С-Ц дыбыстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

С-Ц дыбыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныбы мен даярлық сыныбына көмегі болады деген сенімдемін.Онда С мен Ц әріптеріне толықтай мағлұматтар бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Сыныбы: Күні: Пәні:

Сабақтың тақырыбы: С-Ц дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушыларға С-Ц дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Буын туралы түсініктерін кеңейту.Сөздерді тұтас оқуға,мәтін туралы өз ойларын айта білуге машықтау.Қолдарын жаттықтыра отырып, сауатты жазуға үйрету. Дамытушылық:С- Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.Тәрбиелік мақсаты: Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ойындар, суреттер.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

«Қайырлы күн» деп айтамыз, 
Түсте бірге қайтамыз. 
Отбасының гүліміз, 
Көңілді өтер күніміз. 

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

ІІ.Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз,

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

 

ІІІ.Жаңа сабақ.

Жұмбақ

Аяғын жерге тірей қалып,

Шеңбер сызды шыр айналып.

(Циркуль)
Білезікке қарайық. 
Ұқсайды оған қай әріп? (С әрпі) 
Ендеше, балалар біз бүгін С-Ц дыбысы мен әрпі туралы тереңірек 
танып,білеміз. 

Оқушыларды ц дыбысымен таныстыру.

Ц дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездеседі.

Ц дыбысына байланысты суреттер көрсетіп, оларды буынға бөлдіріп, ц дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.

Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау. 1.С дыбысы қандай дыбыс? 
Дауыссыз 
2. С дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? барлық жерінде  
3. «Дос» сөзінің қай жерінде С дыбысы орналасқан? Соңында 

Оқулықтағы тұтас сөздерді тақтадан оқытып, буынға бөліп, 
мағынасын түсіндіру. 
Сай- 1буын, су ағатын жыра. 
Сайман-2буын, еңбекке қажетті құралдарды айтамыз. 
Су-1буын,тіршілік нәрі. (сусыз өмір сүре алмаймыз) 
Суат-2буын, малдың су ішетін жері. 
Аспан-2буын,ашық аспан, табиғи дене. 
Аспап-2буын,музыкалық аспаптар.(гитара,домбыра,қобыз,т.б.) 
Саусақ-2буын.адамның дене мүшесі. 
(саусақпен біз қаламды ұстап әдемілеп жазамыз) 
Саумал-2буын,әлі бабына келіп аши қоймаған бие сүті. 
Асқар және Асқат-2буын,адам аттары. 


Мынау цирк. Циркте болмаған бала жоқ шығар. Ондағы сайқымазақтың өнері қандай? Үйретілген хайуанаттардың өнерін айтсаңшы. Осы цирк сөзі қандай дыбыстан басталады? Білесің бе? Бірге айтайық. Ц – Ц – Ц.

Цц – мынау ц дыбысының таңбасы. Баспаша түрі Ц дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен бояймыз. Ол тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады. Сөздерді мұқият тыңда. Ц дыбысы бар сөздерді есіңде сақта!













Сөздерді оқып, сөздік жұмыс жүргізу. Цирк, цех, цемент, авиация, офицер.

цифр

«Цирк» мәтінін оқыту.

 Мәтіннен неше сөйлем, неше сөз, неше әріп бар екендігін тапқызу.

Қадыр Мырза Әлінің «Клоунның сыры» атты өлеңін оқыту. Өлеңнің мазмұнын оқушыларға айтқызу.

Клоунның сыры

Циркте жұрт самсаған

Мәз болса деп жан салам.

Ду күлдірсем оларды,

Қуанамын мен соған.

 

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс. а) С-Ц дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.

ә)С- Ц әріпін ауада жазып көрсету.

б)С- Ц әріпінің үлкен және кіші түрлерін дәптерге жазу.

ІҮ.Сабақты бекіту.

Балалар, біз қандай дыбыспен

Ц қандай дыбыс? Дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

Ү.Сабақты қорыту.

«Ойлайық та, ойнайық!»

(Көп нүктенің орнына ц әрпін қойып, сөздерді оқы.

Жазылуын есіңде сақта)

 

 

 ҮІ.Бағалау:Оқушыларды мадақтап, марапаттау
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
1244
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі