400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

С. Алпысқызының туған күніне орай тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибие алмасу үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып,бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпасқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Әнұран:хормен

Көрнекілігі:


Өтетін орны:


Жүргізуші:
Армысыздар қымбатты ұстаздар,оқушылар! «Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», — деп  Сара  Алпысқызы айтқан екен.
Бүгінгі «Өзін- өзі тану» пәнінің негізгі авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне арналған «Жүрекке жол тапқан - мейірімді ана Сара Алпысқызы!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының гимні

Назарбаева Сара Алпысқызының өмірбаянымен таныстыру

Жүргізуші:
Ел баласын мәпелеп саялаған
Әр баланы жан тәнімен аялаған
Біледі үлкен кіші бар еңбегін
Бала үшін күш  жігерін аямаған.
Жайсаң жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман саулық тілейміз, Сара анаға - деп бүгінгі «Өзін өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндігіміздің ашылуы көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін бір бірімізге көтеріңкі көңіл күй тілейік!

Сәлемдесу сәті
Оқушылар хормен:

Иіліп сәлем бердік атқан күнге!
Иіліп сәлем бердік, қонақтарға!
Иәліп сәлем бердік ұстаз сізге!
Иіліп сәлем бердік ,достар бірге!

Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұра қалады. Бір біріне жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарап қолдарын созады.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)
Қарады саған да
Шуақпен төгіп нұр.



Жүргізуші:
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгін «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызының туған күні. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1ші қыркүйегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.

Жүргізуші:
«Өзін өзі тану» пәнінің балаларға, ата аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне деген қарым қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

Жүргізуші:
Сара Алпысқызы: «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын иегере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс» дейді.

Оқушы:
Өзің дара тұлғасың
Мен үшін өзің данасың
Мейірімді көзбен қарайсың
Айналайын Сара ана!
Ұқсайды дархан көңілің
Ұлан байтақ далаға
Ұсындың бізге мейіріммен
Өзін өзі тану сабағы
Берері мол  бұл пәннің
Мың алғыс саған айтамын.

Өзін - өзі тану пәні екен деп бүгінгі Сара Алпысқызының туған күні мен «Өзін - өзі тану» пәні апталығына орай өткізіліп отырған салтанатты кешімізді аяқтаймыз!



.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1034
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі