400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ш әріпімен дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ш әріпімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу- іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тексерілді:

Білім беру саласы: Каммуникация

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі

Мақсаты: Білімділік: Ш дыбысы әрпімен таныстыру. Буындап оқуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету, оқу дағдысы мен жазу икемділігін қалыптастыру.

Дамытушылық:.Есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту. Сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік:Алғырлыққа, ұқыптылыққа,  тәрбиелеу, Салауатты өмір салтына баулу.

Қостілді құрам:шана-санки,шырша-елка.

Көрнекіліктер:Слайд,ш әрпіне байланысты суреттер,сандықша

Негізгі бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушық


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.



Жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдастыру ізденуші










































Балалар,  мына  суреттен  нені  көріп  тұрсыңдар?

-Дұрыс,бұл түлкі  бүгін  сендерден  көмек  сұрап  келіп тұр.Қу  түлкі  ормандағы  барлық  аңдарды  алдап  кеткен  екен.Үйіне  барайын  десе,  сол  аңдар  жолына

тұрып  алыпты.

Балалар,  түлкіге  көмектесеміз  бе?

Өте  жақсы,  олай  болса  түлкіге  шытырман  жолдар  арқылы  үйіне  жетуге  көмектесейік.Ол үшін  жолда  түлкіні  күтіп  жүрген  аңдардың

  тапсырмасын орындайық .

1)«Аң  патшасы  арыстанның»

тапсырмасы

.Осы  уақытқа  дейін

өтілген әріптерді еске түсірейікші қане балалар.Әрбір

дыбысқа  сөздерден  мысал  келтіру. «Буын  қос»  ойыны:  а-та, а-па, а-ға, а-ра, а-ла,  а-уа.

2) «Қорбаңбай  аюдың»  тапсырмасы:

-Балалар,  аю тапсырмасын  қағазға  жазып  жіберіпті.

-Тыңдаймыз  ба?

-Хатты  оқимын .Онда, балалар, дыбыс  пен  әріптің  айырмашылығын  кім

айтып  береді? Мен    әлі   де  оқи  алмаймын.Дыбыс  деген не,  әріп  деген  не?



«Жолбарыстың тапсырмасы»

Балалар,  жолбарыс  бізге  «Алтын  сандықша»  беріп  жіберіпті.Сандықтың  ішінде  не бар  екенін табу  үшін  сендер  жұмбақтар  шешулерің  керек.

Жұмбақ  шешкілерің  келе  ме?(Сандықтың  ішіне Ш  әрпін салып  қоямын)

-Онда  мұқият  тыңдаңдар:

1.Тікен-тікен  тік  пісте,

  Қысы-жазы  бір  түсте. (Шырша)

2.Жас  кезінде қара орман,

Қартайған соң  ағарған.(Шаш)

3.Табаныма  байладым,

Қос  таяқпен  айдадым.(Шаңғы)

4.Жазда тынығады

Қыста  зымырайды.(Шана)

-Сонымен,балалар, -Айырға  аздап  ұқсайтын,

Сабы  жоқ бірақ ұстайтын.

Тарақты  еске салатын

Қайсы әріп, кім бар табатын?

-Ш дыбысы және әрпімен таныстыру. :  Ш әрпін алдымен ауада, жазып үйрену

«Қасқырдың тапсырмасы» дидактикадық ойын: «Не көрдім?» есте сақтау ойыны арқылы көген нәрселерін айтып шығу. Сөздерді буынға бөліп оқыту. ША – НА

ША – ҒА – ЛА, РАУ – ШАН


«Тиіннің тапсырмасы» Сергіту жаттығуын жасату;

                                 Бір, екі  үш.Бір,екі үш

                                Бұлшық  етте  күш.

                               Мен  ұшамын  кептерше

                              Еңкейемін  жерге  қолым

жеткенше.


«Қоянның тапсырмасы»- «Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы «Ш»дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықтай отырып сандықшаларға салу.

Шаш, ұшақ, шам, қылыш, моншақ, шағала, шот ,шар, пышақ, қаш.

Ш дыбысына қатысты сөз ойлату.

Сөйлем құрату.

«Ұшты, ұшты» ойыны

Ұшты, ұшты  шар ұшты,  ұшты, ұшты қар ұшты

Ұшты, ұшты шағала ұшты, ұшты, ұшты балға ұшты.

Ұшты, ұшты шаян ұшты, ұшты, ұшты қоян ұшты,

Ұшты, ұшты қаршыға ұшты, ұшты, ұшты шортан ұшты т.с.с.




-Түлкіні!








-Иә!


-Түлкіге қолымыздан келгенше көмектесеміз.



-Балалар өз білгендерін айтады.


Тәрбиешімен бірге ойын ойнайды.








-Тыңдаймыз!

-Балалар айырмашылықтарын айтады.

-Дыбысыты естиміз,айтамыз,әріпті оқимыз, жазамыз.




Ашып көрейікші апай




-


Балалар өздерінің жауаптарын айтады.

-Шырша

-Шаш

-Шаңғы

-Шана





-Ш әрпі


-Балалар мұқият тыңдап отырады.

-Апайдың сонынан қайталайды.


-Балалар дидактикалық ойынын ойнауға кіріседі.





-Сергіту сәттерін жасайды.






- Балалар дидактикалық ойынын ойнауға кіріседі

-Балалар өз ойларын айтады,суретке қарап сөйлем құрастырады.






-Балалар ұшты,ұшты ойынын ойнауға кіріседі.

Рефлексифті

түзетуші

Біз  түлкіні  аңдардан  құтқардық.Ол  өз  үйіне  жетіп  те  қалды.Түлкі  үйінің  есігінде  бізге  арналған

тапсырма  бар  сияқты.Хатты  алып  оқиық.

Онда:-Балалар, сендер мен сияқты  ешкімді алдамаңдар!Біреуді алдаған  дұрыс  емес.Мен  енді  ешқашан  ешкімді  алдамауға  уәде  беремін.Сендер  де  уәде  беріңдер, мына жаңылтпашты  үйден   жаттап  келіңдер:

Шаңқ-шаңқ  етіп  шағала,

 Шабақ  ілер  жағада.


-Бүгін қандай дыбыс және әріппен таныстық?
- Қандай аңдарға көмек бердік?
.-Сендерге тапсырмалар орындаған ұнады ма?.

-Жарайсындар балалар түлкіге үлкен көмек көрсеттіндер бәрінде ақылды балалар екенсіңдер!

-Сау болыңдар балалар!



-Тапсырмалары қиын болған жоқ

-Хатты оқынызшы

-Өзініздің қатенізді түсінгеніз жақсы болды.

-Бізде ешкімді алдамаймыз,бізде уәде береміз.

-Жаңылтпашты үйде жаттап келміз.




-Ш әріпмен

-Түлкіге

-Ия ұнады


-Рахмет апай!



- Сау болыңыз Апай!



Күтілетін нәтиже:

Ш дыбысы дауыссыз дыбыс екенін біледі.

Дыбыс,буын туралы түсінеді.

Ш дыбысына сөздер құрайды,сөздер арасында қолданады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі