400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Русский язык" После бала

Материал туралы қысқаша түсінік
После бала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

1В-бөлім XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания

Мектеп: Қ.Сыпатаев жом

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Арынбеков Марат Турганбекович

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

7.1.1.3 - Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония);

Сабақ мақсаттары

- Ағылшын саудагерлерінің үндістан жеріне саяхатын білу.

- Тарихи оқиғаларды интерпретациялауда өнер туындысын пайдалану арқылы ағылшындардың үндістан билеушісіне қалай айналғандығын жіктеу.

-Отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерге Еуропалық державалардың ықпалын анықтау

Бағалау критрилері

1. Ағылшындардың Үндістанды отарлау кезеңін картадан көрсетеді.

2. Өнер туындысын интерпретациялауда дәлелдеме келтіреді

3. АғылшындардыңҮндістанды отарлаудағы экспансиясы саясатының атайды

Тілдік мақсаттар




1. Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттарды анықтаңыз. монополия, сауда отаршылдығы, капитал, отар елдер, метрополия,Ост-Үнді компаниясы

2. Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Үндістан жерінің отар елге айналу себептер/факторлар мыналар: әлеуметтік/........................, экономикалық/, ........................ саяси/....................болып табылады.

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты өзгерістер / болды…

Бұл өзгерістер , өйткені…

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Құндылықтарды дарыту

Өзге елдің тарихына құрметпен қарауға баулу

Пәнаралық байланыстар

География. 7 сынып. Ұлы географиялық ашылулар


Бастапқы білім


Еуропа жеріндегі өнеркәсіп төңкерісінің мәнін, басталуы мен дамуын, индустриялды қоғамның белгілерін, әлеуметтік құрылымы туралы біледі.






Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин








Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру,оқушылардың көңілін сабаққа аудару

2.Қызығушылықты ояту:

«Жүректен-жүрекке» әдісі арқылы жағымды ахуал орнату.

Үй тапсырмасын сұрау.Ж:/ (жеке жұмыс)

«Доп лақтыру» әдісі

1. Жаңа заман кезеңінің басты ерекшелігі неде?

2. Алғашқы өнеркәсіп төңкерісі қай елде басталды?

3. Англиядағы өнеркәсіптік төңкерістің алғышарттарын ата.

.........................

ҚБ:/ (Қалыптастырушы бағалау) смайлик арқылы













доп

Сабақтың ортасы








Тапсырма 1.С:/ Сыныптық жұмыс. Ағылшын саудагерлерінің үндістан келуіне байланысты бейнематериал көрсетілімі.«Серпілген сауал» әдісі.

  • Үндістан жерін отарлауға жол ашқан саяхатшылар

  • Үндістан жерінің отарлауға түскен кезеңдері

  • А нглияның Үндістанға жүргізген саясатын анықтай отырып картадан көрсет




Дескриптор

  • Ұлы географиялық жаңалықтар дәуірінің еуропалықтардың шығысты отарлау саясатына айналғанын түсінеді

  • Үндістан жерін отарлау кезіндегі үш кезең «сауда отаршылдығы», «өндірістік капитал дәуірі отаршылдығы», « монополистік капитал дәуірінің отаршылдығы» кезеңдерін атап сипаттайды.

  • Отарланған елдерге еуропалықтардың жүргізген саясатын анықтайды, картадан көрсетеді

ҚБ:/ басбармақ арқылы

Тапсырма 2.«Галерея» әдісі Қолдану. Жұптық жұмыс.

Б ерілген суреттерді дереккөз ретінде қолдана отырып, ағылшындардың Үндістанды жаппай отарлауына әсер еткен жағдайларды жаз

Дескриптор

Ағылшындардың Үндiстан жерiн жаппай отарлап алуының негізгі үш себебін дәптерге түсіріп жазады

ҚБ:/ жұлдызша арқылы

3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу арқылы сұраққа жауап беру

ХІХ ғасырдың басында ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Үндістанды толықтай отарлады. Өйткені ол компания британдық үкіметтен Үндістанмен сауда-саттық жасауға ерекше құқық алған болатын. Үндістан жерінде өздерінің тірек пункттерін құра отырып, британдық Ост-Үнді компаниясы бұл жерден басқа еуропалық елдердің компанияларын ығыстырды. Бұл компанияға Үндістанда жергілікті тұрғындардан тұратын күшті әскер құрудың сәті түсті, оларды ағылшын офицерлері әскери тәсілдерге үйретті. Оларды сипай деп атады.1819 жылғы қарай Үндістанның орталық және оңтүстік жағы ағылшын отаршылдарының билігіне өтті. 1849 жылы солтүстікте Пенджаб әскері толық талқандалды. Осыдан кейін бүкіл үнді жері Ост-Үнді компаниясының билігін мойындады.

- Бұл мәтінде кімдер туралы айтылған?

- Ост-Үнді компаниясы Үндістанды отарлауда қандай құқыққа ие болды?

- Үндістанды отарлаудағы ағылшындардың мақсаты қандай болды деп ойлайсың?

- Ағылшын саудагерлері қалай Үндістан билеушілеріне айналды деп ойлайсың?

Дескриптор

- Мәтін бойынша айтылып отырған елдерді атайды.

- Ост-Үнді компаниясының Үндістанды отарлауда британ мемелекетінен алған артықшылығын біледі.

- Ағылшындардың Үндістанды отарлаудағы мақсатын айқындайды.

- Ағылшын саудагерлерінің Үндістан билеушілеріне қалай айналғанын дәлелдейді.

ҚБ:/ стикер арқылы




АКТ

Карта

мен жұмыс


























АКТ

Сурет

пен жұмыс

https://go.mail.ru/search_images?fr=main&sbmt=1530161909513&q=%D0%BA%D0%BE%D0%




оқулық

АКТ

https://go.mail.ru/search_images?fr=main&sbmt=1530161909513&q=%D0%BA%D0%






Сабақтың соңы








рефлексия

Бекіту тапсырмасы: «5-5-1» әдісі

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады .Соңында 5сөзді 1 сөзге қысқартады .Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.


  • Кері байланыс: “Сауалнама” тарату

  • 1.  Мен бүгін білдім…

  • 2.     Қиын болды…

  • 3.     Тапсырмалар орындадым.....

  • 4.     Көп тапсырманы орындадым…

  • 5.   Мен талпынып,тырыстым…









Сауал

нама парақшалары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі