:Достық бізге тым ыстық, Бірлік-байлық, ырыс-құт. Жарқырасын күніміз, Жаса-жаса тыныштық.
Ақылбек:Атамнан да сұрадым, Көкемнен де сұрадым. Ағамнан да сұрадым, Апамнан да сұрадым. Тосты бәрі құлағын: — Дұрыс, — десті, — сұрағың! Бейбіт күні бәрі де —Жеңіс күні, шырағым!
Интерактивті
тақтадан Б.Момышұлы туралы материал
көрсетіледі:
2-жүргізуші:
Бауыржан
Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым
1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың
даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және
тактик. Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың
24
желтоқсанында Жамбыл облысының
Жуалы
ауданындағы Мыңбұлақ
ауылында
туған.
1-жүргізуші: 1941 жылғы күзгі, қысқы
кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап
шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен
аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты
ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери
жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының
қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы
болып табылады.
1-жүргізуші: Мен үш нәрседен қорқамын.
Өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан Өзінің немересіне
ертегі айтып бере алмаған ата мен әжеден Екі қазақтың бір бірімен
орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын депті
Ернар:Жеңіс келді қалама Жеңіс келді далама, Жеңіс келді әке боп, Жеңіс келді ән болып, Жеңіс келді алақай! Тоя жейтін нан болып.
Ақниет:Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Интерактивті
тақтадан М.Мәметова , Ә.Молдағұлова
туралы мына материал көрсетіледі:
Ақниет:Мәншүк 1922 жылы дүниеге
келген. Шын аты Мәнсие. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен.
Мәншүктің әкесі дәрігер болған. Мәншүк кішкентай кезінен «дәрігер
боламын» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен
аттанғанда 19- ға жаңа шыққан талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.
Майданға аттанғанда анасы «Жолың болсын, Моншағым!» деп шығарып
салады. Сөйтіп, қабырғасы қатпаған Мәншүк пулеметші болып
шығады. Дияс:Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржандай атамыз. Фашистерден Отанды Қорғап батыр
атанды
Ақарыс:Қосамыз біз өлеңге, Айтамыз біз ән қылып. Мәншүк әпке ерлігі, Ұмытылмас мәңгілік.
Бек:Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар.
Жаттап алғын балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.
Ұлболсын:Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
2-жүргізуші:Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. 1-жүргізуші: Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
2-жүргізуші: Әлия атындағы ескерткіштер 1.Новосокольники қаласы (авторы М.Айнеков) 2.Ақтөбе (Л.Рапутов, Е.Штамм) 3.Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б.Әбішев) 4.Әліпбайсай ауылы (Б.Әбішев) 5.Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен 6.Мәскеуде ескерткіш (Б.Әбішев) 7.Мемориалдық музейдегі бюсті (О.Шанов).
1-жүргізуші: Ә.Молдағұлова атындағы көшелер Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз, Астана қалаларында бар
Жансая:Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Пулеметті сөйлетіп
Қорғады алтын бесігін
Ұмытпаймыз өрлетіп
Мәншүк апа есімін
Рақымжан Қошқарбаев туралы
бейнематериал көрсетіледі:
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де
өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда
ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті
Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде
тікті.
Мадина:Күткен Жеңіс жарқ
етті сәуле шашып, Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып, Жауды жойып
батырлар елге оралды. Ата- анамен қауышты құшақ жайып. Мамыр келді
ағаштар бүрін жарып, Бейбіт өмір оралды күні
жарық.
Наурызбек:Сенің атың бір қуаныш, бір қайғы, Сен сыйладың шуақты күн, нұрлы айды. Мың- миллион боздақ болып арманды, Жылда бізге Жеңіс қолын бұлғайды.
Көрініс: Ортаға киіз басуға жиналған аналар шығады. Бір-біріне Салимаштың үйіне киіз басуға баратындарын айтып,Салимаштың үйіне келеді.Аналар ән айтып,әңгімелесіп отырып киіз басады. Осы кезде соғыстың басталғаны туралы радиодан дауыс естіледі.

Радиодағы дауыс: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс,соғысбасталды, Неміс басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасады.» Аналар жаман хабарды естіп, залдан шуласып шығып кетеді
Соғысқа аттануға дайындалған солдаттар (ересек тобының бүлдіршіндері) музыка әуенімен сап түзеп, залға кіреді: Командирі (тәрбиеші) солдаттарды дайындық жаттығулар жасауға тұрғызады

Ұранмен соғысқа аттану. Ұран: Отанды біз қорғаймыз Жаудың алдын ораймыз. Командир: Отан үшін алға! Солдаттар: Ура,ура,ура! Солдаттар залдан саппен жүріп шығып кетеді.
2-жүргізуші: Соғыс! Тек естілер жарылыс
дауыстары. Соғыста олар тек соғысып қана қоймай, қимай шығарып
салған ардақты ана, сүйікті жар, сәбилерін, Отанын, үйін де
естерінен шығармады.
Олар да, сағынды, сағыныштарын жеткізді.Солдаттар өзара әңгімелесіп
отырады.
Солдат
сағынышы: Баласы:«Майданнан хат» (үзінді): Хат
жазамын майданнан, Мейірімшіл ғазиз-анама «Жақыным-жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма? Көңілінде тілек, көзде жас, Екі қолың
жағаңда. Қасірет шегіп, қан жұтып, Сарғайдың ба санаға? Сағынған
соң мен ойлап, жүрегің оттай жана ма? Ет бауырың елжіреп, Қайғыра
берме балаңа. Ортада тылдағы
әйелдер диірмен тартқан, келі түйген,
тоқыма тоқып отырған аналар көрінісі
көрсетіледі.
1-жүргізуші
:Қаншама, күлкісіз,
қиындық күндер, ұйқысыз түндер өтіп жатты. Апаларымыз майданнан
ұлын, аға - інісін, жолдасын күтті, сөйте тұра, бала тәрбиелеп,
егін екті, Десе де,
Әр жүректе сағыныш, бір үміт Жеңіс деген Ана сөзі: Е,
бұл соғыс бірімізді де есеңгіретіп
жіберді-ау. Осы кезде таспадан
почташы қыздың келе жатқаны хабарланады.
Почташы қыз жүгіріп келеді. Почташы қыз:
Сүйіші, сүйінші хат келді. Аналар
дабырласып хаттың кімге келгенін
білуге асығады. Почташы қыз Күләйша
апаның баласына келген хатты беріп, басқада
ауылға хат апарып беретінін айтып
қоштасып кетеді.
Ана баласынан келген хатты ашып оқиды.
Анасы:«Майданға хат» (үзінді):
Құлыншағым аман ба? Қолыма тиді сенен хат. Хабарыңды есітіп, Қуанып
қалды ғаламат. Күніге тоқсан тілеймін, Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у, Жанымда ауыр жарақат. Суретің келді
хатыңда, Шекпен киген жалаңқат. Ерге лайық бес қару, Асыныпсың
автомат. Көзімнің жасы төгіліп, Ұйқыдан кетті рахат. Отаның үшін
қарағым, Арың қымбат жаныңнан. Хабарыңды жиі жаз. Өтпесін көп күн
арадан. Талқандап жауды аман қайт, Бұлт серпіліп көгімде. Жазылсын
жүрек жарадан!
Сол қуаныш
артынан радиодан соғыстың біткені
хабарланады.
Радиодағы дыбыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1945 жыл 8 май Совет армиясы неміс басқыншыларын кері шегіндірді. Жауынгерлеріміз елге оралады, залға соғыстан келген солдаттар кіреді. Алдарынан гүл шоқтарын ұстаған қыздар шығады. Аналар өз балаларын құшақтап, музыка әунімен барлығы билеп залдан шығып кетеді.
Бек:Сүйінші, халқым, сүйінші Беліңді бекем буыншы. Жеңдің жауды
күйрете Жасасын той мереке! Жылдар:Жеңіс деген
жақсылықтың сыңары Жігерленген құштарлықтың құралы Күрескердің
арманы мен ұраны Жылдар:Жеңіс, жеңіс
естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды. Ән: Көк тудың
желбірегені
Айкерим:Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болса!
Үйлер де құламайды
Ешкімде жыламайды
Бейбітшілік болса! Гүл шоқтарын қою: Қан майданда
қаза тапқан боздақтар қаһармандығын
мәңгі есте сақтап, ерлігіне бас иіп,
батырлар суреттерінің жанына гүл шоқтарын қояды.

Аружан:Бақытты болсын балалар Соғысты сүймес адамдар. Өркендей берсін қалалар, Гүлдене берсін далалар.
Мейрамгүл:Сен неткен
Отан-анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім, Болашақ ұрпағының бақыты
үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім.

2-жүргізуші:
Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні
өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз.
Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар.
Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз
ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде
бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған
дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!
1-жүргізуші
:Ардагерлер ерліктері
арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір
сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз,
жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің
жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр
болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін
аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға
мүмкіндіктер бар.



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген