Сабақтың
тақырыбы
|
С. Бақбергенов
«Құрманғазы»
|
Жалпы
мақсаты
|
Мәтін мазмұнын түсіндіре
отырып, Құрманғазы мен оның күйлері туралы мағлұмат беру, өз
бетінше білім алуға үйрету.
Жұптық, топтық жұмыс арқылы
сыни ойлауын дамыту.
|
Оқытудың
нәтижесі
|
Мәтін туралы ұғымдары
кеңейеді, өз бетінше білім алуға үйренеді,күй және қазақ күйшілері
туралы мағлұмат алады, сөздік қорлары
артады.
|
Негізгі
түйіні
|
Оқытудың жаңа тәсілдерін
қолдана отырып, негізгі ұғымды меңгерту. Топтық, жұптық жұмыс
арқылы бір-бірімен пікірлеседі, ой
бөліседі.
«Ыстық орындық» тәсілін
пайдалану нәтижесінде оқушының оқу үрдісіне қызығушылығын,
белсенділігін арттыру.
|
Жабдықтар
|
Флипчарт, бағалау парағы,
суреттер
|
Сілтеме
|
Әдебиеттік оқу 4 сынып.С.
Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р.
Базарбекова.
|
Сабақтың
кезеңдері
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру
кезеңі
5мин
|
Қорапқа салынған домбыра,
қобыз,жетіген аспаптарының суреттерін
таңдатады.
|
Суреттерді таңдап алады. Сол
арқылы топқа бөлінеді, әр топ топ басшысын сайлап,топ ережесін
құрады.
|
Білу
10
мин
|
Күй тыңдатады. Сұрақтар
қояды.
-Біз қандай музыканың түрін
тыңдадық?
-Күйді кім
орындайды?
-Қандай күйшілерді
білесіңдер?деген сияқты сұрақтар қояды.
|
Оқушылар сұраққа жауап береді,
сол арқылы ұпай жинап, бағалау парағына
қояды.
|
|
«Құрманғазы» әңгімесінің
авторымен слайд арқылы таныстырады.
|
Автор туралы мағлұмат
алады.
|
|
«Білемін Білгім келеді
Үйрендім» кестесінің 2 бағанын толтыртады. Жазғандарын
оқытады.
|
Құрманғазы туралы не
білетіндерін жазып, оқып береді
|
Түсіну
10
мин
|
3 бөлімге бөлінген мәтінді
топтарға таратады.
|
Оқушылар жеке, топтық жұмыстар
жасап,талқылап, талдайды. Түсінбеген сөздерін түртіп алып
отырады.
|
|
Слайд арқылы сөздік жұмысын
жүргізеді.
ЖИГСО әдісін
пайдаланады.
|
Топ басшылары орнында
қалып,қалған оқушылар басқа топтарға барып, бір- біріне
түсіндіреді. Топ ішінде ауыса отырып, бір- біріне
түсіндіреді.
|
Қолдану
5 мин
2 мин
|
Топтарға тапсырма
береді.
1-топ.1.Құрманғазы Динаға
қандай әңгіме айтты?
2. Ол әңгімеден Құрманғазының
өмірі жайында не түсіндің?
2- топ.1. Құрманғазының
анасына арнап шығарған күйі неге «Қайран шешем» деп аталған деп
ойлайсың?
3-топ.1. Құрманғазыны түрмеге
әкетер кездегі Динаның көңіл- күйі қандай
болды?
2. Құрманғазы Динаға
домбырасын не үшін қалдырып кетті деп
ойлайсың?
Сергіту сәтін
жасатады.
|
Топтар берілген тапсырма
бойынша жұмыс жасайды.
Берілген сұрақтарға жауап
береді.
|
Талдау
4 мин
|
Әңгімеге жоспар
құратады.
|
Құраған жоспарларын оқып
береді.
|
Жинақтау
3 мин
|
ББҮ кестесінің соңғы бағанын
толтыртады.
|
Соңғы бағанға жазғандарын
оқиды.
|
Бағалау.
6 мин
|
Көшбасшылықты анықтау үшін
барлық топ мүшелеріне ортақ тапсырма:
Құрманғазы туралы эссе
жазғызады.
Бүгінгі сабақтың көшбасшысын «
Ыстық орындыққа» отырғызады.
Бүгінгі сабақ туралы пікірін
сұрайды.
Топ басшыларына топ
мүшелерінің жинаған ұпайын есептетеді.
|
Жазған эсселерін оқып
береді.
Мағыналы, мәнді эссенің иесін
анықтайды.
Көшбасшы мұғалімнің
сұрақтарына жауап береді.
Топ басшылары бағалау
параметрі арқылы топ мүшелерін бағалайды.
|