Материалдар / С дыбысы мен әріпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

С дыбысы мен әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
С дыбысының үйрету
Авторы:
28 Тамыз 2023
208
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

17.09.2021

Сынып:

8 «Б» Сынып жетекшісі: Супабекова А

Тақырыбы:

«Отбасы-бақыт мкені»

Мақсаты:

Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу

Күтілетін нәтижелер:

  1. Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.

  2. Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.

  3. Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.

Қолданылатын ресурстар:

Интернет ресурстары, бейне жазбалар.

Көрнекі құрал-жабдықтар:

слайдтар, ұлағатты сөздер,түрлі-түсті маркерлер , ақ қағаздар,

Сабақтың өту барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру                   

Сәлемдесу.Оқушыларды түгелдеу.Топқа бөлу

Психологиялық даярлық. «Мен тілектеспін!»

 — Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер           

  айтайық. Ол үшін қолымыздағы гүлді бір- бірімізге  тілек айту арқылы

  ұсынып отрайық. (Оқушылар»мен тілектеспін!» ойыны арқылы бір-біріне

  бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау. 1-2-3 сандарын санау арқылы топқа бөліну

Сәлемдеседі.

Топқа бөлінеді.

Бір-біріне жақсы тілектер айтады.


Жаңа ақпарат


 Кіріспе: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті. Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Сабақтың ортасы

Сұрақ-жауап:

· Балдан тәтті не? (бала)

· Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

· Балаға кім сыншы? (ата-ана)

· Әкеден балаға беріледі (мұра)

· Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз қадірлі.)

· Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

· «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)

· Қаз да емес, үйрек те емес. Дастарханда болмайды. Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

· Әдепті бала ата – анасын мақтатар,… ( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).

· Ана сүтін ақтамағанды ,… ( ешкім мақтамайды)

· Үйінде ұл – қызы бардың,… (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

· Атаңа не қылсаң ,… (алдыңа сол келер)

· Ұяда не көрсең ,… (ұшқанда соны ілерсің)

2) Топтық жұмыс. Жағдаяттық тапсырмалар.
1-топ: Эссе жазу: «Бақытты жанұя – бақытты ел»

2-топ: Постер қорғау: «Бақытты жанұя – бақытты ел»

3-топ: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер дайындау, айту: «Отбасы», «Тәрбие», «Ата-ана», «Бала»










Оқушылар топтық жұмыс жасайды. «Отбасы» сөзінің мағынасын ашады.

Сұрақ-жауапқа белсене қатысады.























Оқушылар жағдаяттық тапсырмаларды орындайды.









Оқушыллар эссе жазады.

Постер қорғайды



Мақал-мәтелдер айтып жарысады.










Сабақтың соңы

























Кері байланыс

Қорытынды:
         Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Тренинг «Бір шаңырақтың астында» (әуен)

Шарты: обручті ортада қою. Балалар жан – жағына дөңгеленіп отырады. Бір саусақтарымен шеңберді жоғарға көтереді, бірақ өздері тізерлеп отырған бойы отыра береді.Сөйлеспейді. Сөйтіп, бұл тренингтің негізі бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп жатқынымыздың белгісі.



Кері байланыс

жасыл стикер – ұнады

сары стикер – жартылай ұнады

 қызыл – ұнамады
























Тренинг жаттығуын орындайды.







Оқушылар кері байланыс жасайды.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!