400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

С дыбысы және әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
 сөздерді тұтас оқи алады, жаңа сабақта алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады. ауызекі сөйлеу тілі дамиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сауат ашу

Сабақ тақырыбы:

С дыбысы және әрпі

Мектеп: «№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні:

23.10.2019.

Мұғалім: Темирбекова Индира Бериковна

СЫНЫП: 1 «Ә»

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

1.1.4.1. мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрациясы бойынша болжау;

1.2.1.2. оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

Тілдік мақсат:

Асу, асау, суат

Ресурстар:

С дыбысынан басталатын заттардың суреттері, пазлдар, бетперде, перфокарталар, әріптер кестесі, қима әріптер, карточкалар, таратпа материалдар, қызыл және көк түсті қарындаштар, таяқ, конверттер, қима әріптер, АКТ, т.б.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: құрамында с дыбысы (әрпі) бар бір және екі буынды сөздерді жазып, буынға бөліп оқиды.

Оқушылардың басым бөлігі: сызба және сөздердің көмегімен мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: берілген мәтінді сахналап, жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар:

  • с дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс екенін, сөздің барлық буынында кездесетінін біледі;

  • сөздерді тұтас оқи алады, жаңа сабақта алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады.

  • ауызекі сөйлеу тілі дамиды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басталуы

3 минут

І. Шаттық шеңбері

(Ұ.ж.) Қайырлы күн, досым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн біз үшін

Сәттілікке толсын!

Топқа бөлу. Ортақ тақырып «Менің мектебім» болғандықтан «Мектеп», «Кітапхана», «Асхана» деп үш топқа бөлдім.


АКТ






Ортасы

6 минут



















5 минут

















7 минут











4 минут






10 минут

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Перфокартамен жұмыс.

(Д.ж.) 1-тапсырма «Кім шапшаң?» әдісі.

Сөзді анықта.

Дескриптор: ш дыбысы бар сөздерді айтады, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

ҚБ: «Көршіңе бір сөз таңда» әдісі.

*Сен жарайсың!

*Жауабыңа қанағаттандым.

*Мүмкіндігің одан да зор.

Саралаудың «Қарқын» тәсілі.

Қарқыны баяу оқушыға қосымша уақыт беремін.

Қарқыны жылдам оқушыға қосымша тапсырма беремін.

  • Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.

ІІІ. Жаңа сабақ.

(Т.ж.) 2-тапсырма «Суретті конверт» әдісі.

Пазлды құрастырыңдар. Шыққан сөздің бірінші әрпін атаңдар.

Дескриптор: суретті құрайды, с дыбысын атайды. Затты сипаттайды.

ҚБ: «Серпілген сауал» әдісі. (Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру». )

Саралаудың «Бағалау» тәсілі.

Әр оқушыны әділ бағалап, қажет болған жағдайда түзетіп отырамын. Сонда ғана педагог пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи алады.


(Д.ж.) 3-тапсырма «Дәптермен жұмыс»

  • Қолға қалам алайық, «С с» әрпін көркем етіп жазайық.

Дескриптор: с әрпін ауада және дәптерге жазады.

ҚБ: «Көршіге көмек» әдісі.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі.

  • Карточкадағы сөздерді көшіріп жаз.

  • Танысқан тоғыз әріпті ретімен жаз

ІV. Сергіту сәті:

1) «Дыбыстар сөйлейді» қимыл-қозғалыс ойыны (суреттердің көмегімен).

2) BILIM LAND-ке саяхат.


(Ұ.ж.) 4-тапсырма «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі. Мәтінмен жұмыс.

- Тыңда. Сызба және сөздердің көмегімен мәтінді оқы, сахнала.

Дескриптор: 1) сызба және сөздердің көмегімен мәтінді оқиды;

2) мәтінді сахналайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі. Оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы сұрақтар қоямын.


перфокарталар




АКТ









карточка




Сәукеле, сиыр, сағат пазлдары, с әрпі,

АКТ-да «С» дыбысынан

басталатын сөздер





С әрпінің баспа және жазба түрі, карточкалар





Бейнежазба


Таяқ, жылан бетпердесі



Соңы

5 минут


V. Кері байланыс

«Плюс, минус, қызықты»

1 сынып оқушылары әлі толық хат танымайтындықтан, кері байланыс ауызша жүргізіледі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі